Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1. Электр монтаждау шеберханалары қандай рөл атқарады?
2.
Сендер қандай технологиялық желілерді білесіңдер?
3.
Жарықтандыру желілері сымдарын өңдеу және дайындау неге
негізделген?
4.
КМО-6 технологиялық желісі не үшін арналған?
5.
КМБ-4 технологиясы не үшін қолданылады?
6.
Арқын сымдарының технологиялық желілері қандай бөліктерден тұрады?
II.
1. Технологиялық желілерде қандай операциялар жүргізілді?
2.
МЭЗ не үшін арналған?
3.
КМО-3 технологиялық желі қандай механизмден тұрады?
4.
КМО-6 технологиялық желісі неден тұрады?
5.
КМБ-4 технологиялық желісі жиынтығына не кіреді?
6.
Арқан сымдарын дайындауға арналған технологиялық желі қалай
құрылған?
7.
Кабельдерді дайындауға арналған технологиялық желі неден тұрады?
III.
1. МС механизмі қалай жұмыс істейді?
2.
СЗ механизмінің әрекет ету қағидатын түсіндіріңдер.
3.
ЗК механизмі не үшін қолданылады?
4.
МРБ механизмі нені қамтиды?
3.5.
Электр монтаждау механизмдерін және құралдарды қолдану
ережелері
Механикаландырылған
құралдар
мен
шағын
механикалау
құралдарын дұрыс қолдану, оны күту, жұмыстағы орнатылған
режимдерді және оның майлануын сақтауға негізделеді.
Электр
машиналары
мен
электрлендірілген
құрал.
Электр
машиналарын жұмыс жүргізу кезінде қосар алдында стендідегі арнайы
құралдармен немесе олардың электрлі (оқшаулау кедергісі, жерге
тұйықталу және ақаусыздығы, кабель оқшаулағышының тұтастығы және
т.б.) мегометрмен, сонымен бірге механикалық бөліктері (бұрандалы
қосқыш бекіткішінің орнықтылығы, редуктордың ақаусыздығы,
мойынтіректердің майлануы және тісті берілістердің болуы, жұмыс
аспабының дұрыс қайралуы немесе орнатылуы) тексеріледі. Жұмысты
бастар алдында, машина кернеуінің желі кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіп, жерге тұйықталудың дұрыстығына және бос жүрістегі
машинаның жұмыс тексеру қажет.
Пайдалану барысында машинаның барлық тораптарында майлану
күйін қадағалап, қажет болған жағдайдаауыстыру керек. Электрлі
дәнекерлеуші машиналарды , әдетте жұмыстың әр 200 сағаты сайын
ауыстырады. Шарик тәрізді мойынтіректер мен тегершіктерді үнемі
89
майлау, мойынтірек ұяшығында орналасқан УС-3 орташа балқыған
майлағыш қорымен және екі айда бір рет қосылатын редукторда
қамтамасыз етіледі.
Электрлендірілген бір фазалы метал тұрқы бар машиналарды 220 В
тек, 1,5 мм² кем емес қимасы бар үш тарамды иілімді мыс сыммен,
жалпы қабықшада желіге тікелей іске қосуға рұқсат етіледі, және де
үшінші тарам машина тұрқын жерге тұйықтау үшін ерекше
қолданылады. Жерге тұйықтау үшін нөлдік жұмыс сым тарамдарын
қолдануға болмайды. Нөлдік және жерге тұйықталған тарамдар жерге
тұйықталған желіге бөлек қосылады. Жерге тұйықталатын тарам бұранда
тұрқына қайта қосылады.
Электрлі дәнекерлейтін машиналарды іске қосар алдында, жерге
тұйықталудың болуы және оның ақаусыздығы, қуат беретін сымның
оқшаулау күйін, қуат беретін желі кернеуі мен жиілігінің ажыратқыш
жұмысына сәйкес келуі (бірнеше байқау қосылымдары). Жұмыс кезінде
дәнеркерлеуші машинаның қатты қызып кетуіне жол берілмейді
(сонымен тұрқын алақанмен ұстауға болмайды). Машина колекторының
күшті ұшқын атуы кезінде, себептерін анықтау үшін сөндіру қажет.
Қазіргі уақытта ең бастысы қуат кернеуі 220 В және қос оқшаулау
бар тесу жұмыстары үшін электрлендірілген механизм қолданылады, ол
бір-біріне тәуелсіз сатыдан- жұмыс және қосымша сатыдан тұрады.
Жұмыс сатысы деп машина жұмысы және операторды электр тогынан
зақымдаудан қорғау үшін қажетті негізгі оқшаулаудан тұрады. Бұл
орағыш немесе оралған сымдардың эмалі, машина орауының ойықты
оқшауы, сіңірілген лактар мен компаундтар, кабельдердің, сымдар мен
ішкі қосылыстардың оқшауы. Қосымша оқшаулауды жүргізу үшін,
машинаның пластмасса тұрқы, оқшаулау төлкелері және т.б.
қолданылады. Сонымен бірге, қуат кернеуі 42 В және жоғары жиілігі
(200 Гц) жұмыста қауіпсіз дәнекерлейтін машиналар шығарылады, бірақ
қуат үшін жиіліктің ірі габаритті ауыспалы түрлендіргіштері талап
етіледі, сондықтан оларды қолдану шектелген.
220 В бір оқшаулау сатысы бар дәнекерлеуші машиналардың
қауіпсіздігін арттыру үшін, оларды қуаттау, күшейтілген оқшаулауы бар
орауы
бар
арнайы
бөлгіш
трансформаторлары
арқылы
(трансформациялау коэффиценті 1:1) жүзеге асырылады, ол зақымдалған
бастапқы орау екінші рет орау кезінде желіде потеницалдың пайда
болуына әкелмейтіндей жүргізіледі. Демек, желіде және дәнеркерлеуші
машиналардың метал бөліктерінде пайда болуы, тіпті оқшаулау
саңылаусыздық бұзылған жағдайда да жойылады.
Кернеулі немесе жартылай кернеулі құрылғыда жұмыстарды
орындау ерекше жағдайларда және тек арнайы оқыту мен нұсқаудан
өткен электр монтаждаушылармен ғана; рұқсат-қағазын алғаннан кейін
жүргізіледі және пайдаланушы қызметкердің қадағалауы міндетті.
Рұқсат-қағазында, монтаждаушылардың орындаутын барлық монтаждау
операциялары және олардың қауіпсіздігі үшін қабылданатын шешімдер
жазылады.
|