Теміртау қаласы Бұқар жырау ауданы Гагарин орта мектебі кмм



Дата11.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#111367
Байланысты:
минездеме окушыга, сыныпка


Теміртау қаласы Бұқар жырау

ауданы Гагарин орта мектебі КММ

5 «А » сынып оқушысы Сапар Әлібекке

Мінездеме

Сапар Әлібек 2009 жылы 14 мамырда дүниеге келді. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы.

Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас. Ата-анасы баланың дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттер оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көз қарасын дұрыс қалыпстастырған.

Оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқу жұмысына жүйелі бірізді.

Сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқа. Әлібек – іскер, қабілеті қайырымды оқушы, оқуға деген ынта -ықыласы өте жоғары. Әлібек мектептің қоғамдық жұмыстарна белсене қатысады. Ол тапсырылған жұмыстардың мерзімінен бұрын орындалуына ұйытқы бола біледі, қабілетті оқушы. Ұстаздары оның таңдаған кәсібінің білікті маманы болатындығын сенеді



Сынып жетекшісі: Жайнах Б.

Мінездеме беруші: Булганбай А.________

Теміртау қаласы Бұқар жырау

ауданы Гагарин орта мектебі КММ

5 «А » сынып оқушыларна

Мінездеме

Гагарин орта мектебі КММ 5 «А» сынып. Сыныпта 17 оқушы бар. Оның ішінде 8 ұл бала, 9 қыз бала. Сынып жетекшісі Жайнах Базаргүл., Басқа сыныптан ауысып келген, оқушылар жоқ. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.

Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 5, орташа оқитын балалар саны –6, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (Өзін- өзі тану, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.

Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар осал. Тек екі қыз ғана домбыраға мен биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмеге қатысады. дзюдоға 3 ұл, күреске 7 ұл қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар.

Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады

Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.

Оқудан тыс өмірде оқушылар саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.



Сынып жетекшісі: Жайнах Базаргүл

Мінездеме беруші: Булганбай Азамат_______







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет