Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет18/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139
Нақты меншік болып анықталатын тұтыну, меншікке толық иеліктін өлшемі қызметін атқарады. Қолдануы болмаған меншік иесіз меншік деп аталады. Меншіктің тұтынылмауы меншік құқының толык жойылғанының дәлелі болып саналады. Толық меншік иесінің өзі, заттардың пайдалылығын өзі қолданып өндіріс жүргізе алады. Технология жағынан бұл әрекет тек ұсақ өндірісте ғана мүмкін болады: шаруалардың шаруашылығында, қолөнерінде, қызметтер сферасында, т.б. Ірі қоғамдық өндірісте, әдетте меншік шаруашылықпен айналысатын субъектердің пайдалануына беріледі. Бұл жағдайда меншіктін бір объектін екі субъект иемденеді, бұлардың өкілеттігі ажыратылады: меншік иесі заттың құнына (бағалығына) жарлық жүргізеді, иемденуші заттың пайдалылығын қолданып өндіріс жүргізеді. Бұлардың әрқайсына меншік табыс әкеледі. Шаруашылық этикасы меншіктің осы екі типтерінің әрекеттерін ажыратып бөліп жүргізілуіне сүйенеді. Қоғамдық сипат алған өндірісте оны өндірісте жиынтық жұмыскер жүргізеді, шаруашылық өмірдің басты фигурасы болатын меншік иесі емес, иемденуші болады. Ол акционерлеу, несие, аренда, лизинг арқылы өндіріске тартылған бөтен меншікке жарлық етеді. Меншік қатынастары мен шаруашылық жүргізу әрекеттерінің үйымдастыру формаларының арасында диалектикалық байланыс болады. Бір жақтан, экономиканың құрылымы меншік құрылымына әсер етеді. Оның (меншіктің) түрлерінің көп болуын белгілейді. Екінші жақтан, шаруашылық әрекеттерінің формалары, меншік объектерін пайдалану туралы қатынастармен және өндірістің техникалық даму дәрежесімен белгіленеді. Меншіктің бір формасының, немесе, бір түрінің негізінде, бәсекелестіктің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің әртүрлі формалары қалыптасуы мүмкін. Демек, жеке меншіктің әртүрлерінің негізінде индивидуалдық өндіріс және бірлескен өндіріс жүріп отыра алады. Бірлескен өндірістің ұйымдастыру жұмысында икемділігі мол, және капиталды шоғырландыруда мүмкіндігі зор болады. Жалпы меншіктің әр түрлерінің негізінде шаруашылық жүргізудің бірнеше формалары болуы мүмкін: мұрагерлік иемденуге беріліп отыратын жердегі шаруа қожалығынан, экономиканың мемлекеттік секторындағы концернге дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет