Технологиясы



Pdf көрінісі
бет195/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

сынапты термометрлер
немесе шкаласы
0 бастап 100 °С дейін болатын
термометрлік белгі берушілер
(ТБ) 
орнатылады. Соңғылары шкала шектерінде кез келген температураға 
орнатуға болатын екі жылжымалы түйіспелермен жабдықталған. 
Сигналдық тізбекке қосылған бірінші түйіспе белгілі бір май 
температурасы кезінде сигнал береді, ал оның ары қарай жоғарылауы 
жағдайында релемен жалғанған екінші түйіспе трансформаторды 
сөндіреді. Қуаты 6300 кВ-A асатын трансформаторларда 
кедергі 
термометрлері
орнатылады
.


455 
13.12 сур. Термосифондықсүзгі: 
13.13 сур. Ауа тазартушы 
сүзгі: 
1
— кеңейткіштің тыныс түтігі; 
2
— 
байланыстырушы 
жалғастырғыш; 
3
— 
қарау 
терезесі; 
4
— трансформатор 
багы; 
5
— май бекітпесі; 
6
— 
бекітпедегі 
май 
деңгейінің 
көрсеткіші; 
7
— тіреуіш 
 
Термосифондық сүзгі
(13.12 сур.) майдың оқшауламалық 
қасиеттерін сақтау және, демек, оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 
арналған. Ол белсенді материалмен – сорбентпен (майдың ескіруі 
өнімдерін сіңіруші) толтырылған цилиндрлік аппарат болып табылады. 
Сүзгіні трансформатор багына екі келте құбырмен және аралық жалпақ 
шүмектермен жалғайды. Сүзгі жұмысы термосифондық қағидатта 
негізделген: жоғарғы қабаттардың жоғарырақ қыздырылған майы
салқындату құрылғысы арқылы өтіп, төмен түседі. Термосифондық 
сүзгі радиаторларға параллель жалғанған, демек май ол арқылы 
жоғарыдан төмен өтіп, үздіксіз тазарады. Осындай сүзгілер қуаты 160 
кВА асатын трансформаторларда орнатылады. 
1
— радиаторлық шүмек; 
2
— жүктеу 
люгы; 
3
— ауа шығаруға арналған саңылауы 
бар тығын; 
4
— силикагель; 
5
— тор; 
6
— 
саңылауы бар түп; 
7
— май сынамасын алуға 
арналған тығын; 
8
— май ағызуға арналған 
тығын; 
9
— 
сүзгі корпусы; 
10
— 
трансформатор багының қабырғасы 


456 
13.14 сур. Күштік үш фазалы құрғақ трансформатор: 
1 — белсенді бөлік; 2 — ЖК кіріс; 
3, 9
— сәйкесінше ЖК және 
ТК кірістер қораптары; 4 — люк қақпағы; 5 — қаптама; 
6, 8
— 
сәйкесінше трансформаторды көтеруге арналған сақина және 
тілім; 7 — шина; 10 — арбаша; 11 — шығыршық 
Майдың температуралық тербелістері кезінде кеңейткішке келіп 
түсетін, ылғалданған және ластанған ауаны кептіру және тазарту үшін 
барлық трансформаторлар 
ауа тазартушы сүзгімен –
кеңейткіштің 
тыныс түтігінде 1 орналастырылған ауа кептіргішпен (13.13 сур.) 
жабдықталады. 
Ауа кептіргіш силикагельмен толтырылған цилиндр болып табылады. 
Цилиндрдің төменгі бөлігінде сорылатын ауаны тазартуға арналған май 
бекітпесі 5 орналасады, ал жоғарғы бөлікте – индикаторлық силикагель 
бар патрон, ылғалдану кезінде ол өзінің бояуын көгілдір түстен 
алқызыл түске өзгертеді. 
Құрғақ трансформаторлар құрылымының ерекшеліктері.
Майлы 
трансформатор өрт және жарылыс қауіпті, сондықтан, оларды 
пайдалануға тыйым салынған кезде, құрғақ трансформаторларды 
немесе жанбайтын толтырғышы (совтол, пиранол, кварц құмы) бар 
трансформаторларды пайдаланады. Құрғақ трансформаторларды 
тікелей 
өнеркәсіптік 
кәсіпорындар 
цехтарында, 
арнайы 
трансформаторлық камераларды құрусыз орнатуға болады. 


457 
Қорғалған орындалудағы күштік үш фазалы құрғақ трансформаторлар 
(13.14 сур.)
6
(10) кВ жоғары кернеуіне және 0,23; 0,4 және 0,69 кВ 
төмен кернеуіне есептелген орамалармен, 160 бастап 1600 кВА дейінгі 
қуатпен шығарылады. МЕСТ 14074—76 сонымен қатар қуаты кем 
дегенде 160 кВА (25, 40, 
66
, 100 кВ-А) болатын құрғақ 
трансформаторлардың шығарылуын қарастырады. 
Құрғақ трансформатор қорғаныс қаптамасынан және қақпақпен 
байланысты белсенді бөліктен құралады. Оның орамалары шыны 
тоқымамен оқшауланған мыс сымнан жасалған, глифталь лагымен 
сіңдірілген және эмальмен қапталған. Осындай трансформаторлар 
қаптамалары бөлшектелетін түрде, тілімді болаттан, тік бұрышты пішін 
түрінде жасалады. Олардың қабырғаларында орамаларды және магнит 
өткізгішті салқындатуға арналған желдеткіш жалюзи бар. 
ЖК орамаларда 2,5 %-дық сатылармен номиналды кернеуге 
қатысты трансформация коэффициентін ±5 %-ға өзгертуге арналған 
қосымша тармақталымдар бар. Ауыстырып қосулар тек ЖК және ТК 
орамаларды желіден сөндіргеннен кейін жүргізіледі. Ауыстырып қосу 
құрылғысы 
жоғарғы 
жармалық 
арқалыққа 
бұрыштамалармен 
бекітілген, қысқыштары бар гетинакс панелі болып табылады. Оған 
қосымша тармақталымдар келтіріледі; ауыстырып қосулар арнайы 
ұстатқыштармен жүргізіледі. 
Құрғақ трансформаторлар сол немесе оң жақта орналасқан ЖК 
кірістермен жасалады. 
Қуаты 160, 250 және 400 кВ-А болатын құрғақ трансформаторлар 
тек тіректі жақтау-жылжымалармен жабдықталады, ал қуаты 630, 1000 
және 1600 кВ-А болатын трансформаторлар — бойлық және көлденең 
орын ауыстыру үшін жылжытуға болатын шығыршықты арбашамен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет