Тексерген: Садырбекова А. Т



Дата07.02.2022
өлшемі28,86 Kb.
#82653
түріРеферат
Байланысты:
Темірханқызы Амина 22Б




РЕФЕРАТ

Орындаған: Темірханқызы Амина


Тексерген: Садырбекова А.Т.
02.09.2020
Жоспар:

  1. Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне жалпы сипаттама.

  2. Сүйектер туралы ілім – остеология.

  3. Сүйектің құрылысы, химиялық құрамы.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.
Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырғажамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білекшынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иықшынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.
Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол (аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады. Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.
Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер — жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.
Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын; 12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа бағанына буын арқылы байланысады.
Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы сүйегі бар.
Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп кеткен үш сүйектен: мықын сүйекшонданай сүйекқасаға сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері - асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.
Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші, үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.

Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне қаңқа, сіңір, буын және бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы жануарлар қаңқасына ұқсас.Одан айырмашылығы:



  • адамның омыртқа жотасында ерекше иілімдер -лордоз,кифоз болады.

  • адамның көкірегі жануарларға қарағанда кеңейген,

  • адамның жамбасы жануарларға қарағанда жалпайған,

  • адамның жануарлардыкіндей тұмсығы болмайды.

Қаңқа- скелет ( грекше skeleton- кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі бір пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды.
Қаңқа – тірек – қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады.
Сіңірлер мен буындар қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып,буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды және қозғалуға икемді етеді. Бұлшық еттер буындарды айнала шандып, жалғасатын 2-3 сүйекті бір-бірімен байланыстырады және жиырылған кезде сүйектерді біріне-бірін бірде жақындатып, бірде алшақтатады. Бұлшық еттердің бұл қызметін динамикалық қызмет деп атайды.
Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Оның 85-сі жұптасқан және 80-ні тақ сүйектер. Сүйек-мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Сүйек қабығында қан тамырлары, нерв ұштары болады. ол екі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады.
Сүйек екі қабаттан құралады. Сыртқы қабаты тығыз заттан астыңғы қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің қатты заттарының үш қабаты бар. Сыртқы қабаты бір-бірімен өзара қабаттасып сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Ішкі қабат жіліншіктің майын қаптай орналасады.
Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты, әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат остеондар. Сондықтанда сүйектің құрылым бірлігіне остеон жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет