3.1-сурет. Электрлік емес шаманы өлшеуге арналған құрылым Өлшеу түрлендіргіштерінің тізбегі аралық жəне сəйкестендіргіш өлшеу түрлендіргіштерін енгізеді. Аралық өлшеу түрлендіргіші алдыңғы түрлендіргішінен өлшеу ақпаратының сигналын алады жəне оны түрлендірген соң келесі түрлендіргішіне береді. Мысалы, Өлшеу аспаптарында гальваникалық шешу тізбегі - өлшеу аспабының кіріс жəне шығыс арасындағы тікелей электрлік баланысты жоятын аралық түрлендіргіштер қолданылады. Сəйкестендірілген өлшеу түрлендіргіші алғашқы өлшеу түрлендіргішінің сигналын нормаланған шығу шамасына түрлендіруге мүмкіндік береді. Мұндай түрлендіргіштерді сонымен қатар нормалаушы деп атайды. Өлшеу түрлендіргіштерінің негізгі сипаттамалары. Өлшеу түрлендіргіштерінің негізгі сипаттамаларын қарастырайық. Түрлендіргіштің статистикалық сипаттамасы (функциясы) — бұл аналитикалық жəне графикалық тұрғыда сипаттауға болатын кіріс сигналының тұрақтыдан уақыт бойынша шығыс сигналына байланыстылығын көрсететін байланыс. Түрлендіргіш сипаттамасының аналитикалық түрінде y = f(x) сызықтық жəне сызықтық емес байланыстылығы түзіледі. Өлшеу түрлендіргіштері үшін белгіленген жəне Өлшеу түрлендіргішіне арналған номиналды түрлендіру функцияларын жəне түрлендіргіш шынымен де ие болатын нақтылықты (жұмыс) МемСТ-тармен, техникалық талаптармен жəне басқа да нормативті құжаттармен ажыратады . Түрлендіргіштердің динамикалық сипаттамасы кіріс сигналының өзгерісі кезінде уақыттан түрлендіргіштің шығыс сигналы өзгерісінің байланыстылығын танытады. Түрлендіргіштердің динамикалық қасиеттері түрлендірудің жылдамдығы мен уақыты сияқты түсініктермен сипатталады. Түрлендіру жылдамдығы (өлшеу) нормаланған терістікпен орындалған уақыт бірлігіндегі түрлендіру (өлшеу) санымен анықталады. Түрлендіру жылдамдығы (өлшеу) – түрлендіруден бастап (өлшеу) нормаланған терістігі бар нəтиже алғанға дейінгі өткен уақыт. Түрлендіргіш сезгіштігін шығыс шаманың кіріс шамасының осы өзгеруіне туындататын ара қатынасын атайды. Сезгіштік S = dy/dx = Ay/Ax түрлену функциясының туындысына тең жəне түрлену функциясының кез келген нүктесіне қатысты еңіс бұрышының тангенсімен геометриялық тұрғыда өрнектеледі. Сызықтық түрлендіргіштер үшін сезімталдық тұрақты— S = Δy/Δx = const, ал сызықтық емес үшін үнемі шығыс сигналының шамасына байланысты болады, яғни S = g(τ) функционалды тəуелділікпен өрнектеледі. Абсолютті, қатысты жəне келтірілген түрлендіргіш терістігі кіріс жəне шығыс бойынша анықталады, себебі кіріс жəне шығыс шамалары əр түрлі физикалық табиғатына ие сонымен қатар осының салдарынан жұмыс түрлендіргішін тексеруге мүмкін болатын өлшеу түрлендіргіші көбіне болмайды. кіріс жəне шығыс бойынша терістікті анықтау мағынасы. 3.2, а. сур. түсіндіріледі. Ay шығуы бойынша түрлендіргіштің абсолютті терістігі — х-тің көру шамасынлағы бір ғана мəні кезіндегі түрлендіру функциясының yF айқын жəне уном номиналды мəнінің түрлілігі:
3.2-сурет. Терістік сызбасы:
а —Х кіріс жəне У шығыс бойынша; б — аддитивті; в — мультипликативті