Тема Өсімдіктер әлемінің жүйесі және оның эволюциясы. Филогенез және онтогенез



бет3/3
Дата24.12.2023
өлшемі32,19 Kb.
#199012
1   2   3
Байланысты:
921494046111 2-апта лекция

Өсімдіктер (лат. Plantae) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.


Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқым тобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.
20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді.
20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:

  • қызыл балдырлар

  • нағыз балдырлар

  • ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді.
Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.
Әдебиет: [1-4.]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет