255. Емханада дәрігер дисфагиясы бар науқасты тексеруде рефлюкс – эзофагит анықталды. Сіздің іс-әрекетіңіз:
{
~стационарға жатқызу
~6 күнге еңбекке уақытша жарамсыздық қағаз беріп амбулаториялық ем жүргізу
~гастроэнтеролог кеңесі
~медикоәлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу
~жұмыс кезінде амбулаториялық ем
}
256. 51 жастағы науқаста мына белгілер табылды: ұйқы безінің кальцификациясы; УДЗ кезінде ұйқы безінің эхогенділігінің жоғарылауы; глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы; гиперамилазурия
{
~созылмалы панкреатит
~қант диабеті
~ішектің жедел түйілуі
~созылмалы калькулезді холецистит
~гемохроматоз
}
257. 56 жастағы науқас басының ауыруына, апатияға, ұйқышылдыққа, еске сақтаудың күрт төмендеуіне, оң қабырға астында тұйық ауыру сезіміне, лоқсуға, құсуға шағымданады. Созылмалы гепатитпен 10 жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: есі тежелген, адекватты емес, қолының треморы, еріксіз қимылдар анықталады. Әйелінің айтуынша 1 апта көлемінде жағдайы нашарлаған, спирттік ішімдік қабылдамаған. АҚҚ 130/80 мм сын.бағ. Жүрегі патологиясыз. Бауыры қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, шеті доғалданған, беті тегіс, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Көкбауыр пальпацияланбайды. Билирубин 69 мкмоль/л, тікелей 21 мкмоль/л, тимол сынамасы 14 бірлік, АЛТ 7,3 ммоль/л, креатинин 0,84 ммоль/л, қандағы қант 3,9 ммоль/л. Бауыр биоптатында: субмассивті некроз. Бастың КТ-да патология жоқ. Көз түбінде қан тамырлардың калибрі мен қатынасы қалыпты. Клиникалық диагнозды қойыңыз:
{
~созылмалы гепатит, алкогольді делирий
~созылмалы вирусты гепатит, бауырлық энцефалопатия
~альцгеймер ауруы
~созылмалы вирусты гепатит, бас миының ишемиялық ауруы
~атеросклерозды этиологиялы церебро-васкулярлық жетіспеушілік
}
Достарыңызбен бөлісу: |