Терапия Артериальная гипертензия



бет3/20
Дата06.04.2022
өлшемі1,21 Mb.
#138118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
окон каз вар воп№1 (5)

ИБС. Инфаркт миокарда
! Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфарктінің диагностикасын қиындатуы мүмкін?
*+ WPW синдромы
* Жүрекше жыпылықтауы
* Қарыншалық экстрасистолия
* Гис шоғыры сол аяқшасының толық бөгеті
* Қарыншалық пароксизмалды тахикардия
! Ер адам 60 жаста, төс артындағы, төменгі жаққа берілетін қатты ауру сезімінен кенеттен оянды, 2 рет изокет қабылдады, ауру сезімі басылмады. Айқын әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синустық тахикардия минутына 95 ретке дейін. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы, I, aVL, V2-V4 әкетпелерінде ST сегментінің депрессиясы.
Көрсетілген тексерулер ішінде бірінші орындағы ЕҢ спецификалысы қайсысы?
* Миоглобин деңгейі
* Лактатдегидрогеназа деңгейі
*+ Тропонин ферментінің деңгейі
* Лейкоцит деңгейі
* МВ-кретининфосфокиназа деңгейі
! 42 жасар ер кісі, кенеттен түнде төс артындағы үдемелі басып ауру сезіміне шағымданады. Лезде бозарып, көгеруі күшейіп, суық тер басып, есінен танды. Пульсімен қысымы анықталмайды, қарашығы кеңейген. Электрокардиограммада: түрі мен амплитудасы әртүрлі ретсіз және тұрақты емес толқындар.
Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
* Кардиогенді шок
* Қарыншалардың фибрилляциясы
* Жүрек тампонадасы
* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*+ Жедел жүрек жетіспеушілігі
! 49 жасар ер кісі, физикалық жүктемеге байланыссыз сол жауырынға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Жүректің соғу жиілігі – 90 рет минутына. Тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ритмі синусты, дұрыс, 85 рет минутына, жүректің электрлік осі солға ығысқан. QRS комплексі 0,14 секунд. I, aVL, V5, V6 әкетулерінде R тісінің амплитудасы биік және дискордантты SТ сегментімен Т тісі. II, III, aVF, V1-V3 әкетулерінде R тісінің амплитудасы төмен және S тісі терең.
Төменде көрсетілген блокадалардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
* Қарынша ішілік блокада
* Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
* Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы
*+ Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
* Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы
! 59 жасар әйел. Шағымдары: 30 минутқа созылатын, мойынға берілетін төс артындағы басып ауру сезіміне. Объективті: терісі бозғылт, акроцианоз, есі анық емес, пульс 49 рет минутына, аз толымды, артериалдық қысым 80/50 мм.сын бағ. ЭКГ-де: ритм синусты, барлық әкетулерде вольтаж 5 мм төмен, жүректің соғу жиілігі 45 рет минутына.
Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
*+ Электрокардиостимуляция
* Новокаинамид көктамырға
* Лидокаин көктамырға
* Өкпенің жасанды вентиляциясы
* Жүректің жабық массажы
! 56 жасар ер кісі. Кенеттен есінен танды. Дәрігердің айтуы бойынша сол қолға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне, ентігуге, лезде әлсіздікке, суық терге шағымданған. Объективті: ұйқы артериясында пульс анықталмайды. ЭКГ-де ретсіз, әртүрлі амплитудалы толқындар.
Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
*+ Электрлік дефибрилляция
* Жасанды тыныс
* Жүректің тікелей емес массажы
* Добутамин 10 мкг/кг/минутына
* Адреналин 0,1% 0,5 мл
! Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел миокард инфарктісі кезінде тромболитикалық терапияны бастау үшін ЕҢ оптимальді уақыт қандай?
*+ 1 сағат
* 2 сағат
* 3 сағат
* 4 сағат
* 5 сағат
! 52 жасар ер кісі. Сол иыққа берілетін төс артындағы күйдірген ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Ұстама 1 сағаттай созылады. Нитроглицерин ауру сезімін баспайды. Объективті: ортопноэ, акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 98 рет, артериалды қысымы 130/95 мм.сын бағ. тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, минутына 100 рет, V4-V6 әкетулерінде S-T сегменті изолиниядан 2,5 мм жоғары, Т тісі сүйір ұшты.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
* Үдемелі стенокардия
* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* Вазоспастикалық стенокардия
* Алғаш рет анықталған стенокардия
*+ Жедел миокард инфарктісі
! 58 жасар ер кісі. 40минутқа созылатын, физикалық жүктемемен байланыссыз, төс артындағы қысқан ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Өлімнен қорқу сезімі. Объективті: ортопноэ, терісін суық тер басқан, акроцианоз. Тыныс жиілігі минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 115 рет, артериалды қысымы 170/90 мм.сын бағ. Электрокардиограммада: синусты тахикардия минутына 110 рет. Электр осі горизонтальді қалыпта. I, II, aVL, V3-V6 әкетулерінде Q тістері 0,04 секунд, ST сегменті 7 мм жоғарлаған.
Аталған дәрілік заттардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте қолданылатын қайсысы?
*+ Морфин
* Лидокаин
* Изокет
* Стрептокиназа
* Каптоприл
! Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
* Мойын остеохондрозы
* Спонтанды пневмоторакс
* Қолқаның қабаттасқан аневризмасы
*+ Миокард инфаркті
* Өкпе инфаркті
! 38 жастағы науқас физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс.
Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді?
* Жалпы қан талдауы
* Холестерин,үшглицеридтер дейгейінің жоғарылауы
*+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы
* Физикалық жүктемемен тест
* ЭХОКГ
! ЭКГде V1-V3 әкетулерінде Q тісшесінің монофазалық қисықпен бірге төс артында айқын ауырсынулар.
Миокард инфактысы қай жерде орналасқан?
*+ Сол қарыншаның алдыңғы-пердеаралық
* Сол қарынша ұшының
* Сол қарыншаның алдыңғы-пердеаралық және бүйірлік
* Сол қарыншаның бүйір қабырғасының Q тісшелі Ж.М.И.
* Сол қарыншаның алдыңғы-бүйірлік
! 55 жастағы науқасты бұрын тез жүргенде пайда болып,дем алғанда басылған, бүгін кешкі тамақтан кейін басталып 20 минутқа созылған оң жақ иығындағы ауырсыну мазалайды.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
*+ Жедел миокард инфаркті
* Үдемелі стенокардия
* Вазоспастикалық стенокардия
* Экссудативті перикардит
* Мойын остеохондрозы
! 68 жастағы ер адам. Шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, іштегі анда санда болатын ауырсынуға, көзінің алдында екілену. Дәрлер қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын.бағ., ЖСЖ 50 соққы 1 мин. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, комплекс QRS деформацияланған, барлық әкетулерде «тегене тәрізді» ST аралығының изосызықтан төмендеуі, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолия.
Науқастың жағдайының нашарлауына ЕҢ мүмкін асқынуды көрсетініз.
* Гипертониялық криз
* Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы
*+ Гликозидті улану
* Қайталанған миокард инфаркті
* Мидың қан айналымының өтпелі бұзылуы
! Жүректегі ауырсынуды басу үшін, 1-5 минут ішінде пероралды нитроглицеринді қабылдау тән:
*+ Тұрақты стенокардияға
* Тұрақсыз стенокардияға
* Миокард инфарктісіне
* Қолқаның қабаттасқан аневризмасы
* Перикардит
! 42 жастағы науқас эпигастрии мен төс артындағы қарқынды қысып ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: RII,III,AVF тісшесінің төмен вольтажы, STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагнозды қоюда қандай диагностикалық тесттер көмектеседі?
* Жалпы қан талдауы
* Қандағы холестерин, триглицеридтер
*+ Кардиоспецификалық ферменттер (тропонин немесе МВ-КФК)
* ЭКГ холтерлік монитерлеу
* ЭхоКГ
! 55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік болғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Бұл жағдайда препараттардың қайсысы қолданылады?
* Атенолол
* Эналаприл
* Нитроглицерин
*+ Нифедипин
* Аспирин
! 55 жастағы науқасты 2 сағатқа созылатын және кеуде тұсындағы үдемелі қарқынды қысып ауырсыну мазалайды. Ауырсыну алғаш рет жедел дамыды. Бұрын медициналық көмекке жүгінбеген. Қарағанда: акроцианоз, «мраморлы» тері, суық жабысқақ тер, пульсі жіп тәріздес. АҚҚ 80/60 мм сын.бағ. Бұл жағдайға қандай клинико-функционалды бұзылыс себеп болды?
* Соғу көлемі
* Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 60 % аз
* Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 40% көп
*+ Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 20% аз
* Жүректің минуттық көлемі
! Миокард инфарктісі, принцметал стенокардиясы, перикардит, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты клиникалық жағдайларда ЭКГ-да жалпы өзгеріс белгілері бар, бұлар анықтауды қиындатады. ЭКГ-дағы қандай белгілер бар?
* Q тісшесі
* QS тісшесі
* ST сегментінің депрессиясы
*+ ST сегментінің жоғарлауы
* Теріс Т тісшесі
! Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқаста алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсыну төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды.
Ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай емдік шаралар оптималды?
*+ Нейролептаналгезия
* Оксигенотерапия
* Тіл астына нитроглицериннің 1 таблеткасы
* К/т тамшылатып нитроглицерин енгізу
* Бета-блокаторлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет