Жалпы темір жол көлігінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар;
Багаж - жолаушылар немесе почта багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік;
Тармақ иеленуші – меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;
Жүк – жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік;
Жүк багаж – жолаушылар мен почта багажпоездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килграмнан артық мүлік;
Жүк жөнелтуші – тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтуші тұлға;
Жүк жөнелтілімі – бір темір жол көлігі жүк құжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
Темір жол қатынасы - жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк - багаж және почта тасымалдау, оның мына түрлері:
Халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
Республикалық – Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау;
Қала маңындағы – жолаушыларды қала шегінде және қашықтығы жүз елу километрден аспайтын қала маңында тасымалдау;
Темір жолдар – жылжымылы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік обьектілері (тар және кең магистралдық, станциялық, кірме жолдар);
Достарыңызбен бөлісу: |