Теориялық сұрақтар. Қазақ тілі сынып негізінде курстар үшін. ҚР-ның «Тіл туралы»



Дата26.08.2020
өлшемі16,85 Kb.
#76948
Байланысты:
Теориялық сұрақтар


Теориялық сұрақтар. Қазақ тілі 9 сынып негізінде 1 курстар үшін.

1.ҚР-ның «Тіл туралы» заңы қай жылы қабылданды?

2. Тіл туралы заң неше тараудан, қанша баптан тұрады?

3.Тіл туралы 5 мақал-мәтел жазып беріңдер.

4. ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?

5. Фонетика нені зерттейді?

6.Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшаларды атаңдар.

7.Ашық, тұйық және бітеу буын деген не? Мысал келтіріңдер.

8.Зат есімнің тәуелдік жалғауының жекеше түріндегі I, II, III, жағындағы жалғауларды атаңдар. Тәуелдік жалғауы әрдайым қандай септікпен бірге жүреді? «Құрал» сөзін I, II, III жақта жекеше түрде тәуелдеңдер.

9. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кім?

10. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім?

11. «Энергетик» сөзін жекеше-көпше түрде жіктеңдер.

12. «Электрші механик» сөзін жекеше түрде септеңдер.

13.ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы қай жерде дүниеге келген?

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қандай ғылыми атағы бар?

15. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қандай еңбектерін білесіңдер?

16. Өскемен политехникалық колледжі қай жылы құрылған?

17.Өскемен қаласында қандай кітапханалар бар?

18. «Я Вам очень благодарен» сөйлемін қазақшаға аударып жазыңыз.

19. Омонимдер деген не? Мысал келтір.

20.Антонимдер деген не? Мысал келтір.

21.Синонимдер деген не? Мысал келтір.

22. Тоқтар Әубакіров қашан ғарышқа ұшты? Қандай атағы бар. /Кеңес Одағының Батыры, ҚР-ның Халық қаһарманы/

23. Есімдік деген не? /Зат есім, сын есім, сан есім орнына жұмсалатын сөз табы/

24. Есімдіктің түрлерін атаңдар.

25.Сіз Өскемен қаласында тұрасыз ба?- деген сөйлемде қандай есімдіктің түрі бар?

26.Сіз қазақ жазушыларының шығармаларын оқыдыңыз ба?

27.Сен қазақ тілін неге үйреніп жүрсің?

28. Жеті атаны атаңдар.

29.Сенің отбасыңда неше адам бар?

30.Сенің досыңның есімі кім және ол неше жаста?

31.Мына туыстық атауларды орыс тіліне аударыңдар:

Туысқан-

Жақын туыс-

Алыс туыс-

Келін-


Күйеу бала-

Өгей әке-

Өгей шеше-

Ене-


Қайын ата-

Жеңге-


Қайын сіңлі-

Қайны-


32.Сын есім деген не?

33.Сын есімнің белгілерін атаңыз: /түсі, көлемі, мінездемесі мен қасиеті, дәмі, формасы/

34.Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

35.Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

36. Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық болады. «Көк шөп», «Өнерлі жігіт» деген сөздер қандай сын есімдерге жатады?

37. «Жақсырақ», «Суықтау», «Қызғылтым», «Сарғыш», «Қоңырқай», «Ұзынша» деген сын есімдер қандай шырайдың түріне жатады?

38. «Өте жақсы», «Сұп-суық», «Ең жақсы» деген сын есімдер қандай шырайдың түріне жатады?

39.Қонақтың қандай түрлерін білесіңдер?

40. Қонақ туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

41.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

42. «Это мой дом», «Дом -мой» деген сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз?

43. Зат есімнің 7 септік жалғауларын жазыңдар.

44. «Менің отбасымның әлеуметтік жағдайы нашар»-деген сөйлемде қай септіктің жалғауы жалғанған?

45. Зат есімнің 7 септік жалғауларының сұрақтарын жазыңдар.

46. Заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табын не дейді?

47.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

48. «Жүру», «»Көру, «Оқу», «Жазу» деген сөздер етістіктің қандай жұрнағы арқылы жасалған?

49.Болымсыз етістіктің жұрнақтарын жазыңдар.



50. Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін атаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет