Темпераментті анықтау әдістемесі.
Нұсқау: Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз!
№
|
А
|
Б
|
В
|
Г
|
1
|
Мазасыз, күйгелексіз
|
Көңілді,
Ақжарқынсыз
|
Сабырлы, байсалдысыз
|
Ұялшақ, қысылып-
қымтырыласыз
|
2
|
Ұстамсыз,қызбасыз
|
белсенді, істе ширақсыз
|
ретті, нақтысыз
|
Жаңа ортада
ыңғайсызданасыз
|
3
|
Шыдамсыз
|
Бастаған бетті аяқсыз
қалдырасыз
|
Сақ,парасаттысыз
|
Жаңа адамдармен тіл
табысу сізді қиналдырады
|
4
|
Қарым-қатынаста
Бір беткей, тік мінездісіз
|
Өзіңді асыра бағалайсыз
|
шыдамдысыз
|
Өз күшіңе сенбейсіз
|
5
|
Батыл,белсендісіз
|
жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз
|
Үндемейтін,көпсөйлегенді жек
көресіз
|
Жалғыздықты ұнатасыз
|
6
|
Бір беткейсіз
|
Ықылас бейімділігіңізтұрақсыз
|
Аспай-саспай бірқалыпты сөйлейсіз
|
сәтсіз
жағдайлардаұнжырғаңызтүсіп,сасасыз
|
7
|
Дау-дамайда тапқырсыз
|
Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз
|
Ұстамды,шыдамды
|
Өз ойыңызбен отырғанды
қалайсыз
|
8
|
Тәуекелге бейімсіз
|
Әр түрлі
жағдайларға тезбейімделесіз
|
Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз
|
Тез шаршап қаласыз
|
9
|
Іске анда-санда араласасыз
|
Кез-келген жаңа іске
қызығушылықпен кірісесіз
|
Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз
|
Тым әлсіз сөйлейсіз,кейде тіпті естілмей
қалады
|
10
|
Қайтымы
жылдам, секемшілсіз
|
Тартымсыз болса, көңіліңізтезқалады
|
Қойылған күн тәртібін ұстанасыз
|
Еріксіз әңгімелесушініңмінез-құлқымен
үйренесіз
|
11
|
Шапшаң,әсерлі,бірақжиі тоқтап сөйлейсіз
|
Жаңа іске тез кірісесіз,басқа іскеде араласып
кетесіз
|
Шапшаңдығыңызды басып отырасыз
|
Істе шапшаңдықтанытпайсыз
| Темпераменттің кілті
Әр нұсқаға «1»ұпай беріледі.
«А»-Холерик–ыстық қанды
«Б»-Сангвиник-жеңіл қанды
«В»-Флегматик–суық қанды
«Г»-Меланхолик–ауыр қанды
Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамныңжеке дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз,ылғи да қүйіп-пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады.Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик депаталады.
Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін қөңілді ұстайды. Ақ көңіл қызу істің адамдары. Қысылып қымтырылмайды, кісіге қайырымды, етітірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілідейді.
Енді біреулері сақ байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты бір қалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсе қызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу.
Бұл флегматик темпераментінің өкілі.
Меланхолик темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ. Пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |