Орындаған:Кылышбаева Шынар
Тексерген:Ғанибаева Жайдарман
Тақырыбы:Білім беруді дамытудың 2025
жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасы.
.
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР білім және ғылымды дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға
дейінгі жобасы мәселелері қаралды. ҚР білім және ғылым министрі Асхат
Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары және жаңа мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндады. Оның айтуынша, 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 12 индикатор, 71 көрсеткіш
және 262 іс-шараны орындау көзделген. Мемлекеттік бағдарламаның
орындалуы 92%, іс-шаралар – 98,8% құрады. Жалпы, мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді:
еліміздегі мектептер жаңартылған мазмұнға көшті; колледждерде баршаға
арналған тегін ТжКББ жобасы іске асырылуда; университеттерге академиялық
және қаржылық дербестік берілді; отандық ғалымдардың беделді журналдарда
жариялау белсенділігі 2,5 есе өсті. Министр атап өткендей, қазіргі таңда білім
және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды
шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды
дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы
әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы, Мемлекет басшысының сайлауалды платформасы, тамыз
кеңесінде және Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар
толығымен ескерілген. «Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда
мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен,
сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның
ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің
нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін
табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2
мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған», — деді А.
Аймағамбетов. Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгі міндеттер
айқындалды: Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге
қабілеттілігін арттыру; Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны
тәрбиелеу және оқыту; Ғылымның ел экономикасына қосар үлесінің артуы.
Мақсаттарға жету үшін 5 бағыт, 11 міндет қарастырылған. Бірінші орын —
педагог мәртебесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 жыл ішінде
500 мың педагогтің жалақысын 2 есеге арттыру қарастырылған. Министрдің
айтуынша, педагогтерді қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі
енгізіледі; алдағы уақытта балабақша, қосымша білім беру, колледж
педагогтерінің жалақысы өседі, олардың жетекшілеріне аттестаттау
қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегін нормалау жүйесі енгізіледі; 2021
жылдан бастап университет түлектері сертификациядан өтеді. Сонымен қатар,
педагогикалық білімді жетілдіру, болашақ мұғалімдердің педагогикалық
тәжірибесін өзгерту, оқу бағдарламаларын 100% жаңарту қарастырылған. «3