Тербелмелі контур (орыс. Колебательный контур) сыйымдылығы с конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұратын, сондай-ақ f 0 1/√lc периодты электр тербелісін туғызатын тұйық контур
Тербелмелі контур (орыс. Колебательный контур) — сыйымдылығы С конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұратын, сондай-ақ f_0 1/√LC периодты электр тербелісін туғызатын тұйық контур. Тербеліс конденсатордың электр өрісінің энергиясын катушканың магнит өрісінің энергиясына және керісінше түрлендіру арқылы пайда болады. Тербеліс жиілігі өзара параметрлерімен анықталады. Генераторлардың, күшейткіштердің, сүзгілердің резонанстық жүйесі ретінде пайдаланылады. Реалдық тербелмелі контурда барлық уақытта тербелістің өшуіне апарып соғатын кедергілер болады. Сыртқы электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) көзіне немесе ток көзіне жалғау тәсіліне байланысты тізбекті жене параллельді тербелмелі контур деп ажыратылады.