361
болат және 14Г2 мен НЛ-2 маркалы төмен қоспаланған болып
қолданылады, өте жиі жағдайларда алюминий қоспалары да қолданылуы
ықтимал. Металл тіреулерінің негізгі жетіспеушілігі олардың коррозияға
ұшырауы болып келеді: тіреудің қорғалмаған беті ылғалдылық және судың
ықпал етуінен тот қабатын түзейді, ол өз кезегінде құрастырылым
төзімділігінің нашарлануына әкеп соғады.
Әсіресе өндірістік кәсіпорындардың, сонымен қатар теңіз және ащы
көлдерінің жағаларындағы қоқыс аймағында орналасқан желілер қатты
коррозияға ұшырауы мүмкін. Металл тіреулерін коррозиядан қорғап
қалудың ең жақсы тәсілі оларды ыстық мырыштау болып келеді. Одан
басқа, тіреулерді қорғау үшін әртүрлі коррозияға қарсы лактер мен бояғыш
заттарды қолданылады.
Қазіргі кезде желілерді құрастыру кезінде темірбетон кеңінен қолдау
тауып отыр. Темірбетонды тіреулерді қолдану аса әсерлі, себебі олар
коррозия және шіріп кетуге ұшырамайды, яғни, олардың қолданысы ағаш
және металл тіреулеріне қарағанда, аса қарапайым болып келеді.
Темірбетонды тіреулерді даярлау кезінде қолданылатын металл бөлшектері
ыстық әдіспен мырышталуы немесе коррозияға қарсы төсеммен қорғалуы
тиіс.
Темірбетонды тіреулер бетонды тығыздау әдісі бойынша дірілмен
нығыздалған және центрифугаланған бола алады. Дірілмен нығыздалған
бетоннан жасалған тіреулер өз кезегінде пішіні бойынша қос таврлы,
шаршы және тік бұрышты болып ажыратылады (11.1 а, б суреттері) және 35
кВ дейінгі кернеуі бар желілері мен байланыс желілері үшін қолданылады.
Центрифуганланған темірбетонды тіреулер жоғары төзімді юетоннан
жасалады, оның тығыздалуы аса үлкен жылдамдық кезінде арнайы нысанда
(центрифугада) бойлай осі бойымен айналу есебінен іске асырылады.
Центрифугаланған тіреулердің қималары сақина тәрізді болып келеді (11.1 ,
в суреті), яғни олар конус немесе цилинд пішінді болуы мүмкін.
Темірбетонды тіреулер үшін темір арқау ретінде болатты біліктер және
сым қолдавылады. Осындай тіреулер кернелмеген, жартылай кернелген
немесе толықтай кернелген темір арқаулы болы ықтимал. Кернелмеген
Достарыңызбен бөлісу: