Тема в слайдах


Тәрбие түрлерінің сипаттамасы



бет8/12
Дата20.01.2023
өлшемі3,1 Mb.
#166000
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жумашева 10 лекция презентация pptx

Тәрбие түрлерінің сипаттамасы
8. Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз не?
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз-адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу
Тәрбие түрлерінің сипаттамасы
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты не?
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты-салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие түрлерінің сипаттамасы

Дене шынықтыру тәрбиесінің қандай міндеттері бар?

1. Денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау

2. Табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру

3. Дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу

4. Табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру
(күн, су, ауа)

5. Ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру

6. Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру

9. Эстетикалық тәрбие дегеніміз не?
Эстетикалық тәрбие дегеніміз –балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және еңбекте, қоғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты не?
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты–балалардың шығармашылық қасиеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтарын дамыту

Эстетикалық тәрбиенің қандай міндеттері бар?

1. Эстетикалық білімдерді қалыптастыру

2. Эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу

3. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру

4. Шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату

5. Эстетикалық сезімдерді қалыптастыру

6. Адамды өмірдегі,табиғаттағы,еңбектегі әсемдікке баулу

7. Өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет