10.3 кесте
319
Тік бұрышты биркалар 1000 В дейінгі кернеуге есептелген
кабельдерді таңбалау үшін қолданылады. Биркалар жемірілуден
сақтауға арналған битум қабатымен жамылған 1,5...2 мм диаметрлі
мырышталған сымдармен кабель және жалғастырғышқа бекітіледі.
Кабель биркаларында кернеу, оның тарамының қима ауданы, желі
нөмірі немесе оның атауы, ал оның жалғағыш жалғастырғыштан
100.150 мм қашықтықта – жалғастырғыш нөмірі, оны құрастыру күні
мен оны жөндеген жұмысшының тегі көрсетіледі.
Траншея немесе блокта салынған әрбір кабель желісінің
трассасы ғимараттар мен құрылыстарға таңылған жоспарға немесе
кабель жалғастырғыштың орналасуын көрсететін арнайы орнатылған
белгісі жазылуы керек.
Кабель желілерін құрастыру бойынша жұмыстар өте бейнетті
және сондықтан да максималды механикаландырылуы керек. Кабельді
төсеу кезінде тағайындалуы бойынша екі негізгі топқа бөлуге болатын
механизмдер мен жабдықтар қолданылады: жер жұмыстары үшін
қолданылатын механизмдер (экскаваторлар, босатқыш балғалар,
пневматикалық және электр тегістегіштер) және кабельді тасымалдауға
арналған механизмдер мен жабдықтар (кабельдік транспортерлер,
кабель төсегіштер, кабельді жаюға арналған дөңгелекшелер және т.б.).
Кабель жалғастырғыштары мен бітегіштерін құрастыруды 10.3 кестеде
келтірілген құралдар мен жабдықтардың көмегімен орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: