Тексерген: Игисинова Нураш Бекпауовна



Дата13.12.2021
өлшемі20,6 Kb.
#125533
түріБағдарламасы
Байланысты:
Мәдени мұра-эссе 7


Орындаған:Талғатова Толқын Талғатқызы

Топ:Биология-жаратылыстану

Тексерген:Игисинова Нураш Бекпауовна

Мәдениеттану-10 апта

Жоспар;


  • Мәдени мұра-баға жетпес байлық

  • Бағдарлама тарихы

  • Мәдени құндылықтар:мұражайлар;қорықтар;кітап.

  • Қорытындылау-күтілетін нәтижелер,бағдарламаның болашағы;.

«Мәдени мұра»


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы-ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы,жаны,ақыл-ойы,парасаты,баға жетпес байлық,асыл қазынамыз.Бағдарлама рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат,стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

Мемлекеттік жобаның басты мақсаты-елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу,қалпына келтіру және сақтау,тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару,шет елде Қазақстанның мәдени мұпасын үгіттеу.

Мемлекеттік жоба-Елбасымыз,Ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасы Президенті Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен құрылған.2003 жылы мемлекет басшысы Қазақстанға жолдауының бірінде жобаны іске асыруды тапсырма ретінде талап етіп,үкіметке нақты жұмыстар берген болатын.Бағдарлама жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген.Кейін тағы екі кезең құрылды:2007 жылдан 2009 жалға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін созылды.

Бағдарламаның кезеңдері:



Жобаның аясында:тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау,қалпына келтіру және кайта жасау,мәдени мұраның ,оның ішінде ауыз әдебиетін ,дәтиүрлер мен әдет-ғүрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау,әлемдік ғылыми ой-сананың ,мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау,шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын паш ету жұмыстары алға қойылды.


2004 жылда бастап жоба өз жұымысына кірісті ,дәлірек айтсақ тарих мен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар өз мәресіне жетіп,жұмыстары аяқталған,40 археологиялық зерттеу жүргізілген,2008 жылы екі қорық-мұражай (Есік және Берел) жаңадан құрылды,Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар,»скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды,1 әкімшілік ғимараты,2 тұрмыс үйлер және 1 гараж салынып 2013 жылы бұл істер түгелдей тәмәмдалды.

Жобаның басиы бағыттары:



  • Ұлттық рәміздерімізді қалыптастыру;

  • Ұлттың тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насизаттау;

  • Жүйелеген білімді оқу процесіне енгізу;

  • Рухани Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясаиын іске асыпу;

Еліміздің тарихи мәдени мұрасын зерделеу,айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылды.ң

Ұлы даладағы тарихи-мәдени мұра -Ескерткіштер.Ұлтымыздың байлығы.Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра.

Ескерткіштер-ұлы тұлғаларды ,белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.Оларды белгілі оқиғаны есте қалдыру үшін де қойылады.Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталған екен.Ескерткіштерді 4 ке бөліп жіктейміз:археологиялық,тарихи,сәулет,монументтік(мүсіндік).Қорыта айтқанда,ескерткіш-елдің,халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.

Осымен қоса,Мәдени мұрамыздың қатарына қорықтар мен мұражайларды жатқызамыз.

Мұражай-әр елдің тарихын,салт-дәстүрін,мәдениетін танытатын құндылық.Ол ғылымның,білімнің,мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ,тарихт сананың қалыптасуына ықпал етеді.Мұражай жұмыстарының негізгі бағыттары-жәдігерлер жинау,есепке алу,сақтау.Қазақстандағы мұражайларда соңғы жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.

Ал қорықтарға тоқталатын болсақ,қорық дегеніміз-табиғи қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстан аумағында жалпы 10 қорық қамтылған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 230 аталым кітап жарық көрді,арасында тарих,археология,этнография жөніндегі аса құнды сериялар,жана энциклопедиялық сөздіктер бар.Мысалы:»Бабалар сөзі» сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетіне мүмкіндік берсе,»Қазақтың ата заңдары» жинағы қазақ халқының құқықтық санасының дасу тарихын ашып көрсетеді.

Қазақ кітабы -қоғамдағы рухани өмір көрінісі.Кітап-қазақ тілі сақталудың кепілдігі,оның халықтың білім алуына ,тіл мен әдебиеттің,республианың,қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор.Кітап-мәдени мұра,рухани қазына.Кітаппен қоса рухани мәдениетімізге кітапханаларды жатқыза аламыз.



Қорыта айтсақ,мемлекеттік бағдарламаны іске асыру Қазақстан тарихындағы шын мәнінде теңдесі жоқ,аса жемісті акция болды.Жоба тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтірумен шектелмейді.Оның басты мақсаты-қоғамдық санада оң өзгерістерге қол жеткізу және нақ осы тұрғыда ол маңызды рухани негізгі болып табылатыг ұлттың тарихи санасының көкжиегін кеңейту және рөлін күшейту туралы сөз болып отыр

Менің ойымша,Қазақстан егеменді мемлекет құрудың жаңа саиысына өтуі кезеңінде халқы ұлттық даму .мүддесінің аясына шоғырланып,тарихи мұраларына ел тұтастығының символына ацналуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет