Теориялық және практикалық биологияның заманауи проблемалары пәні бойынша сұрақтарға жауап
Дайындаған:Мусинова Айнур 1 курс магистранты
1)Ғылым дегеніміз не?
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.
15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.
2)Ғылымдардың философиядағы байланысы?
Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
3)Биология философиясы?
Биология философиясы немесе биофилософия - биология және биомедицина ғылымдары саласындағы гносеологиялық, метафизикалық және этикалық мәселелермен айналысатын, сонымен қатар өмір туралы ғылымдар кешенінің негізгі бағыттарының даму заңдылықтарын талдап, түсіндіретін философия бөлімі. Биофилософия биологиялық білімнің құрылымын зерттейді; тірі заттар мен жүйелер туралы ғылыми білімнің табиғаты, ерекшеліктері мен ерекшеліктері; осындай білімнің құралдары мен әдістері. Биология философиясы - бұл биологияның пәні мен әдісі, биологияның басқа ғылымдар арасындағы және тұтастай ғылыми білім жүйесіндегі орны, оның қазіргі қоғамдағы танымдық және әлеуметтік рөлі туралы жалпылайтын философиялық пайымдаулар жүйесі. Кейбір сарапшылар биофилософияны биология философиясын қамтитын пәнаралық білім саласы ретінде таниды. Басқалары керісінше деп санайды: биология философиясы биофилософияны қамтиды. Қазіргі уақытта философтар арасында бұл мәселе бойынша ортақ пікір жоқ.
Ғылым философтары және жалпы философтар биологияға көптен бері қызығушылық танытқанымен (мысалы, Аристотель, Декарт, тіпті Кант), биология философиясы жақында пайда болды. Онда бірден биофилософия биология философиясының құрамдас бөлігі ретінде ерекшеленді. Биофилософияның қалыптасуының басталуын (философияның дербес саласы ретінде) А.Т.Шаталов пен Ю.В.Олейниковтың пікірі бойынша австриялық эволюциялық ғалым Б.Ренштің «Биофилософия» деп аталған монографиясын шығарумен байланыстыруға болады және сонымен қатар Р.Саттлердің «Биофилософия. Аналитикалық және тұтас перспективалар »атты мақаласы өмірді тану тетіктерін гносеологиялық зерттеуге және биофилософияның ғылыми білім құрылымындағы орнын анықтауға арналған.
4)Философия дамуындағы биологияның рөлі?
Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) - деп есептейді.
Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын жəне негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік əлем» философиясынан көруге болады.
Қорытынды
Философия адамды танымның, іс-əрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мəңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мəнін жəне оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық жəне əлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, «адам-əлем» жүйесіндегі жалпылық жəне мəндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Бұл байланыстар құндылықтынормативтік сипатқа ие, өйткені олар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде адам танымының шектерін бекітеді.
Ғылыми пəндердің ішінде адамның əлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын пəндер: əлеуметтік (мəдени) антропология; психология; əлеуметтік психология; əлеуметтану. Антропологиялық тəсіл адамның табиғатын, мəдениет арқылы социумның дамуын жəне адамның өмір сүру тəсілінің универсалдық жəне жекелік түрлерін зерттейді.
Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретінде қарастырылады.
Антропологиялық ыңғайдың тарихи жəне эволюциялық, салыстыру жəне типологиялық, функционалдық жəне құрылымдық талдау əдістері адамды тұтас əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастыруға көмектеседі. Антропологиялық ыңғайдың əдістерінің көмегімен тарихи, географиялық, климаттық, биологиялық, психологиялық, əлеуметтік, гендерлік, этникалық жəне басқа да факторлардың адамға əсерін зерттеуге болады. Адам мен қоғамның қарым-қатынастарын тереңірек жəне егжей-тегжейлі талдау мақсатында қазіргі кезеңде адамды зерттеу аясына антропологияның жаңа ұғымдары мен ыңғайлары жасалып ендірілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |