Технологиясы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет229/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
I.
1. ЖТҚС деген не? 
2.
ЖТҚС қалай бөлінеді? 
3.
ЖТҚС қандай элементтерден жинақталады? 
II.
1. ЖТҚС 630/6-10/0,4 негізгі сипаттамалары қандай? 
2. Сыртта орнатылатын жиынтықты трансформаторлық қосалқы 
стансаны сипаттаңыз. 
III.
1.Көлемді қосалқы станса деген не? 
2.
Көлемді трансформаторлық қосалқы стансаның негізгі 
элементтері қандай? 
3.
Трансформаторлық қосалқы стансаны көлемді элементтерден 
құрастыру реттілігін түсіндіріңіз. 
4.
Көлемді электрлік-техникалық орынжай деген не? 
5.
Қосалқы стансаны құрастыру алдында құрылыс ұйымдарына 
қандай талаптар қойылады? 


>25 
>50
 
538 
15 тарау. ЖИЫНТЫҚТЫ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН 
ҚҰРАСТЫРУ 
15.1.
 
6 (10) Кв есептелген жиынтықты ТҚ құрылымы 
Ғимарат ішінде (ЖТҚ) және сыртта (СЖТҚ) орнатылатын 
жиынтықты тарату құрылғылары өнеркәсіптік жиіліктегі үш фазалы 
айнымалы тоқтың электр энергиясын қабылдау және тарату үшін 
арналған және әр түрлі электрлік стансаларда, энергия жүйелерінің 
және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы стансаларында, сонымен 
қатар ауыл шаруашылығының және басқа объектілерді электр 
қуатымен жабдықтауда қолданылады. 
Тарату құрылғылары кіріктірілген электрлік аппараттар, өлшеу, 
релелік қорғаныс, автоматика, дабылдама және басқару аспаптары бар 
жеке шкафтардан жиналады. 
6
(10) кВ есептелген жиынтықты тарату құрылғылары оларда 
аппараттарды және аспаптарды орнату әдісі бойынша екі типті болуы 
мүмкін: КСО — бұл жеке қоршауы бар, суырмалы элементтерсіз, 
электрлік жабдықтар, аппараттар және аспаптар стационарлы 
құрастырылған, камералары бар құрылғы, жәнеЖТҚ — суырмалы 
элементері бар, доңғалақты арбашадағы және бір уақытта олардың 
тұтас қорғаныс қоршауы болып таблатын шкафтардағы құрылғылар. 
ЖТҚ артықшылығы істен шыққан, суырмалы элементте 
орнатылған, резервтік аппараттың қарапайым ауыстырылуы арқасында 
тұтынушының үздіксіз электр қуатымен жабдықталуын қамтамасыз ету 
мүмкіндігінде негізделеді. 
ЖТҚ шкафтары бір жақтан (сүйенетін типті) және екі жақтан (еркін 
тұратын, яғни олардың жанында екі жағынан өтпелер бар) қызмет 
көрсетілетін шкафтар ретінде жасалуы мүмкін. Тек бір жақтан қызмет 
көрсететін құрастырма КСО камералары электрлік-техникалық 
орынжайларда орнатылады. 
Жиынтықты тарату құрылғылары ескі типті ТҚ толықтай дерлік 
ығыстырып шығарды, олардың жабдықтары бөлшектелген күйде 
жеткізіледі және құрастыру орнында жиналады. 
ЖТҚжәне 
КСО 
зауыттарда 
толықтай 
барлық 
қажетті 
аппаратурамен және жабдықтармен жасайды және жинайды. 
Сондықтан жобалық жұмыстар қысқарады және жеңілдетіледі; 
құрылыс бөлігінің құрылысы жеңілдетіледі; тарату құрылғылары 
құрылысының еңбек шығындары, құны және ұзақтығы айтарлықтай 
азаяды. Жеке аппараттардан, аспаптардан және жабдықтардан 
жиналған және құрылымдық тұрғыда жинақы құрастыру және өзара 
бұғаттау үшін бейімделмеген қондырғыларға қарағанда, зауытта 
жасалған ірі блоктардан құрастырылған электрлік қондырғылардың 
жұмыс сенімділігі және пайдалану қауіпсіздігі айтарлықтай жоғары. 
ЖТҚ құрастыру дайындалған орынжайда дайын жиынтықты 


539 
камераларды орнатудан, оларды жобалық сұлбаларға сәйкес белгілі бір 
үйлесімдерде өзара жалғаудан және сыртқы қосылыстарды орындаудан 
құралады. ЖТҚ және ЖТҚС пайдалану индустриалдық құрастыру 
әдістерінің мысалы болуы мүмкін. 
Барлық біртипті ЖТҚ-да суырмалы бөлік бірдей, бұл пайдалану 
кезінде өте қолайлы, себебі өзара ауыстырылуды қамтамасыз етеді, 
яғни қосалқы суырмалы элемент болған кезде, ревизияны, 
профилактикалық тексерісті жылдам жүргізуге болады, сонымен қатар 
қажет кезде кез келген камерада электрлік жабдықтарды (ажыратқыш, 
кернеу трансформаторы, разрядтағыш) ауыстыруға болады. 
ЖТҚ және КСО әр түрлі сериялы және типті болып шығарылады, 
олардың құрылымдарының тізбесі өте ауқымды, сондықтан мұнда 
олардың құрылысының негізгі қағидаттары ғана қарастырылады. 
Жеке қосылыстар арасында электр энергиясын қабылдау және 
үйлестіру үшін арналған ЖТҚ шкафтар түрінде жасалады. Әр түрлі 
серияның ЖТҚ шкафтары габариттік өлшемдермен, құрылыммен, 
кіріктірілген аппаратурамен және оның техникалық сипаттамаларымен, 
сонымен қатар екіншілік тізбектердің шиналауымен және сымдарымен 
ерекшеленеді. 
Шкафтар 
жоғары 
кернеулі 
кіріктірілетін 
ажыратқыштармен, ашалы айырғыштармен, тоқ немесе кернеу 
трансформаторларымен, жоғары кернеулі сақтандырғыштармен, 
разрядтағыштармен, релелік қорғаныс аппараттарымен, электр 
энергиясын есепке алу және өлшеу аспаптарымен жабдықталады. 
Кез келген типті ЖТҚ шкафтары корпустан, доңғалақты бөліктен 
(арбаша) және релелік камерадан (шкаф) құралады. Арбашаларда 
ажыратқыштар, кернеу трансформаторлары және разрядтағыштар 
орнатылады. Доңғалақты бөлік камераның жылжымайтын бөлігіне 
алмалы (ашалы) түйіспелер көмегімен жалғанады. Құрастырма 
шиналар шағын габаритті тіректі оқшаулағыштарда құрастырылады. 
Өлшеуіш аспаптар және басқару, релелік қорғаныс және дабылдама 
аспаптары 
релелік 
камераның 
жоғарғы 
қасбеттік 
бөлігінде 
орналастырылады, ал өлшеуіш тоқ трансформаторлары және 
шоғырсымдық кірістер – оның артқы жылжымайтын бөлігінде. 
Корпустан 4, доңғалақты арбашадан 3 және релелік шкафтан 2 
құралатын, К-XII сериялы ЖТҚ шкафының құрылысын қарастырамыз 
(15.1 сур.). Шкаф корпусы болаттан жасалған, бұл қажетті беріктікті 
қамтамасыз етеді және қысқа тұйықталулар және газдардың 
шығарылуы туындаған кездегі ыдырауларды шектейді. Бір жақтан 
және екі жақтан қызмет көрсетілетін ЖТҚ шкафтарының құрылымдық 
орындалуы бірдей. 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет