Тексерген: Нұрабаева Сандуғаш



Дата16.05.2022
өлшемі26,86 Kb.
#143485
түріКодекс
Байланысты:
есептер азаматтық


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЗАҢ КОЛЛЕДЖІ

Есептер


Орындаған:Ысқақова Замфира 203-топ
Тексерген: Нұрабаева Сандуғаш

Алматы 2022


№1
Жауабы:Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 15-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.
Субъектісі:әйгілі эстрадалық әнші әйел, заң кеңесшісі.
Объектісі: әншінің есімі, кафе.

№2
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 15-бабының 7-тармағына сәйкес Басқа бiр адамның есiмiмен құқықтар мен мiндеттер иеленуге жол берiлмейдi.


Субъектісі: Зейнеткер Ш., әйгілі қазақ жазушысы мен қоғам қайраткері Н., қорғаушылар коллегиясы.
Объектісі: әйгілі қазақ жазушысы мен қоғам қайраткері Н.нің есімі.

№3
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 143-бабының 1- тармағына сәйкес Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы. Және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.


Субъектісі: Талап Шаншар, Болат Асыл, сот.
Объектісі : намысы мен абыройын қорғау жөнінде талап арызы.

№4
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 145-бабының 1-тармағына сәйкес Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.


Субъектісі : азамат Сексен, заң кеңесшісі.
Объектісі: фотосурет.

№5
Жауабы : Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 143-бабының 4,5-тармақтарына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.


Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
Субъектісі:Зауыт директоры, газет тілшісі, зауыт жұмысшылары.
Объектісі: газетке түскен материал.

№6
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9-бабының 1-тармағына сәйкес Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.


Заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтетуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеу арқылы азаматтық құқықтарды қорғауды тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады.
Субъектісі:директор, компания, телекөрермендер.
Объектісі:директордың сыртқы түрі.

№7
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 144-бабының 2-тармағына сәйкес Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.


Субъектісі: көрнекті Қазақстан ғалымы, ғалымның досы, ғалымның балалары, Сот.
Объектісі: хаттар.

№8
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 145-бабының 2-тармағына сәйкес Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.


Субъектісі: суретші, суретшінің мұрагерлері, Азат Райбек Санат балалары, баспа.
Объектісі: бейнелеу туындысы.

№9
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1054-бабына сәйкес Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.


Субъектісі:Мырзағұлов, Мырзағұловтың ұлы, Нотариус.
Объектісі: өсиет.

№10
Жауабы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 143-бабының 1- тармағына сәйкес Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.


Субъектісі:Әлиев, Бисенова, Бисенова құрбысы, Әлиевтің анасы, жауапкердің қорғаушысы, Сот.
Объектісі: Ар-намысы,абыройы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет