Тәлімгер портфолиосы Топ: 302 Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім» Біліктілігі: 0111083 «Шет тілі мұғалімі»



бет5/66
Дата07.03.2022
өлшемі262,32 Kb.
#134500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
есеп

5. Қаржымен қамсыздандыру
Лагерь қала бюджетінің қаражатынан, әлеуметтік сақтандыру Қорынан, ата-аналар қаражатынан қамтамасыз етіледі. Лагерьді қамтамасыз ету үшін демеуші қаражаты қатыстырылуы мүмкін.

Тәлімгердің міндеттері



  • Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды.

  • Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді.

  • Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтары мен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды.

  • Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

  • Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды.

  • Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды.

  • Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді.

  • Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды.

  • Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады.

  • Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.

  • Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

  • Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тәлімгерлерге психологиялық кеңес.





  • Тәлімгер әр баланы тыңдай және түсіне білуді үйренуі керек.

  • Есіңізде болсын! Тәрбиеде ұсақ-түйек болмайды.

  • Жақсы орынды әзіл балалармен қарым-қатынасты жақсарта, жақындата түседі.

  • Бұйырмаңыз, өтініңіз, себебі балалар қысымшылықты ұнатпайды.

  • Есіңізде болсын! Қарсылық көрсету, күштілігіңіздің емес, әлсіздігіңіздің белгісі.

  • Балалардың жақсы жақтарын көре біліңіз және олар да Сіздің көзқарасыңызға лайық болуға тырысады.

  • Әр баланы назарда ұстап, қамқор болуға тырысыңыз. Оны балалар міндетті түрде бағалайды.

  • Балалар арасында болатын қақтығыс, кикілжіңдерді шешу барысында әділ болыңыз, себебі жалған шешімді балалар ұмытпайды.

  • Дөрекілікке дөрекі жауап беруден аулақ болыңыз, керісінше баланың осындай әрекетке бару себебін анықтаңыз.

  • Өзіңізді бақытты, қуанышты немесе бақытсыз, көңілсіз баланың орнына жай қойып көріңіз.

  • Балаларға нотация оқымаңыз, бәрібір балалар оны қабылдамайды, оның орнына мәселені тыныш талдап қорытынды жасаңыз.

  • Баланы қандай болса, солай қабылдаңыз.

  • Балалардан бөлінбей, олардың өмірімен бірге өмір сүріңіз.

  • Жиі өзіңіздің балалық шағыңызды еске түсіре отырып, үлкендердің дұрыс не бұрыс жасаған әрекеттерін салыстыра, қорытынды шығарыңыз.

  • Баланы Сіз сөзбен емес, ісіңізбен тәрбиелейтіндігіңізді ұмытпаңыз!

  • Баланы жақсы көріңіз, бірақ арақашықтықты сақтаңыз.

  • Әдептен озбаңыз, қандай жағдай болмасын шыдамдылық танытыңыз.

  • Ата-ана, әкімшілікпен қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетіңіз бен қолданбалы қабілетіңіздің қалыптасып келе жатқандыңызды көрсетіңіз.

  • Егер, бала Сізге ғашықтық сезіммен қарайтын болса, араңызда жас ерекшелігіне сай айырмашылық бар екендігін, сезімі, көзқарасына Рақметті екендігіңізді білдіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет