4.Қажетті ресурстар: Мультимедия және ұйымдастыру техникасы,
экран, маркерлер, слайдтар.
5.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Раппорт: «Біз біргеміз». Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырып
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Студенттерді түгендеу;
3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
Білімді жан-жақты тексеру. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. Бүгінгі негізгі мақсатымыз толқындық қозғалыс жайлы түсінікпен толқындардың интерференция және дифракция құбылыстарымен танысамыз.
1. Төменгі жиілікті толқындар дегеніміз не?
2. Радиотолқындар дегеніміз не?
3. Инфрақызыл сәулелер дегеніміз не?
4. Көрінетін жарық дегеніміз не?
5. Ультракүлгін дегеніміз не?
6. Рентген сәулелері дегеніміз не?
7. Гамма-сәуле шығару дегеніміз не?
Жаңа материал Дыбыс толқынын тербелістегі дене тудырады. Тербелістегі дененің айналасында сыртқы
ортаның күйі өзгереді (қысымы). Ауаның тығыздалуы және қайта сиреуі нәтижесінде адамқұлағының естуін тудыратын дыбыс пайда болады. Сонымен қатар сыртқы ортада тербелістудыратын кейбір құбылыстар (жарылыс, жел, найзағай, оқтың ұшуы т.б.) да дыбыс көзі болып табылады. Адамның есту қабілетін тудыратын серпімді толқындар – дыбыс толқындары деп аталады. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыс толқындары 20 Гц-тен 20 кГц дейінгі жиілік аралығында жатыр. Жиілігі 20 Гц-тен төмен толқындар инфрадыбыс деп, ал 20 кГц-тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар деп аталады. Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі акустика деп аталады.
Дыбыс барлық (қатты, сұйық, газ) ортада тарала алады. Ең алғаш ауадағы дыбыс жылдамдығын 1636 ж француз физигі М.Мерсен анықтаған. Қазіргі заманғы өлшеулерге сәйкес қалыпты жағдайлардағы дыбыстың ауадағы жылдамдығы 331м/с мәніне тең.Дыбыстың таралу жылдамдығы ортаның инертті және серпімді қасиеттерімен анықталады. Әр түрлі дыбыстарды қабылдау кезінде адам құлағы оларды ең алдымен оның дауыстолқының интенсивтілігінен немесе энергия ағынынан тәуелді дауыс қаттылығы бойыншабағалайды.
Дыбыстың қаттылығы дыбыс толқынындағы тербеліс амплитудасымен сипатталады.
Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – бел (Б).
Дыбыстық толқынның адам құлағының жарғағына әсер күші дыбыс қысымына тәуелді.
Дыбыс қысымы деп дыбыстық толқын өткендегі газда немесе сұйықта пайда болатын қосымшақысымды атайды. Адам құлағының дыбысты естуінің төменгі шегі дыбыстың 10 -5 Па қысымына, ал жоғарғы шегі – 100 Па қысымға сәйкес келеді. Дыбыс қысымының жоғарғы шегінде құлақта ауырсыну байқалады.Дыбыс қысымы үлкен амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар
қатты дыбыстар, ал дыбыстық қысымы кіші амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар әлсіз дыбыстар ретінде қабылданады. Есту мүшесінің дыбысты қабылдауы дыбыс толқынының құрамына қандай жиіліктердің енетініне байланысты.Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. Тембр – адамның дауысына, не аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
20 ғ-дың ортасынан бастап ультрадыбысты (УД) зерттеудің маңызы зор болды. Дыбыстың көпатомды газдарда, кейіннен сұйықтарда қатты жұтылатындығы және дисперсиясы анықталғаннан кейін акустиканың жаңа бағыты — зат құрылымын ультрадыбыспен зерттеу әдісіпайда болды.
Қуатты ультрадыбысты тек зерттеу құралы ғана емес, сондай-ақ затқа әсер ету құралына айналды. Бұл ультрадыбыстық технологияның дамуына негіз болды. УДЗны медицинада диагностикалық мақсатта қолданады. Яғни адамның ішкі мүшелерінің физиологиялық
жай күйін анықтау үшін қолданады.
Белгілі аралықты үзіліссіз толтыратын жиіліктер жиынтығынан тұратын дыбыстарды шу деп
атайды. Яғни шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады.
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі,онан құтылудың жолы
жоқ деп есептелетін.
Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған
ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында
шу жылдан-жылға көбейіп,елдің мазасын ала бастады.
Қаладағы шу негізінен темір жолмен жүрген пойыз, трамвай тарсылынан, ұшақтардың гүрілінен,
автомашина, мотоцикл, тұрмыстық жабдықтармен құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбысынан құралады. Барлық шудың 80 %-не жуығы автомашиналардан тарайды.
Адамдар үшін шу өте қауіпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жүреді де,білінгеннен кейін кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын табалмай жүр.
Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады.
Газды сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ
жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды
электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады.
Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді.
Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында
10000-ға дейін тербелу болады.
Инфрадыбыстар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп,жұмыс ырғағын өзгертеді. 5-9 гц аралығындағы дыбыс тербелістері бауырдың,
қарынның,талақтың тербелімін көбейтіп кеуде
клеткаларын ауыртады.
Тербелімі 12-14 гц дыбыстар құлақтың зыңғылын көбейтеді.
Американдық ғалым Роберт Вуд спектакль жүріп-жатқан залда жиілігі секундына 13 гц дыбыс таратқанда көрушілердің бәрі түсініксіз үрей сезінгендерін айтқан.