Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет20/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
желинсау аку

Желінсау - сүт безінің қабынуы. Желінсаудың себебі. Желіннің қабынуы көбінесе машинамен сауу ережелері бұзылған кезде, сүт безіне микробтардың еніп және дамуынан, күтудің және азықтандырудың қанағаттанарлықтай болмауынан пайда болады.Микробтар желінсаудың тікелей себебі, өйткені онда қабыну үрдісі өтедіде, асқындырады, желін ұлпасының резистенттілігін әлсіретеді және сүттің бактерицидтік факторларының белсенділігін төмендетеді. Желінсау кезінде таза түрінде стафилокококтар, стрептокококтар және ішек таяқшалары мен басқа да микробтар желіннен бөлінеді. Кейде бұл микробтар ауру желінде әр түрлі үйлесімде кездесуі мүмкін.Желін безіне микробтар сүт каналы арқылы өтеді (галактогенді жол), сүт безі терісінің жаралары мен үрпі жараларынан желінге өтеді (лимфогенді жол) және басқа мүшелердегі қабыну үрдісінің (эндометриттер мен энтериттер) дамуынан, қан арқылы (гематогенді) сирек өтеді.Сүт безіне енген микробтар тез арада көбейе бастайды. Патогенді кокктар тіршілік әрекетінің өнімдерімен эпителий торшаларының бетіндегі адгезиядан кейін әсер етеді, эпителийдің тітіркенуі мен өлуін туғызады. Сонымен қатар, олардың терең қабаттарға енуін жеңілдетеді.Таяқша тәрізді бактериялар өміршеңдік процесінде эндотоксин бөліп шығарады. Ол бактериалды клеткалардың енуінен және өлуінен кейін босап шығады. Эндотоксиннің нәтижесінде сүт безі ұлпаларында қатты қабыну реакциясы пайда болады. Мұндай желінсау организмнің жалпы улануымен ауыр түрде өтеді (күйзеліс, қызба, алдыңғы қарындардың атониясы, іш өту).Ауру қоздыратын агенттің әсеріне жауап ретінде сүт безіндегі қорғаушы реакциялардың кешені түзіледі. Қорғаудың бірінші линиясы-үрпі каналы. Ол бактерия үшін сенімді тосқауыл болып табылады. Циркулярлық бұлшық еттер сауу аралығында оның тығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Үрпі каналының кілегейлі қабаты көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, жоғары қабаты әр кез түлейді, себебі механикалық түрде канал қабырғаларын тазалайды. Жапқыш эпителийдің клетка бөліктері бактерияға механикалық тосқауыл болатын кератин бөліп шығарады.Қой және ешкі желін безі екі бөлімнен тұрады және олардың арасында желінаралық ойпаты жақсы көрінеді. Желіннің әрбір бөлімі үрпімен аяқталады. Сүт цистернасына 6-12 дейін әртүрлі көлемдегі сүт жолдары ашылады. Бөлінген сұйықтың сипаты бойынша, аурудың өтуі және басқада белгілеріне байланысты желінсаудың клиникалық түрлерін ажыратуға болады:серозды;катаралды;фибринозды;іріңді: а) іріңді-катаралды, б) желін абсцессі, в) желіннің флегмонасы;геморрагиялық;арнайы түрлері: а) желін аусылы, б) желін туберкулезі, в) желін актиномикозы.Желін қабынуының бір түрі екінші түрге ауысып, аралас түрі дамиды (серозды-катаралды, фибринозды-іріңді және т.б.).Клиникалық айқын өтетін желінсау: жіті түрде (7–8тәулік), жітілеу ( 6 апта , созылмалы түрде ( 6 аптадан жоғары) өтеді.Желінсаудың айқындалу дәрежесі бойынша клиникалық және жасырын желінсау түрінде өтеді. Желінді тексеру:-желінді зерттеген кезде оның көлеміне;-әрбір бөлігінің тығыздығына;-ауырсынуына; -үрпілерінің жағдайына; -жергілікті қызуына; -желін терісінің жағдайы; -желін үстінің лимфа түйіндеріне; -желін сұйығының сипатына (түсі, тығыздығы, көлемі).Клиникасы жақсы көрінетін желінсауды анықтау қиындық туғызбайды. Ол желіннің сыртқы көрінісінің сипаты мен сүт безінің сұйығына негізделеді. Жасырын желінсауды анықтауда малдың тұрған жерінен сынама алынады және зертханалық зерттеулер жүргізіледі.Жасырын желінсау деп желінінің клиникалық қабынуының байқаусыз және одан сауып алынған сүттің сыртқы көрінісінің қалыпты жағдайда болуын айтады. Ұзаққа созылған жасырын желінсау оның сүтінің азаюына бара – бара желін бөлігінің ісінуіне душар етілуі мүмкін.Жасырын желінсаумен ауырған малды уақытында дұрыс анықтап, малды күтіп бағу, оларды дұрыс пайдалану мен емдеуді жүргізбесе, олардың 40 – 50 % желінсаудың клиникалық түріне айналып кетеді.Сондықтан жасырын желінсаумен ауырған малдарды ерте анықтау мал мамандарының басты жоспарлы түрде жүргізетін жұмысы болуы қажет және зертханалық әдістерді пайдаланып анықтауды талап етеді.Қойлардың желінсауы сиырдың желінсауынан айырмашылығы жоқ. Қойларда көбінесе желіннің гангренасы кездеседі. Ауырған малды жеке бөліп алып, жиі сауып, зақымдалған бөлігіне 40-60 мл көлеміндегі 0,5% новокаинға 600 мың ӘБ бициллин-3 қосып, новокаин блокадасын жасайды. Блокаданы 3-4 күн қайталайды. Блокадамен бірге вена ішіне немесе бұлшық ет ішіне 200 мың ӘБ антибиотиктер енгізеді. Гангреналы желінсауда ішке 1-2 шай қасықпен (1:1000) метилен көгін тәулігіне 2-3 рет береді. Жиі сауып тұру керек. Бұлшықетке күніне 2-3 рет пенициллин немесе стрептомицинді 200 мың ӘБ енгізеді. Сүт безінің новокаин блокадасын жүргізеді. Қойлардың гангреналы желінсауға вакцинасы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет