Жеке табыс (ЖТ) = табыстар + трансферттік төлемдер ҚБТ - ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады. Қолдағы табыс (ҚТ) = ЖТ – салықтар мен төлемдер. ЖҰӨ (ЖІӨ) есептеу әдістері ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:
1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.
2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады: