Тем Омыртқалылар дене құрылысының жоспары



бет6/10
Дата10.10.2023
өлшемі248,5 Kb.
#184480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
174047 (2)

Тема 7 . Бас қаңқасы
Сабақ мазмұны

  1. Тетраподтар қаңқасының негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.

  2. Кейбір типтік тетраподтардың (бақа, көгершін, сұтқоректілер) бас қаңқа құрылысын оқып білу.

Құрал жабдықтар мен материалдар

  1. Әртүрлі тетраподтардың бас қаңқалары мен томеңгі жақтары.

  2. Бас қанқалар таблицасы.

Бас қаңқасында төрт морфофункциональды блок белгілі: қаңқа қақпағы, ми сауыты, таңдай комплексі және төменгі жақ.
Қаңқа қақпағы — calvaria: маңдай сүйектері— oss frontale, төбе сүйектері — oss parietale, төбе аралық сүйектерден — os interparietale тұрады. Сагиттальдық жүлге — crista sagittalis (рис. 87, 88) — күмбездің ортасынан өтеді..
Сүтқоректілерде көз шарасының маңайында тесіктер — foramen supraorbital болады (жыртқыштарда болмайды).
Б ас сүйек артқы жағынан үлкен шүйде тесігін - foramen occipitale -magnum қоршап тұратын шүйде сүйегімен - os occipitale- шектелген.

87 сурет. Қаңқа қақпағы эволюция. (қаңқа үстіңгі жағынан суреттелген)


а — примитивті пеликозавр
б — кейіңгі перм кезеңіндегі терапсида; в — прогрессивтік триас терапсидасы;
г — ит; 1 — maxillare; 2 — premaxillare; 3 — nasale; 4 — lacrimale;
5 — prefrontale; 6 — frontale; 7 — postfrontale; 8 — postorbitale;
9 — шүйде тесігі; 10 — postparietale; 11 — supraoccipitale;
12 — parietale; 13 — tabulare; 14 — supratemporale; 15 — squamosum;
16 — jugale; 17 — preparietale; 18 — septomaxillare; 19 — occipitale;
20 — exoccipitale; 21 — prooticum; 22 — самай сызығы;
23 — сагиттальды жүлге (Ромер, Парсонс, 1992)


Сүтқоректілердің бас сүйегіне тән процесс бастапкы кездегі бірнеше жеке сүйектердің өзара косылып сандарының кемуі. Ми сауытының сүйектері жүп және так болып бөлінеді. Самай мен төбе сүйектері жүп болып келеді, ал мандай, шүйде, негізгі, немесе сынатәрізді, жәнетор сүйектер так сүйектер.


Бет бөлімі.
Бас сүйектің бет бөлімі көбінесе жүп сүйектерден күралған, атап айтқанда жоғары жак, тандай, бет, мүрын, көз жасы сүйектері. Соны-мен бірге бет бөлімінін құрамында екі так сүйек болады — төменгі жақ пен түрен сүйегі.
Бас сүйегінің висцеральдық бөлігі эктодермадан туындайтын мезенхиманың есебінен дамиды. Бас сүйектің бет бөлімінің сүйектерінің көпшілігі — жоғарғы жақ, тандай, шыкшыт, мүрын, көз жасы сүйектері жүп келеді, ал төменгі жақ пен танау сүйегі дара сүйектері.
Бет сүйектерінің ішінде жогарғы жақтың { maxilla, верхняя челюсть) рөлі ерекше. Жоғарғы жақ күрылысы күрделі жұп сүйек, алуан түрлі кызмет атқарады. Атап айтканда, көз шарасы мен танау куысын құрауға қатысады, мұрын куысын ауыз куысынан бөліп тұратын бөл-менің негізін құрайды және көптеген бет бұлшык еттерінің бекитін орны.

Мұрын сүйектер - os nasale. Астыңғы және шет қабырғалары жоғары жақ сүйектерінен құрылған - maxillare. Орбитаның алдыңғы шеті (foramen orbitale) сформиро­ван көз жасы сүйегінен құралған os lacrimale. Жақ аралық сүйек os incisivum (premaxillare) жоғарғы жақ сүйегінен ростральды рет орналасқан.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет