Тексерген: Саурбаев С. С алматы-2021 Өзін –өзі бақылау және денешынықрыту жаттығуларын орынды қолдану



бет3/3
Дата21.03.2022
өлшемі178,77 Kb.
#136481
1   2   3
Байланысты:
Айбазарова физкуль (2)

2.Жеке адам гигиенасы


Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы. Мұнда адам қоғамдық және күнделікті өмірдегі гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасы дене гигиенасы, киім мен төсек-орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады. Дене шынықтыру – жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді. Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметінің маңызы зор. Кір теріге микробтар ұялап, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда жырылған, тесілген, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза күтіп, түрлі жарақаттан, жарылудан аман сақтау қажет. Қолдың терісі жарылса, немесе жарақаттанса жуып, иод жаққан өте пайдалы. Тері құрғақ, жарылғыш болса, вазелин немесе глицерин жағу керек. Сондай-ақ аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау дене гигиенасының басты шарты. Жуынғанда тек беті-қолды жуып қана қоймай, екі иықты және кеудені де жуып құрғата сүрту (әсіресе таңертеңгілікте) денені тазартумен бірге организмді шынықтырады. Жатар орын, киім-кешек тазалығын қатал сақтау қажет. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақтылы алып отыру – Жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Жанұяда бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің тазалығын сақтау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет