Тексерген: Алматы,2020 Жоспар


ІІ.ІІІ Қоғамдағы мәдениет



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі32,01 Kb.
#87719
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет пен өркениет реферат

ІІ.ІІІ Қоғамдағы мәдениет
Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе –адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады.
Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтері бар:
1)Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл- мәдениттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнын тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті». Адамға ең қиыны- адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдауы. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді.
2) Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар- салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін мен өнер ,білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзінлдік санасының жанды буынына айналды.
3) Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет- міндетінің сан алуан қыры бар. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалоктың түрін жасап , оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы-жақсылық пен жамандықты айырамыз.
4) Реттеу қызметі. Мәдениет- жабулы қазан емес. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөледі. Мәдени ұғымдарда нормативтік,ережелік талаптар басымырақ.Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді.
5) Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы- әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет