Тәрбие үдерісі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі48,71 Kb.
#196192
  1   2
Байланысты:
пед рк-2 ответыы


  1. ; 4) Каталдыкка, озбылыкка, жыныстык жоне баскадай адамгершілікке кайшы келетін насихатка (кино, здебнет, кегілдір экран т.б.) карсы рухани-адамгершілік каспеттерін калытастыру.

Қаталдыққа, озбырлыққа, жыныстық және басқадай адамгершілікке қайшы келетін насихатқа қарсы рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
•Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу-бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Жас ұрпақтың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
-тәрбие үдерісі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;
-жас ұрпақ рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
-жас ұрпақтың бойында әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе жас ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан, әрбір жас ұрпақ өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын.


  1. 5) Отбасындабалаларгаадамгершіліктербне беру.

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше, оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi деп есептнуге болады. Сондықтан балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз- өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.

6.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – бұл жаңа бір күнделікті өмір сүру жолында адамдарды даярлау, оларды қолдау және өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажетті құндылықтар мен мәселелерді үйрету процесі. Бұл процесті адамдардың денсаулығы, ақыл-парасаты, діни-марапаты мен психологиялық қасиеттерін дамыту арқылы жүргізуге болады. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің мақсаты – адамдарды жақсы жолда, денсаулығы мен психологиясы сапалы өмір сүруге мүмкіндік беру



7) Эстетнка женеэстетцкалыктарбиетуральутым.
Эстетика (көне грекше: сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді.
Эстетикалық тәрбие - бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй - сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.
Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар. түрлерін қамтиды.
Эстетикалық тәрбие тұлғаның әсемдікті тануға орайласқан санасын (білімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен ісәрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылык қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.


  1. 8 Тулганынуйлесімлідамуындаэстетикалыктербиенінрелі.

Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, олар ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. «Эстетика сөзі» грек тілінен алынған. Сезім, түйсік деген мағананы білдіреді. Олай болса эстетика-өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады В.Г.Белинский: Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы.Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ойда да жоқ. Эстетикалық сезім-ізгілік негізі адамгершілік негізі- деп түсіндіреді. Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.
Жалпы эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру, жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту болып табылады.
Оның негізгі компоненттері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдау объектісі бола алады. Эстетикалық сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі, адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі. Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік- құлықтарына игі әсер ету;
- Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту;
- Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;
- Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу


  1. 10. Мектептеэстетикатыкторбиеніуйымдастыружолдары.

Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.
Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.
Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады.
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.


  1. 11-сұрақ Эстетикалыктербие мен ултыкторбиенінезара тыгызбайланысы.

Эстетикалық тәрбие — ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әдепті, иманды халқымыз ұрпағына жан – жақты эстетикалық тәрбие беріп отырған. Тұрмыстағы, мінездегі әсемдікті өмірлік дағдыға айналдыруды тәрбиенің басты құралына жатқызған.
Үлт өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер — ұлттық мәдениетті көрсететін көркем құбылыстар.
Әдеп барлық халықта бар, ал қазақ халқында ол эстетикалық тәрбиенің өзегіне айналған. Өйткені “Әдеп” сөзі “мәдениет” деген сөздің баламасындай естіледі. Сондықтан, әдеп ұлттық мәдениетімізге сіңіп, қалыптасқан үрдіс.
Эстетикалық жағынан жетілу қажеттілігі адамгершілікпен тығыз байланысты екені сөзсіз.Біз адамның мінез — құлқына тек мейірім мен қаталдық тұрғысынан ғана баға бермейміз сонымен бірге оның әрекетті қалай жасағанын сұраймыз.
Сондықтанда эстетикалық тәрбие мен ұлттық тәрбие бір бірімен тығыз байланысты.


  1. 12. Mekreurerizeneraponeci, MaHi Me# Ma3MyHbl.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:
- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету; Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
- Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету;
- Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
- Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Осы аталған міндетердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы тұтастай бейнеленген.
Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.
Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек. Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты:
мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды шебер ұштастыру үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік- жігерін нығайтады.
Дене тәрбиесі жаттығулары. Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әртүрлі.

14. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы.


Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

15.Қазіргі дене тәрбиесінің міндеттері


Дене тәрбиесінің қазіргі мақсаттары дене саулығына, жалпы дайындыққа және жеке тұлғаның дамуына байланысты әртүрлі аспектілерді қамтиды. Негізгі міндеттердің кейбірі мыналарды қамтиды:
1. Физикалық денсаулық:
2. Аурулардың алдын алу:
3. Спорттық дағдыларды дамыту:
4. Психологиялық салауаттылық:
5. Әлеуметтену:
6. Күнделікті белсенділік:
Дене тәрбиесін ұйымдастыруда озық тәжірибелерДене тәрбиесінің озық тәжірибелері оқушылардың денсаулығын, қауіпсіздігін, ынтасын және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды. Міне, кейбір негізгі принциптер:
1. Бағдарламаны жекелендіріңіз: Оқушылардың физикалық мүмкіндіктерінің, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің әртүрлілігін қарастырыңыз. Жеке дене шынықтыру бағдарламаларын әзірлеу әр оқушының қатысуын ынталандырып, олардың дамуына ықпал етеді.
2. Жаттығулардың әртүрлілігі: Оқушылар өздеріне ең қолайлысын таңдай алуы үшін әртүрлі дене жаттығуларын қосыңыз. Бұл командалық спорт, аэробика, йога, жүзу және т.б. болуы мүмкін. Әртүрлілік әрбір студенттің қалауына қарамастан қатысуын қамтамасыз етеді.
3. Қауіпсіздік: физикалық белсенділік үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Бұл тиісті жабдықты, ойын алаңының жағдайын және мұғалімдер мен жаттықтырушылардан кәсіби нұсқауларды қамтиды.
4. Ынталандыру және мадақтау: Оқушылардың дене жаттығуларындағы жетістіктерін мадақтау және марапаттау. Оқушыларды спорттағы жетістіктері үшін мадақтау және олардың денсаулығын жақсарту оқушыларды жүйелі түрде жаттығулар жасауға ынталандырады.
5. Сыныппен интеграция: Мүмкіндігінше салауатты өмір салтын және оқушылардың белсенді қатысуын насихаттау үшін дене жаттығуларын сыныпқа кіріктіріңіз.
6. Ата-аналармен серіктестік: ата-аналар мен тәрбиешілерді үйде дене шынықтыру жаттығуларын қолдауға, дене шынықтыру жоспарларын талқылауға және салауатты өмір салты туралы ақпарат алмасуға тарту.
Осы факторларды ескере отырып, мектептер мен оқу орындары ынталандырушы, қауіпсіз және біріктірілген дене шынықтыру бағдарламасын жасай алады, осылайша оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайта алады.
17. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін дұрыс шешу оның міндеттері мен мазмұнын және жүзеге асырудың әдісі мен құралдарын айқындай білумен шарттас. Мектептегі еңбек тәрбиесі саласындағы басты міндеттер:
Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
Оқушыға техниканың қарқынды дамуын, өндірісте қолдануын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ұқтыру.
Қарапайым станоктар мен құрал-жабдықтарды меңгертіп, олармен жұмыс істей білудегі білік дағдыларын қалыптастыру.
Өнімді еңбекке қатыстыру арқылы оқушының қабілетін, ақыл-ойын, ерік қасиеттері менқызығушылық, т.б. Тағылымдарын арттыру.
Еңбектегі ар, ұжданды сақтап, тиісті істі ыждаһатты атқарып, еңбекке деген ынтымақты жебеп, оған қажеттілік туғызу.
Кәсіби мамандыққа бейімдеу.
Орта оқу орындары жағдайында бұл міндеттердің орындалуы еңбек пәндерін өту арқылы, мектептегі түрлі еңбектерге қатысу және сыныптан тыс еңбектерді атқару, жазғы кездегі еңбек лагерлеріндегі жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады. Еңбек тәрбиесі саласындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оны ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына байланысты екендігіне зейін қойып, оқушының еңбекке деген ынтасын аударуға бағытталған таңдаулы даңқты еңбеккерлермен кездесу, экскурсиялар ұйымдастыру, еңбек акцияларын өткізу, бәсекелестік туғызу, т.б. Мән беру керек.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақатарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері пәндері бойынша оқушылардың білімі байыйды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне қашықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркісіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін к.д.ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

18.Мектептегі еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар берудің мақсат,міндеттері.Баланы еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепте еңбектің қарапайым міндеттері жайлы түсінік қалыптасады. Еңбек адамның психикасы мен адамгершілік түсініктерін қалыптастыратын құрал болып табылады. Еңбек ету оқушылардың табиғи ақыл-ой және дене қызметінің қажеттілігіне айналуы тиіс. Еңбек тәрбиесі оқушылардың политехникалық дайындығымен тығыз байланысты. Политехникалық білім беру техника, технология және өндірісті ұйымдастыру туралы білім қалыптастырады; оқушыларды жалпы еңбекке қажетті білім, дағдылармен қаруландырады; еңбекке шығармашылық қатынас қалыптастырады; келешекке қажетті мамандық таңдауға көмектеседі. Сонымен политехникалық білім беру еңбек тәрбиесінің іргесін қалайды.


Жалпы білім беретін мектепте еңбек тәрбиесінің мынадай міндеттері жүзеге асырылады:
§ еңбек - өмірдегі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіру және еңбек етудің жоғары әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру;
§ білімге танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке шығармашылық қабілеттілік таныту, білімін тәжірибеде қолдана білу;
§ жоғары моральдық сапалар қалыптастыру, еңбексүйгіштік, парыз бен жауапкершілік, алға қойған мақсатты кәсіби біліктілік, адалдықпен орындау;

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет