ОБӨЖ № 3 Өлшемдік тізбектерді есептеу теориясы мен практикасының негізгі ережелері.
Тексерген:Булекбаева Г.Ж.
Орындаған:Айсұлтан Жәнібек Маш 19-1
Өлшем тізбегі деп қойылған мақсатты нақты шешуге негізделген және тұйықталған қарамды құрайтын, өлшемдер жиынтығын айтады. Өлшем тізбектері алдында қойылатын мақсаттарды шешуіне байланысты, өлшем тізбектері 3 түрге бөлінеді: құрылымдық, технологиялық және өлшегіш.
Құрылымдық өлшем тізбектері, жобалау кезінде орнатылған дәлдікті және оны жинақтауда қамтамасыз ету мақсатын, шешуге негізделеді.
Өлшегіш өлшем тізбектері, өлшеу жұмыстары жүргізілген кездегі дәлдікті қамтамасыз ету мақсатын, шешуге негізделеді.
Технологиялық өлшем тізбектері, машиналарды өңдеу кезінде дәлдікті өңделуді қамтамасыз ету мақсатын шешуге негізделеді. Олар, өңдеу технологиялық процессінің әртүрлі кезеңінде, бөлшектер өлшемдері арасындағы байланысты орнатады.
Өлшем тізбектерін есептеулерінің мағынасы құрылымға қойылған талаптарына және технология талаптарына сай, оның құрамындағы барлық буындарға дәлдік шектерін және шекті ауытқуларын орнатуда. Есептеулер жүргізу нәтижесінде екі мақсатқа жетіледі:
Тұйықтаушы буынның берілген номиналды өлшемі және дәлдік шегі бойынша, өлшем тізбегінің қалған құраушы буындарының номиналды өлшемдерін, дәлдік шектерін және шекті ауытқуларын анықтау. Бұл есептеулер өлшем тізбектерін жобалық есептеулері қатарына жатады және тікелей есептеу деп аталады. Құраушы буындардың берілген номиналды өлшемдері, дәлдік шектері және шекті ауытқулары бойынша, тұйықтаушы буынның номиналды өлшемін, дәлдік шегін және шекті ауытқуларын анықтау. Бұл есептеулер, өлшем тізбектерін тексеру есептеулері қатарына жатады және керісінше есептеу деп аталады.
Өлшемдік тізбек деп өстердің бір-біріне қатысты және бетіне қатысты бөлшек, механизм немесе машинаны толықтай және тұйық контур құрайтын есептерді шешуге тікелей қатысатын өлшемдер жиынтығын атаймыз.
Үзбелер – өлшемділік тізбекті құрайтын өлшемдер. Есеп құралғанда жауап ретінде қабылданатын немесе есептің табылуға тиісті өлшемін және бөлшек жиналғанда немесе жасалғанда белгілі болатын өлшемді тұйықтаушы үзбе дейміз.
Өлшем тізбектерін тұрғызу кезінде олардың негізгі қасиеттерін ескеру қажет:
Жинақтау тізбегіндегі буын өлшемі тек қана бір бөлшекке қатысты болу қажет(бұл ерекшелік тұйықтаушы буынға қатысты емес)
Тізбек ең қысқаша жолмен көрсетілуі тиісті, яғни бөлшек өзінің элементтерімен тізбек құрамына тек қана бір рет көрсетіледі.
Өлшем тізбектерін есептеу және оларды талдау машиналарды жобалау кезіндегі міндетті түрде орындалатын жұмыстардың бөлігі болып табылады. Бұл есептеулер өнім сапасын жоғарылатуға , өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз етуге және өңдеу еңбек сиымдылығын ттөмендетуге негізделеді.