2.1 Етісітіктердің көсемше категориясы
Көне түркі тілдерімен салыстырғанда, қазіргі түркі тілдерінде көсемше саны
аз. Олардың кейбірі тілде сақталмай қалған, бір-сараны ғана жеке сөздер
құрамына ілесіп кетіп, «өлі» элементтер түрінде ұшырасып жатады.
Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V-VIII
ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды >
қатды > қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық
мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін
сияқты шылаулар құрамында да бір кезде (V-VIII ғ.)қолданылған -ы, -и
көсемше форманттарының ізін байқауға болады.
V-VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары
кездеседі:
1.
-а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты:
сақынматы, қатығды.
2.
-п, -пан, -пен: олурыпан.
Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістерге ұшыраған осы тұлғалар,
және олардан басқа -ғач, -геч, -мадын, -мазын, -майын сияқты тұлғалары
ұшырасады. Алтын ОРда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары молынан
ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштерінде баяндауышы қызметінде,
сондай-ақ әр түрі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында
қолданылған. Көрсетіліп отырған көсемшелер форманттарын шақтық мән
білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -и, -ү, -ыт), өткен шақ
көсемшелері (-п, -пан) және мақсат көсемшелері (-ғалы) деп топтастыруға
болады .
В.Томсен Орхон жазбаларын зерттеп, бір-бірінен аздаған мағыналық
мәнерлер арқылы ажыратылатын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы
тұлғасы Х-ХІІІ ғасырларда ғана сақталған өлі тұлға болған.
-а, -е тұлғаларының арғы түбін А.М.Щербак қимыл есімі, бұл тұлғаның
үстіне орта ғасыр жазбаларында -рақ жұрнағы жалғанып қолданылуы
олардың көп мағына беруінің дәлелі деп келтіреді.
-п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық
тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -п тұлғасын А.Н.Кононов көне бол етістігінің -й/-
а, -и/-е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте этникалық қолданылуынан
қалыптасқан деп қарайды.
Жоғарыда аталып өткен мақсат көсемше -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде
екі түрлі мәнде – мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген.
Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталып қалған. -ғалы
қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі
тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал.
Қазақ тілінде орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -мадын, -
майын тұлғалар сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма – етістіктің
болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йын, -йин
көсемшелері екені айқын көрінеді. Ескерткіштер тілінде бұл аффикстер іс-
қимылдың істелу әдісін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген.
Достарыңызбен бөлісу: |