Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.
Шағын жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
Жеке жоба бойынша жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 3 кезеңге бөлуге болады:
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.
1997-2000 ж.ж. - мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
3.3.Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйені жіктеу критерилері. Қоғамда шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек. Ол үшін экономиканың негізгі үш мәселесіне жауап беру қажет. Осы мәселелердішешуде қоғамның ұйымдастырылу тәсілі экономикалық жүйе болып табылады. Экономикалық жүйенің жіктелуі ӨҚЖ на, меншік түрлеріне шаруашылықтың ұйымдастырылу тәсіліне және негізгі экономикалық мүдделерге байланысты.
Экономикалық жүйе - материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы ерекше түрде реттелген байланыстар жүйесі.