Сүттiң ақаулары. Сүттiң ақаулары сауын малдардың физиологиялық жағдайы, денсаулығы, малдың жаксы күтiмде болмауы, мал қораларының жағдайсыздығы, жайылым жағдайы, құнарсыз азықты пайдалануы, сүтке дәрi-дәрмектiң жиналуы, сүттi алғашқы өндеу технологиясының бұзылуымен байланысты.
Сүттiң негiзгi ақаулары және олардың себептерi
Сүттiң ақаулары
|
Ақаулардың себептерi
| |
Консистенция ақаулары
|
Кiлегейлi (созылмалы)
|
Шырыш түзетiн сүт қышқылды және шiрiткiш микроорганизмдер. Уыз қоспасы. Желiнсаудың кейбiр түрлерi. Аусыл.
|
Сүзбе тәрiздес
|
Сүт қышқылды және басқа микроорганизмдер, iшек таяқшалары тобындағы бактериялар. Желiнсау (сүт iшiнде желiнсау стрептококктар жиналғанда).
|
Көпiру
|
Iшек таяқшалары тобындағы бактериялар, ащытқы, май қышқылды микроорганизмдер
|
Сұйық
|
Туберкулез, сүт безiнiң катаралдық қабынуы
Мал азығында, қызылша және басқа сулы азықтардың шектен тыс көп болуы. Күйлеу кезеңiнде. Сүтке су қосқанда. Дұрыс тоңазытылмаған сүттi ерiткенде
|
Достарыңызбен бөлісу: |