Тема Кіріспе. Ядролық физика зерттеу нысандары


Тақырып 5. / Тема 5. Ядролық реакциялар



бет7/19
Дата15.06.2022
өлшемі305,16 Kb.
#146621
түріТезисы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
лекция саулелелну (7)
11 (2), лекция саулелелну (6)
Тақырып 5. / Тема 5. Ядролық реакциялар.
Дәріс тезистері. / Тезисы лекций
Бөлінудің элементар теориясы. Бөліну энергиясы. Бөліну параметрі. Ядролардың бөліну механизмі. Бөлінудің потенциалдық тосқауылы. Құлшындыру энергиясы. Нейтрондардың әсерінен бөліну. Бөліну нейтрондары. Нейтрондардың ұрпақтары. Нейтрондардың көбею коэффициенті. Сындық мөлшер. Сындық масса. Ядролық реакторлар.
Бөлінудеп ядроның өздігінен немесе сыртқы қоздырғыштың әсерінен екі (кейде үш, өте сирек төрт) массалары жақын, бірақ бірдей емес жарқыншақтарға жіктелуін ұғады. Ядроның бөлінуі көптеген бөлшектердің-фотондардың, протондардың, дейтрондардың т.б. әсерінен өтуі мүмкін. Олардың ауыр ядролардың құрылымын, бөліну механизмін зерттеуде маңызы зор, бірақ нейтронның әсерінен өтетіндерінен басқалары тәжрибелік қолдану таппады.
Ядролардың бөлінуі туралы мәліметтер Э.Ферми мен оның қызметкерлерінің нейтрондардың әсерінен туатын жасанды радиоактивтілікті зерттеу жұмыстарынан басталады. 1934-жылы олар уранды нейтрондармен атқылау кезінде туатын өнімдерге бірнеше жартылай ыдырау периоды тән екенін байқады. Оларды дәлірек зерттеу кезінде біреуі-біреуіне түрленетін бірнеше радиоактивті элементтер тізбегі тағайындалды.
1938-жылы Ирэн Жолио-Кюри мен Савичтің зерттеулері уранды нейтрондармен атқылағанда пайда болатын элементтердің ішінде лантан, ал Ган мен Штрассман олардың қатарында барий бар екенін анықтады. Сөйтіп, уранды нейтрондармен атқылағанда, ураннан ауыр емес, одан екі еседей жеңіл элементтер пайда болатыны белгілі болды.
Бұл нәтижелерді Мейтнер мен Ферми уран ядросының аралық массалы екі жарқыншаққа жіктелуі деп түсіндірді. Ядроның мұндай жіктелуін оның бөлінуі деп атады. Олар ядроның сығылмайтын сұйық тамшысына ұқсастығы негізінде бөлінудің бірінші механизмін ұсынды. Сұйықтың тамшысының қатты соққы кезінде бірнеше ұсақ тамшыға шашырайтыны сияқты, нейтронды қарпыған ядро да бірдей дерлік екі жарқыншаққа бөлінеді. Кейінгі зерттеулер баяу нейтрондардың әсерінен  изотопының ғана бөлінетінін, ал баяу нейтронды жұтқан  ядросының бөлінбейтінін көрсетті.
Әр уран-235 ядросы бөлінген кезде орташа 195 МэВ энергия бөлініп шығады. Осыдан, жарқыншақтар қарама-қарсы бағыттарда ұшады және олардың кинетикалық энергиялары жоғары. Жарқыншақтар бөліну кезінде пайда болатын жалғыз ғана бөлшектер емес. Әр ядролық бөліну кезінде 2 немесе 3 нейтрон бөлініп шығады. Мысал үшін бөліну реакциясының мүмкін арналарының екеуін келтірейік:
(6.1)
(3.1)-ден бөліну нәтижесінде пайда болатын жарқыншақтардың массалары бірдей болмайтыны көрінеді.
6.1-суретте  ядросы бөлінген кезде пайда болатын жарқыншақтардың массалық сан бойынша таралуы көрсетілген. Таралудың шыңдарына сәйкес келетін жарқыншақтардың массаларының қатынасы 1,5. Шыңдардың ендері әжептәуір кең. Олардың биіктіктерінің жартысына сәйкес келетін ендерінің жуық мәні DА≈20. Бұл ядроның бөліну жолдарының әралуан екенін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет