Естен танып қалу
Керек:
зардап шегушіні арқасымен жатқызу, жағасын, белін босату (шешу);
қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;
ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою, нашатыр спиртін иіскету.
Болмайды:
ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға, басын салқын матамен орауға.
Аяқ-қол саусақтарының сынуы
Керек:
таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;
сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;
салқын компресс қою, ауруды бәсеңдететің таблетка беру.
Болмайды:
сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;
сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;
керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.
Жүректің қатты ауыруы
Керек:
отыру немесе жату, валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.
Болмайды:
дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге, дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.
Іштің қатты ауыруы
Керек:
жату, ішке салқын нәрсе қою.
Болмайды:
ішке жылы нәрсе қоюға, клизма жасауға, су ішуге, ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.
Бастың қатты ауыруы
Керек:
отыру немесе жату, бас аурудың таблеткасын ішу
Болмайды:
басты жылы орауға, наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.
Жара
Керек:
жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен сүрту, стерильді таңғыш қою, зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.
Болмайды:
қолмен жарақатты сүйеуге, жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.
Тынысты тоқтатуға:
Керек:
жарақаттанушының басын артқа шалқайту;
төменгі иектерді саусақтармен тарту;
жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару
минутына 12-14 рет терең дем шығарып тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |