Тәңірге қуанып ән салыңдар!



бет3/9
Дата23.05.2018
өлшемі2,67 Mb.
#40659
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәсіхтің соңынан еру

79 Em D

Жолымдағы жарық жұлдыздай,

C B7

Жанып тұрсың жарқырап.

Бағымдағы мөлдір бұлақтай,

Ағып жатқан сарқырап.

Am D G Em

/Жарық күннің күлімдеген көзіндей,

C B7 Em (E)

Жылу бердің Тәңірім/ 2р.

Қолымдағы асыл маржандай,

Сенің Сөзің киелі.

Оқығанда аяулы сондай,

Жүрегіме тиеді.

/Сиынғанда үнімді естіп аспанда,

Жауап бердің Тәңірім/ 2р.


Көре алмай Сені көзіммен,

Көп іздедім өмірде.

Қанша түнде Өзіңді білмей,

Көз жасымды төктім мен.

/Енді ғана жүрегіммен сезіндім,

Бар екенсің Тәңірім/ 2р.
Адамзатты сүйгендіктен Сен,

Жер бетіне келгенде,

Мейірімді сабырлығыңмен,

Жолыңнан қайт дегенде,

/Азап шектің айқыш ағаш басында

Күнәм үшін Тәңірім/ 2р.

Bm

80 Жүрегіме жүз қарап,

D

Жүруші едім тұнжырап,



Em F#7

Көп іздеген бақытым өзі келді қолыма.

Көрінгеннен жол сұрап,

Қараушы едім жаутаңдап,

Ақыл беріп Тәңірім, салды өмір жолына.

G

Қ-сы: /Даналардың данасы,



D

Бар әлемнің панасы,

G D

Өмірімнің айнасы, көңілімнің санасы,

Em A

Бар әлемді жаратқан,

D Bm

Ой мен қырды құлпыртқан,

Em F#7 Bm

Таусылмас бұлақтардай ағып жатқан/ 2р.

Өткен күндер зымырап,

Келмес енді қайталап,

Алыс емес жетер күн Тәңірімнің алдына.

Ән айтамын ардақтап,

Тәңірімді мадақтап,

Мәңгі бірге боламын Тәңірімнің қасында.

81 C F G C Am

Жүрегiмдi өзгерт, о Құдай Ием,

F G C

Саған ұқсайын, о, Тәңiр Ием.



Сенімде нығайт, о Құдай Ием,

Өзiңе ұқсат, о Тәңiр Ием.




E Am F G C

Қ-сы: Қыш құюшысың Сен, менi жаратқан,



E Am D G

Жүрегiмдi өзгерт, Саған жалынам.\

Bm G F#


82 Жылдар өтсе де тоқталмастан,

Bm B7

Үмітпен өмір сүр әрқашан.

G A D


Қиындық болса жолыңда, Иса жаныңда,

G F#7

Тастамайды сені ешқашан.

Bm G F#

Қ-сы: Біл, Ол келіп оятады әлемді,



Bm B7

Біл, Ол келіп қуантады бар елді.

G Em F#

Біл, Ол келіп бақытсыздық болмайды,

G F#7 Bm

Өзі бізді қолдайды.

Жаңбырлы күз жабырқатса,

Жаңбыры қармен алмасса.

Жердегі уақыт оралмайды, шынайы үміт

Жоғалмайды, еш жоғалмайды.
Қ-сы: Біл, Ол келіп көрінеді әлемге.

Біл, Ол келіп бас игізер бар елге.

Біл, Ол келіп қуантады сенгенді,

Сенімменен жеңгенді.

Dm C

83 Иса өзгертші мені, кемшілігім көп себебі,

Am F A7

Құрметтеймін тек Сені, Сендей болғым келеді.

Dm C

Қ-сы: /О, Иса, О, Иса,



F A7 (Dm)

Сендей болғым келеді / 2р.
Енді менің жүрегім Саған ғана сенеді,

Сенсің жалғыз тірегім, Сендей болғым келеді.


Үмітім бар өшпейтін, әлі-ақ лаулап жанамын,

Сенімім бар өлмейтін, Сендей түбі боламын.



84 C G

Исаға бәрін беремін,

F G7 C

Рақымына сенемін,

Сөздерін жүректе сақтап,

Жетегіне еремін.



C F G C

Қ-сы: Бәрін арнайын, оттай жанайын,



F G7 C

Жалғыз Саған, Құтқарушым, бәрін арнайын.
Арнаймын Саған бәрін де,

Жүрегімде мекенде,

Рақымың мен мейіріміңе,

Толсын сана, сезімде.


Мәсіхке бәрін беремін,

Тәңіріммен біргемін.

Мойынсұнып, үміт артып,

Бауырына енемін.


Әке, алдыңа келемін,

Сыйымды әкелемін,

Тыныштық бердің жүрекке,

Күн сайын әндетемін.



85 Am Dm

Кетпеші, Иса, менен кетпеші,

E7 Am E7

Сенсіз мен қорқамын өмір жолында,

Адасып кетем жолаушыдай жалғыз,

Сен менің қасымда әрқашан болшы.


Am Dm

Қ-сы: Бала кезден теріс жолменен жүрдім,



G C E7

Тек Сен ғана мені сақтадың.

Am Dm

Жамандығы көп Тәңірім дүниенің,

E7 Am

Кеңесің керек, келеді сақтанғым.
Тас жүрек адам сүюді білмес,

Қиналған кезіңде қол ұшын бермес.

Шын бақыттылық – ол өзгені сүю,

Сүюші Ием мені қалдырма.


Мәңгі көктемді кездестірсем мен,

Сенімен Иса Тәңірім өлсем де.

Қабірден оят Елазар сияқты,

Өлімнен өткіз мәңгі өмірге.



86 Em Am B7

Кім бар аспанымда менің? Сен ғана,

Өмірімнің мәні тек Сен, о, Иса!

Am D


/Сен мен үшін отта болдың,

G Em


Мені қаныңмен ақтадың,

Am B7 Em (E)

Көкке, Әкеме, о, Иса, жол аштың/2р.

Жалған дүние қызық емес, Сен ғана,

Қажетсің маған өмірде, о, Иса!

/Бұ дүние мені аямас,

Көмегіңсіз оңай болмас,

Менің жігер-күшім Сенсің, о, Иса!/2р.


Жоқшылықта тастамайтын Сен ғана,

Жүзім өнімін бермесе, о, Иса!

/Бидай егісін салмаса,

Малға жұт түсіп қырылса,

Үмітім жалғыз Өзіңде, о, Иса!/2р.

Жау мен отта қалдырмайтын Сен ғана!

Күнә жан-жақтан таласа, о, Иса!

/Оттың жалыны шарпыса,

Барлық жауларым жабылса,

Сен Қамалымсың, Күшімсің – о, Иса!/2р.


Бұл өмірмен қоштасқанда – Сен ғана!

Сенің қолыңда тыныштық – о, Иса!

/Қайғы жанымды қысқанда,

Табиғат күші өшкенде,

Әнім өшпес от ішінде – о, Иса!/2р.

87 A m

Қалдым мен тоғай ішінде,

Dm

Тұман қаптап, көрсетпейді ешнәрсе.



G

Уайым-қайғы жүректі езеді,

C E7

Қарсы шықтың тұман, сен бізге.



F G C Am

Қ-сы: Күннің нұры – Иса Мәсіх /Өзіңсің/ 2р



Құдайым жіберді ел үшін, мен үшін.

Сенен басқа маған бақыт жоқ, өмірім – Сен,

Dm E7 Am

Басымды ием Саған, күнәмді кешірдің.
Кесіп өтіп қалың тұманды,

Күннің нұры маған жол салды.

Жетеледі мені үйіме,

Тұманнан мені құтқарды.


88 Em C

Қанатыңның астында алаңсыз,

D B7

Тыныштығыңда боламын, Тәңір.

Em Am

Түн болса да қорықпаймын жолда,



D B7 Em

Қанатыңның астында болғанда.


Am D G Em Am D(B7) G(Em)

Қ-сы: \Қанатының\ (3р) астында.


Қауіпсіз қанатыңның астында,

Ұстайсың кемел тыныштығыңда.

Қорықпаймын оқ борап тұрса да,

Қанатыңның астында болғанда.


Қанатыңның астына тығылам,

Сол жерде менің берік баспанам.

Кеш түсіндім білмедім бұрыннан,

Пана таптым қанатыңның астынан.


89 Am

Мен тоқтап, біраз көз салсам,

F G C

Өмірдің өткен жолына,



Am Dm

/Әр күнә келіп ойыма,

E7 Am

Батады менің жаныма/ 2р.


Мен қылған қанша күнә бар,

Естісе адам ұялар,

/Шындықты айтсам Құдайға,

Күнәдан мені құтқарар/ 2р.


Күнәмді алып мойныма,

Бас иіп Тәңір алдында,

/Өтініп, тәубе қылайын,

Апаршы өмір жолына/ 2р.


Шындықты көрдім жолыңнан,

Өзгерткен менің ойымды,

/Құтқарып алшы Тәңірім,

Ұсынып, созам қолымды/ 2р.


Өзімді Саған арнайын,

Жүректе Сені сақтайын.

/Дүниеге айтып шындықты,

Мәңгілік Сені даңқтайын/ 2р.



90 Bm Em F#7 Bm

Өмірімді Саған арнадым,

G A

Бір Өзіңе ұмтыламын,



Сенімімді жасырмадым,

Бір Өзіңе сиынамын.



G D

Қ-сы: /Тек Сенің мәңгілік адалдығың,



G D

Болсын деп өмірлік қорғанышым,

Bm Em F#7 Bm

Күндіз-түні Саған қараймын,

G F#7 Bm

Ең Ұлы менің Құдайым /2р.
Салшы мені Өз жолыңа,

Қараңғыда адаспайын,

Алшы мені Өз қолыңа,

Саған келіп паналайын.

Dm C Dm C

91 Тәңірім менің қалқаным,

Жасқансам болар жартасым.

Gm C F Dm

/Өзіңнен өзге ешкім жоқ, Әке,

Gm C Dm

Күтемін көмек тек Сенен/2р.



Тәңірім менің жәрдемшім,

Көзімді саған тігемін.

/Қанатыңның астында Әке,

Қауіпсіз өмір сүремін/2р.



92 C G

Тәңірім, рақымыңды енді,

Dm G C

Қалай айтпай тұра алам.



C G

Іздеп таптың Өзің Ием, мені,


Dm G C

Жүрген едім жолмен бұралаң.



F G

Қ-сы: Жетелеші мені, өтінемін Сенен,



Dm C

Өзіңмен бірге болсам деп ем.

F G

Қолыңды бер маған, жетегіңе ерем,

Dm G

Құдіретіңе анық сенем.
Тәңірді біреу аңыз дейді,

Қиналса жаны іздейді.

Мен үшін Мәсіх – Құтқарушы,

Күтеді, үмітін үзбейді.


Құтқарушым, жарылқашы Өзің,

Нәр берсін жүрекке Сөзің.

Қарасам айқышқа үздіксіз,

Ешқашан сарқылмас төзім.




93 С

Тыңдаумен жүріп Өзіңді,

G

Сырыңа бойлап келемін,



G

Киелі әрбір Сөзіңмен,

C

Бақытқа мені бөледің.



C

Қ-сы: Өмірдің көп қой жолдары,



G

Шартарапқа тараған,

G

Ал, сенің жолың біреу-ақ,
C

Одан өтер «жаңа адам».
Бір күндер Құдай күш беріп,

Ұғармын сөздің астарын.

Қазірше жүрмін тыңдаумен,

Рухани бауырластарды.


Киелі кітап қолға алып,

Сырыңа сүңгіп келемін.

Тәй-тәй басқан баладай,

Өзімді әлсіз көремін.


Ақ бата беріп, Құдайым,

Өзіңе қабыл ал мені,

Уағыздаушың боп шығайын,

Ақ жолыңа сал мені.



Сенің сөзің – шындық.

Жохан 17:17

Киелі кітап жайлы

Em C D Bm



94 Күлімдеп күннің көзі, бойыма жылу келді,

Em C D Bm

Киелі Тәңір Сөзі жаныма қуат берді.

C D Em


/Тәңірім, сүйем дедің, жанарым күлімдеді,

C D Em


Арманым бұдан артық бар ма менің / 2р.

Жарқырап көрінеді мәңгілік өмір лебі,

Жүректен сезіледі Тәңірдің ыстық демі.

/Өмірдің қайнар көзі – Киелі Тәңір Сөзі,

Сол күні жер бетіне келді Өзі / 2р.
Жұбатып көңілімді, өзгерткен өмірімді.

Қуантқан жүрегімді, сүйемін Тәңірімді.

/Арыны төгіледі, өмірдің берекелі,

Күнәнің құлдығында жоқпын енді / 2р.



95 Em C

Сөзіңді алдым қолыма,

Am H Em

Жарық боп жанған жолыма.



Em C

Әлсіреп әлім таусылса,

Am H Em

Күш-қуат берер бойыма.



Am

Қ-сы: Киелі кітап – ырысым,



Em

Күнәға қарсы қылышым.

Am Em

Тастай боп қатқан жүректер,

H Em

Сөзіңді оқып жібісін.

Am Em

Мұздай боп тоңған көңілдер,

H7 Em

Оларды оқып жылысын.

Ашықсам оқып нәр алам,

Нәріңе мұқтаж әр адам.

Жол етіп оны жұмаққа,

Адаспай тауып бара алам.
Сөзіңді берген жерге Сен,

Су етіп ішем шөлдесем.

Киелі Сөзің болмаса,

Өмірдің мәнін білмес ем.


Қ-сы:Тәңірдің тірі сөзісің,

Кеудеме тұнған тынысым.

Тастай боп қатқан жүректер,

Сөзіңді оқып жібісін.

Мұздай боп тонған көңілдер,

Оларды оқып жылысын.
Сөзіңді Сенің сүйеніп,

Жығылсам қайта тұра алам.

Күнәмнің құны өтелді,

Сөзіңнен оқып біле алам.



96 Dm B6

Таурат, Зәбур, Інжіл мен Жазбадағы

Gm A Dm

Сөздеріне ден қойдым Жаратқанның.



Dm B

Ақиқатты тауып мен бұдан дағы,

Gm A Dm

Бәз жолымнан бас тарттым, қазақтарым.


D Gm


Қ-сы: Мына өмірдің мәні не бұл дүниеде,

C F

Мақсаты не Құдайдың – Жаратқанның?

Dm Gm

Осы сауал көкейге тірелгенде,

A Dm

Көп кітапты киелі парақтадым.

Мақсатымды қып-қысқа мына өмірлік,

Айырбастап алдым мен мәңгілікке.

Керегі не қызықтың бірер күндік,

Адамзаттың ақ жолы мәңгілікте.

...Құдай қазір барлық жерде адамдардың

бәріне теріс жолдан қайтсын деп бұйырады.

Ел.істері 17:30

Тәубеге шақыру
97 Dm A

Адамдар, ойланыңдар,

A Dm

Құлақ сап сөз тыңдаңдар,



Dm A

Жаратқан жер дүниені,

A Dm

Құдайдан артық кім бар?


Қ-сы: Ол сенің жанашырың,

Аңсаған арман жырың,

Мәңгілік өмір сыйлар,

Ол сенің Құтқарушың.
Адамдар ойланыңдар,

Күнәдан бой тартыңдар,

Біз үшін құрбан болған,

Исаны ойға алыңдар.


Адамдар ойланыңдар,

Өкініп кеш қалмаңдар.

Исаның сөзін тыңдап,

Жүрекпен қабылдаңдар.



98 Dm A

Адасып жүргенде азап шегіп,

A Dm

Сен мені іздедің, Құтқарушым.



Dm Gm

/Алдамшы өмірге қызығумен,

Gm Dm

Өзіңнен адасып жүріппін мен / 2р.


Керемет мынау бір табиғатың,

Ай менен жұлдызды жарқыраттың.

/Аспан мен жерді де Сен жараттың,

Барлығы Өзіңе бағынатын / 2р.
Мың алғыс айтамын Өзіңе мен,

Көкірегімді ояттың Рухыңменен.

/Көзімді аштың Сен, жұмулы еді,

Жүрегім тас еді, жібіттің Сен / 2р.


Тәңірім, Өзіңе бас иемін,

Құдіретті күшіңе шын сенемін.

/О, неткен күнәһар жан едім мен,

Айқышта азаппен Сені өлтірген / 2р.


Сен мені сүйесің, иланам ғой,

Жаныңды мен үшін қинадың ғой.

/Өзіңе келгенде кешіріп Сен,

Мәңгілік өмірді сыйладың ғой / 2р.

Бар бақыт Өзіңсің өмірдегі,

Күнәмді жуасың көңілдегі.

/Тек қана Өзіңе бас иемін,

Тәңірім, кешірші, кешір мені / 2р.



99 Am E7

Адасып көп жылдар жүріппін,

Am

Жарық деп түнекті сүйіппін.



E7

Тәңірдің сөзінен бейхабар,

Am

Күнәнің құлы боп жүріппін.



Am Dm

Қ-сы: “Жол, шындық, мәңгі өмір – Менмін” деп,



G C E7

Тәңірім шақырды мені де.

Am Dm

Әкеге Менсіз жан бармас деп,
E7 Am

Жеңді Ол өлімді мәңгіге.
Мәңгілік жерінен Ол келген,

Рухымен адамға Ол енген.

Мәңгілік болмысын паш етіп,

Мәсіхте Ол өліп, тірілген.


Жаңа өмір басталады Мәсіхпен,

Бауырым, сен де кел, кешікпе.

Жалғанның бітері жақында,

Жол, шындық, мәңгі өмір Мәсіхте.




100 Am

Айтшы: Қанның жігерін сен білдің бе?

E7

Ақталдың ба Иса Қанымен?

Am Dm

Рахатын Оның жаныңмен сездің бе?



Am E7 Am

Тазардың ба, Иса қанымен?

Am Dm

Қ-сы: Тазартыл!



Am F E7

Оның Қаны күнәның дағын кетірер,

Am Dm

Айқышта Мәсіхтің төгілген Қаны,

Am C7 Am

Қардай әппақ қып ағартады.

Күнде сен Оның алдында тұрсың ба?

Ақталдың ба, Иса Қанымен?

Рақымдылығын сездің бе Құдайдың,

Тазардың ба, Иса Қанымен?
Мәсіхтің келуіне дайынбысың?

Ақталдың ба, Иса Қанымен?

Қасиетті өлкеге кірер жаның,

Тазарсаң Қанымен Мәсіхтің.


Кешірім сұрап жамандықтан жерін,

Мәсіхтің Қанымен ақтал сен!

Айқышта Қаны төгілген сен үшін,

Мәсіхтің Қанымен тазар сен.

Am Dm Am

101 Арайымен атқан күннің нұр күліп,

Am Dm Am


Жан-жүрегім ақтарылды жаңғырып.

A Dm Am


/ Бұлақ көзін ағып жатқан таптым мен,

Dm E7 Am

Қуанышым таусылмайды мәңгілік / 2р.

Үміт, мақсат алға мені жетелер,

Еш солмайтын мәңгілік сый әперер.

/Жарығың боп мына өмірде жүруге,

Тәңір Ием, Өзің қуат бере гөр/ 2р.
Айтпай-ақ та жүрегімді білесің,

Мұқтажымның ең асылын, киесін.

/Оятсаңшы қазағымды, елімді,

Құтқарылсын, қисық жолын түзесін / 2р.


Шапағатың бүкіл елге тарасын,

Шаттық әнім шарлап қазақ даласын.

/Басымды иіп сұраймын мен, Тәңірім!

Құтқарсаңшы барлық қазақ баласын/ 2р.



102 Am

Қ-сы: Ахау! Бауырларым, бауырларым,



Am Dm Am

Арналды сіздер үшін осы әнім.

Am Dm Am

/Келіңдер аяулы жұрт, мәңгі өмірге

Dm E7 Am

Жол ашып құшақ жайған бұл Тәңірге/ 2р.

Көп болды-ау, құстай қанат қағысқалы,

Армысың бауырларым осындағы.

/Арада қилы-қилы жылдар өтіп,

Құдайдан бірте-бірте алыстадық/ 2р.
Бауырлар, ұмытпаңдар өз еліңді,

Кең далам шалғай жүрген қазағымды.

/Күйзелген халқым үшін жүрегімді,

Тәңірім қабыл алсын тілегімді/ 2р.


Қайғысын бұл дүниенің ойлама деп,

Құдайым бетін бұрды біздің елге.

/Келіңдер, кешікпеңдер құтқарам деп,

Сендерге жұмақ төрін дайындады/ 2р.


Әр түрлі дін жолымен құтылам деп,

Қапыда қалып жүрме бауырларым.

/Исаның құрбан болған қаныменен,

Құдайым құтқарады бәріңді де/ 2р.


Қиналып шаршағандар, бәріңе де,

Беремін жан тыныштық Маған кел деп.

/Тәңірім есік қағып шақырады,

Бауырлар, жүрегіңді аш түсінуге/ 2р.

Жұмақтың бар есігін айқара ашып,

Тәңірім шақырып тұр барлығыңды.

/Жабылар ол есіктің уақыты жақын,

Бауырлар, асығыңдар, үлгеріңдер/ 2р.


103 Bm F# Bm

Әркімдер-ақ сұрап жүр Ғайса кім деп,

Bm F# Bm

Кейбіреулер: пайғамбар – Ғайса демек.

Em A D7 Bm

Ашылмайтын бұл әлі құпия сыр,

Em F# Bm B

Сондықтан түсіндірме бергенім жоқ.

Егерде бәріне айтсам Ғайса – Сол деп,

Найза ұшында өлтірер мені түйреп.

Жемтігімді көмуге бермей рұқсат,

Өлімтіктей тастар еді итке сүйреп.

Ғайсаның туы айтады: бері жүр деп,

Сенбейтін кейбіреулер Оған күлмек.

Ғасыр бойы алысқан дұшпандары,

Маңдайыма дақ салмас Оны күндеп.


Ұстара Ғайса тілі, әділ тілмек,

Асауды жуасытар тірі жүндеп.

Қиянатшыл замандар өтсе дағы,

Ғайса жолы мәңгілік өмір сүрмек.

104 Am Em F#

Бұл өмірден өтеді екен даналар да,

F# Em Am

Өтеді екен ақ жаулықты аналар да.

H7 Em

Дүниені дүр сілкінткен патшалар да,

Am Em

Өтеді екен асыл сұлу арулар да.



Hm F#

Қ-сы: /Ей, адамдар, ойланыңдар,



Em Hm

Өткенге көз салыңдар.

F#

Бұл өмірде мәңгі жүрген,

Hm

Айтыңдаршы кім бар?/ 2р.

Көрген түстей өте шығар көз алдыңнан,

Өмір жалған, оны ешкім біле алмаған.

Бұл өмірдің бар беймәлім құпиясын,

Қанша іздеп талай адам таба алмаған.
Тыңда бүгін, тыңда үнін Жаратқанның

Бағушысын батқан күн мен атқан таңның.

Пенделері жүрсінші деп мәңгілікте,

Сүйгендіктен біздер үшін төкті қанын.


Мәңгілікке барар жолды көрсетіп,

Иса Мәсіх көкке кеткен тіріліп.

Жаратқанның аларынан берері көп,

Сен де алғын, қалма досым кідіріп.




105 Dm Gm

Даланың теріп гүлдерін,

A7 Dm

Демалып хош иіспен,

Am Gm

Көкжиектен, көкжиекке,



C F

Қараймын үмітпенен.

Gm Dm

Келер-ау, менің Құдайым,



Gm Dm

Бір кезде, бір күндерде,

Gm Dm

Көрмей қалам деп қорықпаймын,

A7 Dm

Өтсем дағы бұл өмірден.

Кешірдің балағатымды,

Кінәсіз адамдарға,

Кешірдің барлық атыңды,

Орынсыз күнде айтылған.

Кешірдің адамның бір кез,

Өзіңді ұмытқанын,

Ғасырлар бойы Өзіңді,

Соншама ұқпағанын.


Кешірдің бәрін бір Өзің,

Біздерді сүйгендіктен,

Құтқарылдық барлығымыз

Өзіңе сенгендіктен,

Жанарың бізді баулайды,

Балаң боп жерде жүрген,

Менсінбей кеткен талайлар,

Қуанып қайта келген.



106 Am Dm

Дүниені бір Сөзіңмен жараттың,

G C

Әлемді шындығыңа қараттың.



Am Dm

Рухыңмен Киелі сенім бойлатып,

E7

Осы әнді жүрегімде ояттың.


Am G


Қ-сы: О, Иса, Сен әлемнің тірегі,

F E7

Адамзаттың тілегі, тіршіліктің өзегі.

Am G

О, Иса, әмір бердің өмірге,

F E7

Сенген адам Өзіңе, тірілсін деп мәңгіге.

Әлемді сүйгендіктен соншалық,

Құдайым, бердің бізге Құрбандық.

Иса боп, дүниеге келдің Сен,

Құтқарам, күнәдан деп, халқыңды.

Мадақтап, құрметтеймін Өзіңді,

Ғаламға жеткізермін Сөзіңді.

Оятып, Өзің берген рухыңмен,

Шындықты ашып бердің еркіңмен.

107 G Am

Әлемді сүйгендіктен жаратқан Тәңір,

C D G

Күнәһар бұл дүниеге Ұлын берген.



G Am

Төгілген қаныменен құтқарып бізді,


C D G


Мәңгілік ғажап өмір сыйлық еткен.

G Am


Қ-сы: Дүниенің күнәларын мойнына алып,

Am D G

Ол сенің күнәң үшін құрбан болған.

G Am

Бүгін де, сені күтер құшағын жайып,

Am D G

Қабыл ал Оның сыйын берген саған.

Күнәнің тұтқынында шырмалып келдік,

Еріксіз күнәларға жетеленіп.

Қолымызбен жасаған жамандық үшін,

Айыпсыз Иса қолы шегеленген.
Ол сенің жүрегіңді тебіренткенде,

Ойладың: «тастаймын» деп күнәларды.

Құмарлық күнәлары елестегенде,

Кеттің сол күнә толған шексіз шөлге.




108 Am Dm E7 Am

Ей, өмірім-ай! Сен бізді ойландырдың,

Am Dm E7 Am

Тіршілік келер әлі аттырып таңдарыңды.

Am Dm G C

Күн кештік ойланумен, күн кештік толғанумен,

Am Dm

Құдай жоқ дегендердің барлығы,



E7 Am

Жүрсіңдер алданумен.

Am Dm G C

Бір кезде сұрақ туар, артында түннің күн бар?

Am Dm E7 Am

Иесіз зат бола ма дүниеде, кезі келсе соны ұғар.

Ей, өмірім-ай! Сен бізді аяладың,

Тағдырдың сан жолында Сен бізді аямадың.

/Біз Сенің бір қойыңбыз, адасып жұртта қалған,

Салқын жел тоңдырып жүр біздерді,

Тапсаңшы, о, Жасаған!/ 2р
Ей адамзат-ай! Сен өткір дана едің,

Ғасырлар бойы өзің,

Ойыңды шыңдап келдің.

/Сен неге жүрегіңнен Құдайды итересің?

Ал ертең жанға жай таппай қалсаң,

Құдайды сонда іздерсің/ 2р.


Ау, досым, қуана бер, Құдайға келгеніңе,

Біз мәңгі борыштамыз, сол Ұлы Иемізге.

/Саған мен не арнадым, жұмбақ толы өмірімнен,

Болашақ рухымның келбетін, көремін бір Өзіңнен/ 2р.




109 C A

Екі мың жылдай ертерек,

D A

Адам боп жерге келіпсің,



D A

Мойныңа алып күнәмді,

E7 A

Мен үшін азап шегіпсің.

Көп күнә жасап мен білмей,

Жүргенім саған мәлім-ді,

Кітаптан таптым Інжілдей,

Арайлап атқан таңымды.


Дүниеге Иса жарықсың,

Мәңгілік өмір беретін.

Айқышқа барып қағыпсың,

Тозақты біздер көретін.


Мейірім шашқан көзіңнен,

Құдайдың нұрын сеземін,

Киелі Сенің Сөзіңнен,

Күш-қуат алып келемін.


Кешігіп қалмай тұрғанда,

Кешірімін тез алуға,

Асыққын сен де, бауырым,

Жұмақта мәңгі болуға.



110 F Gm

Жақында бұл дүниенің бітер күні,

C F

Інжірдің ашылып, жайнар гүлі.



F Gm

Біреулердің жүректерін тітірентсе,

C F

Ал бізді қуантады оның бүрі.


F Bb C F

Қ-сы: Тәңірдің «келем» деген сөзі анық,



Bb C F

Бақыттың толығы ол, жүзі жарық.
F Gm C F

Соншалық аңсап жүрмін сол күнді,

Gm C F

Келуін періштелер сырнай тартып.

Иса айтқан бір де сөзі өтіп кетпейді,

Сенбегеннің мәңгілікке қолы жетпейді.

Егерде шыдай алмай басың тартсаң,

Мәңгі өмірді Иса Мәсіх саған бермейді.

Даяр бол, соңғы сағат жақын қалды,

Ісіменен ақталар адам бар ма?

Жоқ ондай, біреу де жоқ арамызда,

Ал Иса Өз қанымен жолды салды.


111 Dm A7

Жаратқан бар әлемді Құдай Ием,

A7 Dm

Мейірімді, кең пейілді жан Ием.

Gm Dm

/Бір Өзіңсің мәңгілікке жетелер,



Gm A7 Dm

Бір Өзіңсің Құтқарушым, Қорғаушым/ 2р.


Gm

Қ-сы: Туған елім, туған жерім, қазағым,



C F

Қанша қасірет, қаншама көп азабың.

Gm Dm

Көзіңді ашып, жан-жағыңа қарашы,

A7 Dm

Жалған өмір жетегінде жүрсің сен.

Бауырластар, абзал достар, туысқандар,

Құтқарушы – Иса Мәсіхті қабылдаңдар.

/Бойыңдағы бар күнәңді мойындап,

Тәубеге кеп, бір Құдайға сиыныңдар/ 2р.
Шын жүректен сенім артсаң Құдайға,

Кенелерсің қуанышқа, бақытқа.

/Иса Мәсіх қабылдайды бәріңді,

Үлкен-кіші, жасыңды да кәріңді/ 2р.



112 Em C

Жаратқан жерді де, аспанды да,

Am H7

Шын сүйіп, бас ием Құдайыма.

Em C

Адамзат күнәдан арылсын деп,



Am H7

Жіберді Өз Ұлы Исаны да.


Am D


Қ-сы: Жетеле мені, жетеле,

G C

Ғажайып жұмақ төріне,

Am D

Рухыңды берсең кеудеме,

G Em

Мәңгілік құлмын Өзіңе.

Am

/Өзіңе ғана бағынам

Em

Өзіңе ғана табынам,

Am H7

Өзіңнен артық панам жоқ,

C H7 Em

Құдайым, Саған сиынам/ 2р.
Адасып көп жылдар шаршадым мен,

Сонда да тыныштық таппадым мен.

Сол сәтте Құдайды ойға алып ем,

Бақытқа кенеліп, шаттандым мен.


Оқыдым Киелі кітабыңды,

Жүрегім азаптан құтқарылды.

Ұмыттым қайғы мен азабымды,

Өйткені таныдым Құдайымды.



113 Bm Bm

Жүрек қалай шаттанып толқымайды?!

D Em

Ізгі хабар танытса шын Құдайды.



Em Bm

/Өсиеті Тәңірдің дәнін ексе,

Em F# B

Жайлап өсіп, ол неге жайқалмайды?!/ 2р.



Ізгі хабар – ізгілік қайнар көзі,

Ол – Құдайдың Иса атты тірі Сөзі.

/Адам ата, Хауа ана бойға енгізген,

Бар күнәдан құтқарар Соның Өзі/ 2р.

Құдай еркін мен қалай тыңдамайын,

Менің жаным шындыққа құмар дәйім.

/Күш-қуат бер, жетеле Рухыңменен,

Болаттайын берік боп шыңдалайын/ 2р.

Сенің атың Тәңірім, дәріптелсін!

«Патшалығы Тәңірдің жақын» депсің.

Таратайын әніммен Хабарыңды,

Таңдаулыңды мың-мыңдап алып келсін/ 2р.



114 Dm A7

Жыр болып бізге ашылшы Тәңір,

Gm Dm

Сырыңды маған ақтаршы Ием.



Dm A7

Ұнаттың адам баласын неге?

Gm A7 Dm

Мәнісін оның ұқтыршы Құдай.


Gm C F Dm

Қ-сы: О, Құдай Ием, Өзіңсің – өмір,



Gm A7 Dm D7

О, Құдай Ием, жаратқан бізді.

Gm C C Dm

Бас иіп Саған келіп тұр елім,

Gm A7 Dm

Жетелеп баста шындыққа Иса!
Күнәға батқан елімді көріп,

Жібердің бізге Ұлыңды жерге.

Үзілген үміт жалғанды бүгін,

Мәңгілік өмір сыйладың бізге.


Тыңдашы, халқым, таймашы жолдан,

Шындықты жырла Исадан алған.

Шақырған бізді шаттыққа толы

Қазағым, елім, Исаның жолы.




115 Am

Иса берді жүрегіме дем,

Dm E7

Бақыттымын бұл дүниеде мен.

Dm E7

Ол көрсетті өмір жарығын,

Am

Ол көрсетті жұмақ анығын.



Dm

Қ-сы: Тәрбиелеп жақсы жолына,



Am

Бақыт алып берді қолыма,

Dm

Осылайша өмір оңалып,

Am/ Dm E7 Am

/Арам ойлар кетсін жоғалып/ .

Келші, елім, Иса жолына,

Азғырылмай шайтан соңында.

Иса сөзін қабыл алайық,

Біз жұмаққа бірге барайық.
Келші, елім, бәрің келіңдер,

Тек Исада тыныштық, сеніңдер.

Біз күнәға қарсы тұрайық,

Иса сөзін оқып, ұғайық.



116

Иса сені сүйеді ей, бауырым!

Есігі ашық сен үшін әр қауымның

/Тәубеге кел ағайын, өтінемін,

Кімге керек уақытша сауығың / 2р.
Қ-сы: Мәңгілік өмір береді,

Оның қолында себебі.

Күтіңдер, іздеңдер, асығыңдар!

Иса жақында келеді, келеді.

Иса жақында келеді.
Көкке бізді Өзімен әкетеді,

Қабылдасаң Исаны сол жетеді.

/Атымен тек Ұлының келерсің,

Адал ниетпен уәде етеді / 2р.



117 Исаны түсінбедік бәріміз де,

Күнәға үйреніпті тәніміз де. Құтқарып қалады деп әр нәрсеге,

Сиынып табындық қой бәріміз де.
Қ-сы: /Ой, адамдар, адамдар,

Жүректеріңе қараңдар,

Иса келіп қалар, сенгендерді алар.

Сол уақытта өте кеш болар / 2р.
Көздеріңді ашыңдар, бауырларым,

Күнәға толыпты тамырларың.

Қан емес күнә жүр-ау тамырыңда,

Иманнан адамзат сен айрылдың ба?


Ләззатты таппақсың ба арақпенен,

Шайтанға беріліп бар болмысыңмен.

Аспандағы орынды жұмақ деген,

Исаның көмегімен табарсың сен.


Өміріңді арнашы Оған сеніп,

Жүректерді ашыңдар, шын сеніңдер.

Сеніп тәубе қылсаңдар ей, адамзат!

Мәңгі өмір сүресің Тәңірменен.




118 C F C

Кел, Құдайға тағзым етуге,

G

Кел, қасына, көкке жетуге.



C F C

Кел, мойынсұнып Оған сен,

G F Dm G

Кел, бақыт таппайсың бұған тең.

C

Кел!


C F C

Кел, мадақ айтып Исаға,

G

Кел, жүрегіңді Оған арна,



C F C

Кел, бүгін табын Исаға,

G F Dm G

Кел, жалғыз Құдай – Иса Мәсіх.

C

Кел!



F C

Қ-сы: “Құдайым”– деп мойындайды халық,



F C

Тағы да келесің анық,

F C

Сенгендер жұмаққа барады
F G

Ұлы сый алады.

F C

Уақыт келер, бәрі Сені көрер,

F C

Барлық халық Сені таныр,

F C Am

Ал қазір Сені тыңдағандар,

F G

Шын бақытты болар,

C

Кел!

119 D A7 D

Кел, кел! Кел, кел!

Em D

Сені Иса біледі, кел, кел!



G A7 D Bm

/Құтқару тек тілегі, жүректі аш кіреді,

Em A7 D

Бірге өмір сүреді, /келші/2р/ 2р.


Кел, кел! Кел, кел!

Нәзік үнін естіші, келші.

/Сөзін тыңда жалықпа, шақырады жарыққа

Өз жолыңды анықта, /келші/2р/2р.
Кел, кел! Кел, кел!

Тыныш өмірге енші, келші.

/Құтқарушыға сенші, қолыңды Оған берші,

Рақымдылығын көрші, /келші/2р/2р.



120 Em B7 Em

Қазақстан – елім бар, ұлан байтақ жері бар,

Em B7 Em

Кең пейілді, ақ көңіл, бауырмалды халқы бар.

Am Em B7 Em

Мақтан етіп ардақтайтын, ұлдары мен қыздары бар,

B7 Em

Түркістан мен Отырардай, қасиетті жері бар.


Арыстан – баб, Яссауи, әулиесі тағы бар.

Құдай берген бар байлық, Қазақстан жерінде.

Жалғыз ғана Иса жоқ, Қазақ, сенің төріңде,

Білмей Оны кетпеңіздер, қазақ, осы күйіңде.


Қазақстан ұлдары, Қазақстан қыздары,

Шын жүрекпен қабылда, Құтқарушы Исаны.

Иса болса жүректе, барлық елдің ұлттары,

Құтыласың сонда сен, тозақтан да, оттан да.


Енді қазақ бауырлар, мына сөзді тыңдаңдар,

Көкті Құдай жаратқан, жерді Құдай жаратқан.

Сен сиынған әулие, оны Құдай жаратқан,

Құтқармайды әулие, тозақтан да, соттан да.


Жаратушы Құдайдың, жаратқанына табынып,

Адаспаңдар қазақтар, адаспаңдар қазақтар.

Жерде емес қасиет, елде емес қасиет,

Жалғыз ғана Исада, құдіретті қасиет.




121 Dm

Қиналсам да бұл өмірде,

C

Сен тұрасың жүрегімде,



Dm

Тар жолменен өтіп келем,

C

Жалғыз Өзің тірегім де.


Bm C Dm

Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды,

Bm C F A

О, Құдайым, көмегіңсіз еш болмайды.

Dm A A Dm

Қ-сы: Құдай Әке, құтқара гөр бауырымды,



Dm A Dm

Иса, Ием, құтқара гөр елімді.

Bm C Dm

Өтініп мен Сенен сұрап тұрмын.

Дауыл соғып долданса да,

Жалғыз Сенсің елге пана,

Жұмыр жер мен көк аспан да,

Барлық билік Сенде Иса.

Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды.

О, Құдайым көмегіңсіз еш болмайды.
Жаным күйеді солар үшін,

Әрбір бейбақ қазақ үшін,

Арашала тозақ оттан,

Менің халқым құтқарылсын.

Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды,

О, Құдайым көмегіңсіз еш болмайды.



122 Bm Em

Құдай сізді әуел баста таңдап қойған,

F# Bm

Тәубе қылар кезің келді терең ойлан.



Bm Em

Сонда ғана жүрегің азат болар,

F# Bm

Тыныштық пен Киелі Рух келіп қонар.



Bm F#

Қ-сы: Сізді осында Құдай әкелді,



F#

Шын жүректен айтамыз:

Bm

«Ой, бәрекелді!»

Bm F#

Төрге қысылмай отырыңыз,

F# Bm

Құдайды мадақтауға қосылыңыз.

Иса үшін Құдайға алғыс айтайық,

Бәріміз де Киелі Рухқа толып қайтайық.

Иса – шындық – шынайы өмір – Әкеге жол,

Татуласып Онымен сен бақытты бол!


123 Dm A

Құдайсыз өмір – бақытсыз өмір,

Gm A Dm

Күнәға толы алдамшы өмір.



Dm Gm C F

/Неге шындықты біле алмайсың сен?

Dm Gm A Dm

Айтшы бауырым, кімді алдайсың сен? / 2р.

Міне, тағы да жылап тұрсың сен,

Қайғы-қасірет артып жүрмін деп.

/Неге Құдайды танымайсың сен?

Айтшы, бауырым, кімді алдайсың сен? / 2р.


Күнәға батып, қиналасың сен,

Мұңыңды айтып, тұнжырайсың сен?

/Неге Құдайды тыңдамайсың сен?

Айтшы бауырым, кімді алдайсың сен? / 2р.


Күнәңді айтсаң Тәңір алдында,

Кенелер едің шексіз бақытқа.

/Келші Құдайға, келші бауырым,

Исаның Сөзін алшы қолыңа / 2р.


124 Cm G

Құдайды ізде, сарылып ізде,

G Cm

Кешікпей, досым, сағынып ізде.



C Fm

Күні-түні кезіп даланы,

G

Жан жүрегіңмен, табынып ізде.



C Fm

Қ-сы: Іздеген табар, Құдайды ізде,



G Cm

Жол болып бәлкім, жолығар сізге.

Сөз болып Тәңір жерге келеді,

Сенімің болса, бойға енеді.

Оған жүгіну тым қиын емес,

«Кеш қалма» деген ойға келеді.

Жүректі қақса, ашып есігін,

Құрметте әркез Тәңір есімін.

Шөлдегі судай Құдайды аңса,

Табарсың сонда өмір шешімін.
125 Am F

Құрбан еттің біз үшін,

G Am

Қасиетті жаныңды,



F

Төгіп кеттің мен үшін,

G Am

Өз Киелі қаныңды.


Am F


Қ-сы: /Күнәлардан құтқарып,

G Am

Мәңгі өмір сыйладың.

Am F

Жан-тәніммен ұмтылам,

G Am

Ұсынғанда бағыңды / 2р.
Сен әлемді жаратқан,

Бір Құдайдың Ұлысың.

Шынайы өмір беретін,

Қайнар бұлақ көзісің.


Қ-сы: /О, Тәңірім, Жасаған,

Патшалығың жақындап,

Осы әлемге жарқырап,

Төгіп тұрған нұрысың / 2р.
Жанға дәру беретін,

Жүрекке жылу төгетін,

Жаратқан Өзің пендеңе,

Көңіліңді бөлетін.


Қ-сы: Қандай шексіз махаббат?!

Қандай ыстық құшағың!

Қуанғаннан Өзіңе,

Қияға самғап ұшамын! / 2р.
Нұрыңды төкші халқыма,

Қараңғыдан құтқаршы,

Шындық тапсын жолыңнан,

Күнәсынан арылтшы.

Қ-сы: /Қандай шексіз махаббат?!

Тәңіріміз – Бағушы,

Тар жолменен жетелеп,

Мәңгі өмірге апаршы / 2р.


126 Bb Cm F Bb

Қымбатты дос, аялдашы, тыңдашы,

Cm F Bb

Құдайдан сен өтініп бір сұрашы.



Eb Bb Cm

Сен бейбақты құтқарады күнәдан,

F Bb

Сен де Одан бар ниетпен сұрашы.



Тазалашы жүрегіңді, ойыңды,

Тазалашы ластанған бойыңды.

Сен бейбақты құтқарады күнәдан,

Тек сұрай біл шын жүректен Исадан!



127 C G F

Мақсаты жоқ адамдар,

C G

Шаршаған бәрі бүгін,



C Am Dm G

Келешегі бұлыңғыр, мұң басқан жүзін.

C F C F

Азап, қайғыдан көзі шыланған жасқа,



Fm C Dm G

Кім көреді оларды, Исадан басқа.


C Dm C F

Қ-сы: Құдайды ізде, Ол саған керек,



G C F G

Жапа шеккен жаныңа береді көмек.

C Dm C F

Құдайды ізде, Құдайды ізде.

C C Dm G C

Үмітіңді үзбе, Құдайды ізде.

Бұл қараңғы дүниеге,

Көктен төкті жарығын,

Шақырады бәріңді,

Ғажап, нәзік үн.

Кеш қалмаңдар, келіңдер, күтуде әлі,

Тек Исада, біліңдер, өмірдің мәні.
\ Am Dm

128 Мына өмір соғып өткен жел болса,

G C


Жел ұшырған, қураған бір шөп болдым,

Am Dm


Қулық, сұмдық, жамандыққа бар болсам,

E7 Am

Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым.
Мына өмір ашырқанған аң болса,

Ал мен одан қаша алмай, жем болдым.

Адамдарды жүрегімде жек көріп,

Кісі өлтірген жауыздармен тең болдым.


Мына өмір патша болса, би болса,

Бұйрығынан шыға алмайтын құл болдым.

Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де,

Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым.


Өмірдің шын мағынасын білмедім,

Ішіп-жеу мен ойын-сауық іздедім.

«Өмір бізге бір-ақ рет берілген»,

Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім.


Енді бүгін бұрынғыдан басқа күн,

Жүрегімде шырқалады асқақ үн.

Ескі өмірмен біржолата қоштасып,

Исаменен жаңа өмір бастадым.


Менде бүгін, бұрынғыдан басқа күн,

Бар күнәмді еңсе басқан тастадым.

Күнәларым қара бұлттай төнуші еді,

Енді бүгін шайдай ашық аспаным.


Менде бүгін өзгеше күн, басқа күн,

Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын.

Кеше ғана танымастай басқа едім,

Енді бүгін, одан мүлде басқамын.


Енді білдім мағынасын өмірдің,

Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің.

Жамандықтан жан-дүнием тазарып,

Жиіркенішті кірі кетті көңілдің.


Соқыр едім, Иса ашты көзімді,

Саңырау едім, сауыққаным сезілді.

Сөз жетпейді-ау суреттеуге тілменен,

Жүректегі сұлу ғажап сезімді.


Осы Исаға сен де келсең болады,

Жүрегің мол қуанышқа толады.

Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңа,

Жаратқанның ақ батасы қонады.


Мені сонша сүйетіндей кім едім?

Тозақ отқа кетейін деп тұр едім.

Иса берді біржолата бостандық,

Құмарымның құлдығында жүр едім.


Исаға кел, ашылады көздерің,

Ере бермей айтқанына өзгенің,

Мен сияқты сен де аласың бостандық,

Егер Оның қабылдасаң сөздерін.




129 Dm

Өмірде нелер болмайды?

Gm

Өмірге көңлім толмайды,



Dm

/Өмірдің бар ма қызығы,

A7 Dm

Танымасаң шын Құдайды?/ 2р.


Құдайсыз өткен өмірің,

Су сепкен оттай өшпей ме?

/Құдайсыз жиған дүние,

Қаңбақтай ұшып кетпей ме?/ 2р.
Сенсің ғой менің бақытым,

Сенсің ғой менің байлығым.

/Жетеле мені Құдайым,

Болайын бірге әрдайым / 2р.


Алғыс айтыңдар Құдайға,

Мадақтап Оның есімін.

/Жаратушым деп мойындап,

Бас иіп тәубе қылыңдар/ 2р.


Кешіріп сенің күнәңді,

Құшағын жайып қарсы алар.

/Кел, қызым, кел, ұлым деп,

Жәннаттың есігін ашар / 2р.



130 Cm Fm G Cm

Өмірдің мақсаты не деп ойлайсың?

Fm Bb Eb

Күнәсіз болам деп кімді алдайсың?

C Fm

/Бақытты сен неге бола алмайсың?

Cm Fm G Cm

Құдайсыз өмірден шындық таппайсың / 2р.

Бұл жалған дүниеде адалдықты сен,

Таптым деп ойладың, бірақ таппадың.

/Себебі өмірдің нағыз шындығы,

Құдайдың жолында, соны түсінгін / 2р.


Тәңірдің сөзінен сусын тартыңдар,

Шындықтың нанынан тегін алыңдар.

/Сонда Құдайменен мәңгі боларсың,

Жұмақтың төрінде бақыт табарсың / 2р.



131 Em H7

Тәңір адамдарға батасын берді,

H7 Em B7 Em

Ізгілік хабарды жүрекке құйды.

Em Am

Айқара аш жүрегіңді бауырым,



Em H7 Em

Исаға орын бер.

Em Am D7 G H7

Қ-сы: Исаға орын бер, Исаға орын бер,



Em Am

Айқара аш жүрегіңді бауырым,

Em H7 Em

Исаға орын бер.

Біздің күнәміз үшін азап шекті,

Қайтадан тіріліп өлімді жеңді.

Айқара аш жүрегіңді бауырым,

Исаға орын бер.
Шөл даланы кезіп жол тапқын келер,

Ондайларды Мәсіх тауып жеткізер.

Айқара аш жүрегіңді бауырым,

Исаға орын бер.


Оған шын берілген бақытты болар,

Тәңірді мадақтап, алғыс жыр айтар.

Айқара аш жүрегіңді бауырым,

Исаға орын бер.


132 Dm Gm A7

Тек қана Құдайда тыныштық табасың,

Gm A7 Dm

Соңынан ергенде батасын аласың.

C F

Шақырып Өзіне Ол сені,



D Gm

Бақытты еткісі келеді,

Dm A7 Dm

Келсеңші, келсеңші!

Таста бұл алдамшы күмәнді жолдарды,

Сүйіспеншілігі жоқ осы жалғанды.

Асықшы келуге Исаға,

Бақыт пен тыныштық табасың,

Исада, Исада.
Шақырады Тәңірім сені, келсеңші,

Сен үшін құрбан болғанына сенсеңші.

Ғажайып істерін көрсеңші,

Құдай қауымына кел, досым

Келсеңші, келсеңші.

Әкедей жанашыр, сақтайды азаптан,

Жаныңды құтқарады мәңгі тозақтан.

Әлсірегенде күш береді,

Сиынып шақырсаң келеді,

Әр күні, әр күні.




133 Am Dn Am

Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды,

Am Dm E7

Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды.

Dm A

Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын,



Dm E7 Am

Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды?


«Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші,

Аз өміріңді ысырап қып төкпеші.

Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті,

Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші.

Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті,

Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты.

Ашық есік жабылмастан тұрғанда,

Тәубе қылып, тез кіруге асықшы.
Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы,

Бар ма екен мағынасы, пайдасы?

Жанбағыс та, күнкөріс те болар-ау,

Бірақ Мәңгі өмірден құр қалмашы.


Сен де ойлашы, тағдырыңды анашым,

Құдайға тек Исаменен барасың.

Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға,

Сонда ғана жан тыныштық табасың.


Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті,

Құтқаруға Иса болып келіпті.

Адамзатты сүйгендігі соншалық,

Өзін-өзі құрбандыққа беріпті.


Бізді өсіріп, бақтың, қақтың, баптадың,

Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың.

Осылайша құтқарылам дейсің сен,

Бірақ бұлай құтқарылу таппадың.


Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Алла,

Берген екен бар билікті Исаға.

Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір,

Исаға кел, жалтақтама, жасқанба.



134 Em D Em

Ыбырайымның Құдайы,

C Bm Em

Біз үшін қан төккен,



Em Hm C Am Hm

Құрбандыққа Иса келді көктен.


E7 Am D G Hm Em

Қ-сы: Тағзым етіп алдына келемін,

Am D E

Әділетті Патшамның.

E7 Am G Em

Тағзым етіп алдына келемін,

Am Hm Em

Мейірімді Патшамның.

Сүйіп бізді құтқарды, Тәңіріміз ұлы,

Мәңгі тірі сөздері тиеді жылы.
Тәңір Сенің рақымың тыныштық береді.

Жарық, нұрың жаныма ең керегі.



135 Em Am

Іздеп жүрген бар әлемнің адамы,

B7 Em

Бар екен-ау бұл өмірдің ғажабы!

C Am

Құдай Оны біздер үшін жіберген,



B7

Болмасын деп адамзаттың азабы.

Em Am

Енді білдім, енді сездім Құдайым,



B7 Em

Сен қасымда жүріпсің ғой әрдайым.

C Am

Әкем-ай деп жылағаным сол еді-ақ,



B7

Әжептәуір жібіп қалды маңдайым.


Am Em Am Em

Қ-сы: Оу, көктегі Әке, оу, Көктегі Әке!

C B7

/Жетеледің мені ғажап өмірге Әке!/ 2р

Бұл өмірден шындық таппай Өзіңсіз,

Көп қиналдым Сенің асыл Сөзіңсіз.

Өзімді-өзім алдауменен жүріппін,

Боламын деп бұл өмірде күнәсіз.

Кешір Әке, кешір менің күнәмді,

Қолың созып қабыл алшы балаңды.

Құтқара гөр азап шеккен жанымды,

Білмеппін-ау Әке, сенің барыңды.

Балаң бүгін ақылға кеп ойланды,

Жүректе бір жаңа сезім оянды.

Көз алдыда айқыш ағаш көрініп,

Енді ғана қызыл қанға боялды.

Өз Ұлыңды біздің жерге жібердің,

Күнәм үшін Құрбандығыңды бердің.

Неткен шексіз, неткен ыстық махаббат!

Өз қаныңмен күнәмді Сен кешірдің.

Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін

күнәларымызға бола біржола өмірін қиды...

1Петір 3:18



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет