Қаржының атқаратын қызметтері: 1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)
2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.
3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы ретінде қолданғанда атқарады. Сондықтан қаражат саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.
4) Бақылау- ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады. Ол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Оның басты мақсаты- қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді дамуы және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау.
13.2. Ақша жүйесі және оның ұлттық экономикадағы рөлі. Ақша агрегаттары Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бектілген.