Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»


Халықты əлеуметтік қорғау жүйесінде мына деңгейлерді бөлу қабылданған



бет122/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   139
Халықты əлеуметтік қорғау жүйесінде мына деңгейлерді бөлу қабылданған
• мемлекеттің жəне муниципалды басқару органдарының тарапынан;
• жұмыс берушілердің, фирмалар əкімшіліктерінің, кəсіпорындардың тарапынан;
• кəсіподақтар, əр түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен еңбек ұжымдарының тарапынан;
• отбасылық қорғау жəне өзін-өзі қорғау.


Табыстарды дифференциялау себептері. Лоренц қисығы және Джинни коэффициенті
Әлеуметтік теңдіктің (теңсіздіктің) деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне кажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы-қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде - экономикалық қызметтін нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда.
Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне кұнды қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т.б. түсетін табыстар жатады. Қосымша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады. Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету (диверсификациялау) негізгі табыстың төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің негізгі табыс түрінін өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.
Табыстар формасына қарай ақшалай және материалдық болып та бөлінеді. Акшалай табыстар еңбекақы, жалақы, сыйлық, зейнетақы, жәрдемақы, материалдық қаражат (субсидия) түрлерінде болады, ал материалдық табыстар - материалдық игіліктер (автоколік, саяжай, пәтер, жиһаз т.б.) түрінде болады.
Табыстар құкықтык жағынан алғанда ашық және жасырын түрде болады. Біріншісі табыстың занды түрі болса, екіншісі заңға сәйкес келе бермейтін түріне жатады. Табыстың жасырынды түрлері негізінен «көлеңкелі» экономика секторымен байланысты болады. Тағы номиналды (брутто) және реалды (нетто) табыстар да аныкталады. Номиналды табыс - әр түрлі алым-салықтардан тазартылмаған, жалпы есептелген табыс сомасы. Ал реалды табыс - бұл колдағы таза табыс, оны адам топтың оз қажеттілігіне жұмсай алады. Реалды немесе нақты табыс бағаның өсу деңгейіне байланысты және ол инфляция жағдайында қысқарады.
Қарастырылып отырған тұрғыдан алғаңда әлеуметтік қамсыздандыру керсеткіштерінің маңызы өте зор. Соңғы жылдары әлем практикасында кең тараған көрсеткіштер отандық статистикада пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл «тұтыну қоржыны» деген ұғымға қатысты. Осы ұғым адам өміріне қажетті ең негізгі материалдық игіліктер мен қызметтер құрамасын білдіреді.
Экономиканың нарыктық үлгісіне көшу кезіңде әлеуметтік жіктелу (дифференциациялану) артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде сипаттайтын «тұтыну қоржыны» толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. Тұтынудың «рационалды» және «минималды» деңгейлерін есептеу қабылданған. Осы күні отандық статистика мекемелері «тұтынушылық қоржын» құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлерін тұракты түрде есептеп керсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттерге «өмір сүру сапасы» деген ұғым да енгізілді. Осы керсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі түрде өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен бірге әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс, мәдениет т.б.) пайдалануды да есепке алып, қоғамның тұрмыс деңгейін жан-жақты сипаттайды
Табыстардың дифференциациялану деңгейін өлшерде «Лоренц қисығы» деп аталатын графикалық көрсеткіш қолданылады ( суретке қараңыз). Бұл график тұрғындардың әлеуметтік жіктерге бөлінуін (5 тең көлемді топқа) және осы топтар арасында табыс қалай бөлінгенін көрсетеді.
Г рафик қарапайым да көрнекті болуы мақсатында барлык турғындар тең санды бес топка бөлінген (20%-тен). Осы әлеуметтік топтардың алатын табыс шамалары да бес тең проценттік топқа бөлінген. Егер табыстар абсолютті тең бөлінген болса, онда график биссектриса түрінде көрінеді. Бірак онда бұл график теорияда ғана болатын әлеуметтік жағдайды суреттейді. Ал экономнкалық өмірде табыстардың тең бөлінуі ешқашанда да мүмкін емес. Ақиқаттық жағдай графикте биссектрисадан төмен орналасқан қисық сызық түрінде көрініс алған. Осы графикте алғашқы екі топ (графикте алдымен табысы басқалардан аз топтар көрсетілген, одан сон табыстары ортасына тұрғындар топтары, ең соңында табысы жоғары тұрғындар тобы белгіленген) жалпы табыс сомасының аз бөлігін (20%-ін) иеленеді; яғни табысы төмен тұрғындардың саны 40%, ал олардың жалпы табыстағы үлесі - 20%. Орташа әлеуметтік топтың тұргындар санындағы үлесі - 40% және жалпы табыстағы үлесі - 40%. Сонымен, «Лоренц қисығының» түзу сызықтан (биссектрисадан) ауытқу шамасы табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесін көрсетеді. Осы дәрежені «джини коэффициенті» (индексі) деп атайды. Джини коэффициенті «Лоренц қисығымен» шектелген үшбұрыш аукымың биссектрисамен шектелген үшбұрыштың аукымына болу арқылы анықталады. Табысты бөлудегі теңсіздік азайған сайын «Лоренц қисығы» абсолютті теңдік сызығына жақындай түседі, ал джини коэффициенті өсіп, 1-ге жақындай береді. Абсолютті теңдік сызығы (тура сызық, биссектриса) мен «Лоренц қисығы» шеңберіндегі ауқым кғгамда калыптаскан табыс теңсіздігінің абсолютті көлемін көрсетеді. Халықтын әлеуметтік құрылымын сипаттағанда жоғарыда келтірілген көрсеткіштен басқа «дециль коэффициенті» деп аталатын керсеткіш те қолданылады, Дециль коэффициенті табысы ең жоғары және табысы ең төмен әлеуметтік екі топ арасындағы тұрмыс деңгейінің алшақтығын көрсетеді. Есептеу әдістемесіне сәйкес табысы ең жоғарылардың және табысы ең төмендегілердің тұрғындар санындағы үлесін 10%-ке тең етіп теңестіріп алады. Енді осы сан жағынан тең екі топтың жалпы табыстағы (ұлттык табыстағы) үлестерін аныктайды да, бірін екіншісіне бөледі. Сөйтіп, дециль коэффициентін шығарады.
Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОҒЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін керсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек ығындарына сәйкестендіру керектігін кеп жазуда. Сонымен қатар енбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер. Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқаңда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығаңдықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамты-майды, ол сонымен қатар коғамдык өндіріске катысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет