Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі
Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)
Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.
Американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс «Лаффер қисығы» деп аталады.
Егерде салық өсімі О -ден
100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің
төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.