Тәжірибелік жұмыс №1 Тақырыбы: Командалық файлдар. Жұмыстың мақсаты


Пакеттік өңдеудің арнайы командаларының синтаксисі



бет3/5
Дата16.03.2022
өлшемі25,65 Kb.
#135837
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс 1

Пакеттік өңдеудің арнайы командаларының синтаксисі
Барлық пакеттік өңдеудің командалары ішкі командалары болып табылады.
1. CALL командасы
Қызметі: Басқа пакеттік файлдағы пакеттік файлды шақырады.
Формат: CALL [d:][path] filename [parameters]
Параметрлер:
filenames – шақырылатын КФ-дың аты;
parameters – шақырылатын КФ-ға берілетін параметрлер;
Комментарий: басқару шақырған КФ-ға беріледі.
Мысалы:
CALL SAM - КФ-ды ағымдағы каталогтан шақыру.
2. ECHO командасы
Қызметі: КФ-дың командаларын экранға шығаруды немесе хабарлама шығаруды қосу/өшіру.
Формат: ECHO [ON|OFF] [message]
Параметрлері:
ON – командаларды экранға шығару;
OFF – командаларды шығармау;
message – хабарлама мәтіні.
Комментарий: егер команда параметрлерсіз жазылған болса, экранға ағымдағы жағдай шығарылады (ON немесе OFF).
Мысалы:
@ECHO OFF – Командаларды экранға шығару режимін өшіру, ECHO командасыда экранда көрінбейді.
3. FOR командасы
Қызметі:команданың циклдік орындалуы.
Формат: FOR %%var IN (set) DO command
Параметрлері:
var – айнымалының аты, A-дан Z-ке дейін кез-келген мән;
set - %%var орнында циклда көрсетілуге тиісті мәтіндік жолдардың немесе аттардың тізімі;
command - орындалатын команда.
Мысалы:
FOR %%E IN (A,B,C) DO DEL %%E.OBJ - A.OBJ, B.OBJ және C.OBJ файлдарын ағымдағы каталогтан жою.
4. GOTO командасы
Қызметі: КФ-дың берілген таңбадан кейін тұрған жолына басқаруды беру.
Формат: GOTO label
Параметрлері:
label – басқару берілетін жол.
Мысалы:
GOTO END - Белгіленген таңбаға көшу.
5. IF командасы
Қызметі: Командалардың шартты орындалуы.
Формат:
а) ERRORLEVEL глобалды айнымалысының мәнін тексеру үшін
IF [NOT] ERRORLEVEL value command
б) Екі мәтіндік жолды салыстыру үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет