Тақырыбы: Лагерь ханзадасы
Өткізуші машықкер:
Нуракаева Шырын
Семей, 2020
Тақырыбы: Лагерь ханзадасы
Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру, өнерлі, білімді оқушыларды анықтау.
Өтілу барысы:
Құрметті тәрбиешілер мен демалушылар бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Ендеше ханзада мен ханшайымдарды ортаға шақырайық:
1. _____________ - « ______________» тобы
2. _____________ - «_______________» тобы
3. _____________ - «_______________» тобы
4. _____________ - «_______________» тобы
Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық - өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 5 турдан тұрады.
1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
5. Үй тапсырмасы
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - бүгінгі байқауға төрелікке ететін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық:
1. Лагерь бастығы _____________________________
2. Лагерь бастығының орынбасары __________________
3. Лагерь психологі ___________________________
Жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға - олай болса, 1 турымыз «Сәлем сөздің анасы» таныстыру сайысын бастаймыз.(өздерін таныстырады)
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар
Сіздер өтер әлі де талай сын бар
Тапқырлықпен тауып айт қысылмай - ақ
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар
(сұрақтар қойылып, жауап алынады).
«Жүйрік болсаң тауып көр» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Ән орындайтын Бораш Айтбек
«Өнерлі өрге жүзер» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Би орындайтын Еділова Әйгерім
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі - түсті сән көйлек
Көз тартады не керек - деп келесі «Сұлулықтық сыры» сән үлгісі бойынша келесі 4 турымызды бастаймыз.
«Сұлулықтық сыры» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Көркем сөз оқитын __________________
Жүргізуші:
Келесі соңғы 5 турымыз үй тапсырмасы ханзада мен ханшайымдардың өздері дайындап келген заттарын көрсету, таныстыру.
«Үй тапсырмасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Қорытынды бөлім: Әділқазы алқасына сөз кезегін беру (марапаттау).
Ән орындайтын ___________________
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Өнерлі өрге жүзер
Үй тапсырмасы
Сұлулықтың сыры
Жеңімпаздарды марапаттау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін:_________
Колледждің іс- тәжірибе
әдіскері: Асанова М.А
« » 2020ж
Достарыңызбен бөлісу: |