Телекоммуникациялық құралдардың түрлері



бет3/3
Дата16.04.2022
өлшемі39,5 Kb.
#139491
1   2   3
Байланысты:
Телекоммуникациялық құралдар түрлері

Телекоммуникациялар (ағылш.
Telecommunications) — негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы.
Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Телекоммуникациялардың арқасында абоненттік жүйелер қосу орталықтары арқылы бір-біріне деректер таратады.
Бұл жүйелердің байланысы коммуникациялық желілер құрумен жүзеге асады.
Телекоммуникациялар аймағындағы стандартты Халықаралық Электр Байланысы Одағы және Халықаралық Стандарттар Ұйымы анықтайды.
Телеграф желілері технологиясын пайдаланудан бастап телекоммуникациялар әрбір мемлекеттің даму деңгейін айқындайтын маңызды салалардың біріне жылдам айналды.
Олардың негізін РТТ (пошта, телефон, телеграф) деректер таратудың қоғамдық желілері қүрады.
Ұлттық желілер бір-бірімен қосылып, глобальдік байланыс желісін жасайды.
Бастапқыда телекоммуникациялар сөзді ғана таратты, сондықтан, негізінен электрлік аналогтік сигналдарды пайдаланды.
Компьютерлердің пайда болуы және оларды байланыста кеңінен қолдану дискретті сигналдарға ауысуға алып келеді.
Ауқымды ақпарат ағындарын тарату қажеттігі оптикалық арналарды пайдалануға және жарық сигналдары көмегімен деректер таратуға қол жеткізді.
Телекоммуникацияны қамтамасыз ететін негізгі объектілер — аймақты желілер.
Солар арқылы жекелеген абоненттік жүйелер мен төңіректік желілердің өзара әрекеті жүзеге асады.
Бұл жүйелердің пайдаланылатын типтерінің спектрі орындайтын функцияларына байланысты радиошақыру құрылғыларынан, телефон аппараттарынан, дербес компьютерлерден, жұмыс станцияларынан, т.б. тұрады.
Осы заманғы телекоммуникациялар дерекгер таратуды ғана емес, желілік қызметтерді, абонент қажеттері үшін деректер өңдеуді жүзеге асыратын қосымша қызметтерді де қамтамасыз етеді.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы;
қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады.
Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады.
Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады.
Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды.
Дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады.
Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады.
Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады.
Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі.
Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым;
жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас).
Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет