Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі студенттердің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұСҚама



Дата04.08.2017
өлшемі194,94 Kb.
#22625

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль : терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды– терапиялық стоматологияның пропедевтикасы,

ПДО 01

МАМАНДЫҚ: 051302 «Стоматология»

Студенттердің өзіндік жұмысына

арналған әдістемелік нұсқама

Тақырып: Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыратын және дезинфекциялайтын заманауи заттар мен әдістер.
Курс: 4

Семестр -7-8

Алматы, 2012 ж.

Модульдің отырысында талқыланды



« ___ » ___________ 2012 ж. №________хаттама

Модуль жетекшісімен бекітілді

М.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А..


  1. Тақырып№1: Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыратын және дезинфекциялайтын заманауи заттар мен әдістер.

  2. Мақсаты: Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыратын және дезинфекциялайтын заманауи заттар мен әдістердің ерекшіліктерін оқу

  3. Тапсырма: қарастырылып отырылған тақырып материалдарын келесі сұрақтар бойынша өздігінен оқу:

1) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыратын және дезинфекциялайтын әдістер

2) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру әдістері (залалсыздандыру режимі,

аппаратурасы)

3) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыруды сапалық бақылау



4) Залалсызданған стоматологиялық аспаптарды сақтау уақыты мен жағдайлары.


  1. Орындау формасы:

  • Рефератты дайындап жазу .

  • Презентацияларды мультимедиялы форматта дайындау, көрсету.

  • Тақырыптық кроссворд дайындау




  1. Дайындау критерилері (талаптар):

СӨЖ-дің таңдап алынған формасын кафедра талаптарына сай көрсетілген уақытында тапсыру.
Рефераттың құрылымы:

  • Титульді беті;

  • Тақырыбы (рефераттың бөлімдерінпарақ беттерін көрсете отырып рет-ретімен жазу);

  • кіріспе (зерттелетін мәселенің маңызын тұжырымдап айту, актуальдылығын анықтау, рефераттың міндеті мен мақсатын анықтау)

  • негізгі бөлімі ( рефераттың бұл бөлігінің әр бір тарауы бөлек проблемены немесе оның бір жағын дәлелдеп ашады, алдыңғының қисынды жалғасы болып келеді; осы бөлікте кестелерді, схемаларды, графиктерді, суреттерді және т.б. келтіруге болады)

  • соңы (рефераттың тақырыбы бойынша қортынды шағару немесе түйіндеп негіздеу)

  • әдебиеттер тізімі


Мультимедилі форматтағы презентация структурасы:

  • Титульды слайдтар;

  • кіріспе (зерттелетін мәселенің маңызын тұжырымдап айту, актуальдылығын анықтау,презентацияның міндеті мен мақсатын анықтау);

  • негізгі бөлімі (презентацияның бұл бөлігінің әр бір тарауы бөлек проблемены немесе оның бір жағын дәлелдеп ашады, алдыңғының қисынды жалғасы болып келеді; осы бөлікте кестелерді, схемаларды, графиктерді, суреттерді және т.б. келтіруге болады);

  • соңы (презентаци тақырыбы бойынша қортынды шағару немесе түйіндеп негіздеу)


Тақырыптық кроссвордтың құрылымы

  • тақырыбы

  • кроссворд

  • сұрақтар тізімі

  • дұрыс жауаптардың тізімі

  • қолданылған әдебиеттер тізімі


6. Тапсыру уақыты: 2сабаққа
7.Баға критериі:
Рефератты бағалау критериі





п/п

Критерий

Балл түріндегі баға, деңгейі

керемет

жақсы

Коррекцияны қажет етеді

қанағатсыз

1.

Рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға сай

13

9,75

6,5

0

2.

Тақырыптың толық ашылғаны


13

9,75

6,5

0

3.

Материалды бір-бірімен ұштастыра білу,қортынды шығаруы

13

9,75

6,5

0

4.

Ақпарат көздерімен жұмыс істей білу

13

9,75

6,5

0

5.

Реферат бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білу

12

9

6

0

6.

Реферат өңдеудің талаптарына сай


12

9

6

0

7.

Иллюстрациялар толық және сапалы

12

9

6

0

8.

Әдебиеттер жинағы

12

9

6

0

Максимальды балл – 100.
Мультимедилі форматтағы презентацияны бағалау критерилері




Критерий

Балл түріндегі баға, деңгейі

керемет

Қолайлы

Коррекция керек

Қолайсыз

1.

Титульді парағы, слайд атаулары, презентация жоспары, қолданған әдебиет тізімі және Internet көздері.

10

7,5

5

0

2.

Презентацияның мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға сай

10

7,5

5

0

3.

Слайдтарды логикалық реттілікпен орналастыру

10

7,5

5

0

4.

Материалдың мазмұнын көрсету (қысқаша мазмұны, құрылымы)

10

7,5

5

0

5.

Заманауи ақпарат көздерін жеткілікті түрде қолдану

10

7,5

5

0

6.

Материалды бір-бірімен ұштастыра білу, нақтылап, қортынды шығаруы

10

7,5

5

0

7.

Презентация материалыда ориентация деңгейі .

10

7,5

5

0

8.

Ғылыми терминдерді қолдана отырып реттілікпен сауатты, анық айту

10

7,5

5

0

9.

Өзінің позициясын қоғай білу және критиканы конструктивті қабылдау

10

7,5

5

0

10.

слайдтарды сапалы бейнелеу (әдемілігі, көрнекілігіжәне т.б.).


10

7,5

5

0

Максималды балл – 100.
Тақырыптық кроссвордты бағалау критерилері



п/п

Критерий

Балл түріндегі баға, деңгейі

Керемет

Қолайлы

Коррекцияны қажет етеді

қолайсыз

1.

Кроссвордтың мазмұны таңдалған тақырыпқа сай

20

15

10

0

2.

Сұрақтарды қоюдағы білімділік пен сауыттылық

20

15

10

0

3.

Кроссвордтағы сұрақтар саны

20

15

10

0

4.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

20

15

10

0

5.

Крассвордты өңдеудің эстетикалық жағы

20

15

10

0

Максималды балл – 100.
8. Әдебиет.

негізгі:

1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002.- 544 с.

2. Скорикова Л.А., Волков В.А., Баженова Н.П., Лапина Н.В., Еричев И.В. Пропедевтика терапевтической стоматологии. Ростов-на Дону, 2002.- «Феникс».- 246 с.

3. Боровский Е.В.. Фантомный курс. - Москва, 2005 - с. 2- 150.



Қосымша:

  1. Гажва С.И. Санитарно-эпидемический режим в учреждениях стоматологического профиля. - М., 2003.

  2. Шопен Франк. Дезинфекция в стоматологии.- 1997.

  3. Ламли Ф. Практическая клиническая эндодонтия (пер. с англ.). – М., 2007.

  4. Кунанбаева Т.С. Дезинфекция и стерилизация в стоматологической практике (учебное пособие). – Алматы, 2005.

  5. Трезубов В.Н., Мишнев Л.М., Соловьев М.М., Краснослободцева О.А. Стоматологический кабинет: оборудование, материалы, инструменты: учебное пособие для медицинских вузов. Под ред. Проф. В.Н.Трезубова.- С-Петербург, 2002.- 142 с.

  6. Троуп М., Дебелян Д. Руководство по эндодонтии для стоматологов общей практики. – Азбука, 2005.

9. БАҚЫЛАУ

Сұрақтар:

1) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру мен дезинфекциялаудың мақсаты не?

2) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру мен дезинфекциялау үшін қандай препараттар қолданылады?

3) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру мен дезинфекциялаудың реттілігі қандай?

4) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру мен дезинфекциялаудаың сапасын бақылауда қандай сынамалар тағайындалады?

5) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандырудың қандай түрлері бар?

6) Түгел металлдан жасалған аспапты қандай әдіспен залалсыздандырады?

7) Бір рет қолданылатын аспаптарға қандай аспатар жатады?

8) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру мен дезинфекциялау үшін қандай аппараттар қолданылады.

9) залалсыздандырылған және дезинфекцияланған стоматологиялық аспаптарды сақтау уақыты мен жағдайлары қандай?



Тест түріндегі тапсырмалар:

1тапсырма

Түгел металлдан жасалған эндодонттық аспапты қандай әдіспен залалсыздандырады?

1. құрғақ ауалы шкафта

2. қайнатумен

3. автоклавта

4. суық залалсыздандыру

5. кварц шамымен

2тапсырма

Мақта турундаларды (анжыларды) қандай әдіспен залалсыздандырады?

1. құрғақ ауалы шкафта

2. қайнатумен

3. автоклавта

4. суық залалсыздандыру

5. кварц шамымен

3 тапсырма

Пластмасса ұстағышы бар эндодонтттық аспапты қандай әдіспен залалсыздандырады?

1. құрғақ ауалы шкафта

2. қайнатумен

3. автоклавта

4. суық залалсыздандыру

5. кварц шамымен

4 тапсырма

Құрғақ ауалы шкафта төменде берілген аспаптардың, ТЕК біреуінен басқасының барлығын залалсыздандырады,:



1. айна

2. пинцет

3. зонд

4. айнаның қол сабы



5. штопфер.

5тапсырма

Өзек толтырғыштарды қандай әдіспен залалсыздандырады?

1. құрғақ ауалы (сухожаровой) шкафта

2. қайнатумен

3. автоклавта

4. суық залалсыздандыру

5. кварц шамымен

6тапсырма

Аспаптарды алдын-ала залалсызданырудығ сапасын бағалау үшін қандай сынама қолданылады: 1. йодинол сынамасын

2. бензидин сынамасын

3. амидопирин сынамасын

4. фенолфталеин сынамасын

5. пергидроль сынамасын

7тапсырма

Мақта валиктерді қандай әдіспен залалсыздандырады?

1. сухожаровой шкафта

2. қайнатумен

3. автоклавта

4. суық залалсыздандыру

5. кварц шамымен

8тапсырма

Залалсыздандыру дегеніміз?


    1. барлық микроорганизмдерді жою процессі

    2. барлық кандида тектес саңырауқұлақтарды жою процессі

    3. қарапайымдыларды жою процессі

    4. вирустарды жою процессі

    5. ішек таяқшасын жою процессі

9тапсырма

Дезинфекция –бұл:



      1. барлық заттардан барлық микроорганизмдерді жою процессі

      2. барлық микроорганизмдерді тарату, жаю процессі

      3. барлық микроорганизмдерді қайта өңдеу процессі

      4. микроорганизмдердің өсу процессін жылдамдату

      5. микроорганизмдердің өсу процессін баяулату

10 тапсырма

Залалсыздандыру түрлерінің саны қанша?



        1. үш

        2. екі

        3. бір

        4. төрт

        5. бес



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет