КФ-ға мәліметтерді беру. Жиі жағдайда бір КФ құрып, оны әр-түрлі мәліметтермен орындауға тура келеді. КФ-ға мәліметтерді берудің екі тәсілі бар: а) параметрлер тізімінің көмегімен, б) глобалды айнымалылардың көмегімен.
Бірінші тәсілмен қолданғанда КФ-да %0…%9 атты формалды айнымалылар қолданылады. Бұл параметрлерге мәндер КФ іске қосылғанда берілетін факттік параметрлерінің көмегімен беріледі:
< КФ аты> <параметр1> <параметр2> .. <параметр9>
КФ орындалғанда %1 формалды параметрі <параметр1> мәніне ие болады, %2 формалды параметрі <параметр2> ие болады ....
%0 атты формалды параметрінде КФ-дың аты жазылады.
MS DOS және Windows факттік параметрлердің саны 10-нан астам КФ құруға мүмкіндік береді. Ол үшін SHIFT командасымен қолдану керек. “%” символымен командаларда КФ-дың ішінде қолдануға болады. Ол үшін оны мәтінде екі рет қайталау керек. Мысалы, f%.exe файлдың аты келесідей болу керек - f%%.exe.
Екінші тәсілмен қолданғанда КФ іске еңгізгеннің алдында ОЖ айналымында SET командасымен глобалды айнымалылар құрып, оларға мән беру керек. Бұл айнымалылардың аттары КФ-дың командаларында “%” символдарының ішіне алынады (мысалы, %FILE% ). КФ орындалғанда ОЖ айналым аймағынан сәйкес айнымалылардың мәндерін алады.
Тапсырма
Мәтіндік файлға Сіздің тобыңыздың студенттері туралы ақпарат жазу үшін WRITE_FD.BAT командалық файлын құрыңыз, оның функциясы келесі болсын: