Семей қаласы бойынша жану нысандарындағы өрттерді
талдау.
Мәдени көрініс мекемелері
|
2
|
1
|
-
|
-
|
Сауықтыру мекемесі
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Ауылшаруашылық мекемелері
|
52
|
(13)
|
(25)
|
12
|
Салынып жатқан нысандар
|
1
|
2
|
-
|
-
|
Жылжымалы темір-жол құрылымдары
|
1
|
-
|
-
|
2
|
Автокөлік
|
54
|
48
|
54
|
25
|
Тұрғын үй секторы
|
415
|
322
|
390
|
248
|
Көшелер және тағы басқа қоғамдық орындар
|
26
|
21
|
28
|
8
|
Емдеу мекемелері
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Әкімшілік,көпшілік ғимараттары
|
7
|
6
|
3
|
1
|
Басқа нысандар
|
-
|
28
|
37
|
70
|
Кешендер(монша,бильярд,кафе,қонақ үй)
|
-
|
3
|
9
|
2
|
Барлығы:
|
612
|
457
|
544
|
383
|
Кестеде көрсетілген 15 түрлі нысандар категорияларының тек бесеуі бойынша өрт саны көп. Бұл тұрғын үй секторы, автокөлік, ауылшаруа-шылық мекемелері, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және сауда құрылымдары мен кешендері(монша,сауна,бильярд,кафе,қонақ үй). Оның ішінде, соңғы жылдарда кіші және орта бизнес кешендеріндегі өрттің санының өсуі байқалады.
VI ші ст-т ҚОРЫТЫНДЫ
Слайд-1. 1-ші тарауда ШҚО. Төтенше жағдайлар департаменті, «Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасы» ММ құқықтары мен міндеттерін, құрылымын, жұмысы туралы мәліметтер қарастырылды. Басқарманың негізгі міндеттері: Семей қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік апаттар, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы аумағында төтенше жағдайларды алдын алу және жою жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
Басқарма құрамындағы № 2-ші Өртке қарсы қызмет жасағы және басқа да 5 Өрт Сөндіру Бөлімдері -.Семей қаласы және маңайындағы ауылдарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарымен айналысады.
Семей қаласының өрттен қорғау қызметінің тарихы сонау ХIХ ғасырдан басталады. Қандай заман болса да өрт сөндіру ісі қоғамға қажетті қызметтің бірі болды. "Өмір бойы өрт майданында қатерге бас тіккен әрбір өрт сөндіруші – қаһарман" деген сөз бейбіт күндері халықтың өмірімен ,құндылықтарын сақтап жүрген мамандық иелерінің өз істерінің патриоттары екендігі туралы мәліметтермен 1-ші тарау қорытындыланды.
Слайд-2. 2-ші тарау Өрт сөндіру жасағының тыныс-тіршілігімен танысуға, өрт сөндірушілерге арналған аталған еңбек қорғау құжатын зерделеп, ӨСБ-дегі қызметті атқару барысындағы нақты еңбек қорғау және іздестіру-құтқару, шұғыл жұмыстарды, авариядан кейін қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезіндегі өртсөндірушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз еңбегін ұйымдастыруға қажетті сұрақтарды қарастырдым.Тәжірибеден өту кезінде қарауылдағы қызметттің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасына байланысты проблемаларын шешу жолдарын зерттеп, шешімдерін іздеуге мүмкіндік болды. Тарауда өртке қарсы қызмет жауынгерлерінің қарауыл кезіндегі,авариялық-құтқару ,өрт сөндіру мен оны жою жұмыстары кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтау ережелері мен жолдары толығымен көрсетілді.
Слайд-3. 3-ші тарауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесінің негізгі жауын-герлік жұмысы –өрт сөндіру нәтижесі қарастырылды.
Семей мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесінің жауынгерлік жұ-мысын зерделей келе,төмендегідей жағдайға куә боламыз:
Әр жылғы болған жалпы өрттердің 90-95% қалада, 5-10 % ауылдық жерлерде болады, олардың 60-70% тұрғын үй секторына келеді екен.
Өрт сөндіруші бөлімнің өрт ошағына жету уақыты: қалада орта есеппен-7,35 минут, ал ауылдық жерде – 25-35 минут. Орта есеппен өрттерді толық жою уақыты – 15-45 минут арасында.
Семей мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесі Семей қаласымен қоса 14 ауылдық округтың, оның ішінде Қайнар, Чаган, Шульба елді мекендерін өрттен қорғауға міндетті. Елді мекендердің қашық орналасуы өрт дабылын алған кезден бастап өрт ошағына жету уақытының 1,5 сағатқа, кей кезде одан да көп сағатқа созылатынын көрсетеді. Әрине мұндай уақытта өртті тез сөн-діру, өрт шығынын азайтудың әзірге шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі болып тұрғаны анық.
Мемлекеттік Өртке қарсы жасақ жауынгерлері Өртті жоюмен қатар таби-ғи және техногенді кез-келген төтенше жағдайларды жою мен апаттық-іздестіру-құтқару жұмыстарын да орындайды. Тәжірибеден өту барысында - жауынгерлік жұмыс нәтижесінде - көптеген адамдардың өміріне арашашы болып жүрген бейбіт күннің қахармандарының қызметтері мен ерен еңбектерінің нәтижесін көріп, өмірге үлкен сабақ алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |