Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
|
|
1.Дене шынықтыру
«Біз тату балалармыз»
Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге, домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары бойынша жүгіруге жаттықтыру.
|
1. Дене шынықтыру
«Біз тату балалармыз»
Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге, домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары бойынша жүгіруге жаттықтыру. Алға қарай жылжу арқылы секіруді жаттықтыру. Допты екі қолмен алға қарай лақтыруды үйрету.
2.Сенсорика
«Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақтар»
Қызыл, көк түстер туралы түсінігін дамыту, түстері, көлемдері бойынша айыру, үлкен-кішкентай сөздерін айтуға үйрету. Саусақ моторикасын дамыту сөйлеу, сұраққа жауап беру,сөздік қорын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру.
«Біз тату балалармыз»
Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге, домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары бойынша жүгіруге жаттықтыру.
2.Музыка
«Көңілді сылдырмақтар»
1.Ойыншықтар арқылы балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту
2.Балалардың есту қабілетін арттыру.
|
1.Көркем әдебиет
«Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли.
Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
2. Сурет салу
«Балауса шөптер»
«Қарындаш» түсінігін беру. Қарындаштың қасиеттерімен таныстыру (қағаз бетіне із қалдырады). Қарындашты дұрыс ұстап, көлденең түзу сызық жүргізе білуге үйрету. Бояудың жасыл түсімен таныстыру.
|
1.Жаратылыстану
«Біз тату доспыз бәріміз»
Балаларға достық , татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру. Өзара татулық сезімдерін дамыту. Жас шамасына сәйкес ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
2.Мүсіндеу.
«Доптар»
Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру. Ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру. Тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіру.
|
Ойындар, дербес әрекет
|
|
Балабақша бағында,
Сайрандаймыз таңында.
Нақ өзімдей бүлдіршін,
Көп достарым жанымда.
|
Қосылып ән саламыз,
Кешке үйге қайтамыз.
Біз көңілді бөбекпіз,
Ағалар-ау, байқаңыз.
|
Би билейміз бұралып,
Тақпақ айтсақ құба-құп.
Қоштап қолды соққанда,
Қаламыз ау қуанып.
|
Ардагерлердің суреттерін көрсете отырып, сурет бойынша сөйлем құрату.
|
Дидактикалық ойын:
«Суреттегі өсімдікті тап»
Мақсаты: Суреттегі өсімдіктің атын атауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Балалардың үйге қайтуы
|
|
Ата анаға кенес:
Балабақшадағы баланың кимі.
|
Балаңызға ойыншық таңдай білесізбе?
|
Ата-анаға кенес:
Баланың өз-өзіне қызымет көрсету туралы кеңес
|
Ата-анаға кенес:
Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйретіңіз. жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану.
|
Ата-анамен балалардың киімдері жөнінде әңгімелесу.
(Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз)
|