Құдиярова Жамал
тарих және қоғамтану пәні мұғалімі.
Тараз қаласы № 11 орта мектеп
25.02.2016ж.
Тәрбие мен білім берудегі драманың рөлі.
Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ендеше қоғам мүддесіне лайықты бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, жан-жақты жетілген, азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін біз ұстаздар қауымы және ата-аналар үнемі назарда ұстауымыз керек.
Бүгінгі таңда сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқушыларды білім жағынан және тәрбиелік тұрғысынан жетілдіруге әсері зор. Бұл жұмыстар білімді кеңейтіп, тереңдетіп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын дамытады. Сондай-ақ өз елінің өркениетін, ұлттық тарихын, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра түседі.
Әдебиеттерді оқыту ассоцияциясы президентінің айтуы бойынша оқушылардың білімін бағалайтын халықаралық бағдарлама – PISA 2009 бойынша біздің Қазақстандық оқушылардың білім деңгейі 59-шы орында болса, түрлі әдебиеттерді оқу жағынан 62 орында екен. Бұл көрсеткіштер төменнен санағанда 3 немесе 4-ші орынды көрсетеді.Әрине бұл жағдай бүкіл қазақстандықтарды ойландыруы қажет.
Сондықтан оқушыларды көркем әдебиет, комизм, тарихи шығармаларға деген қызығушылығын арттырудың бір жолы сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру. Соның бірі драмалық үйірме жұмыстары екені даусыз.
Драмалық үйірме оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін жеткізе алуға жетелейді. Мұнда бір жақсысы оқушы еркіндігі басым болады. Оқушы үйірмеге қатыса жүріп драматургияны оның ерекшелігін, тарихта болған ұлы тұлғалардың басынан өткен оқиғаларын, театр өнерін, ұлы әртістердің өмірі мен өнерін толығырақ білетін болады.
Тарих пәні мен әдебиет пәнін байланыстыра отырып жетекшінің бағыт беруімен басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын оқып өздеріне ұнаған бөлімдеріне көрініс дайындап сабақпен ұштастырып отыруға болады.
Осы сияқты тапсырмалардың негізінде оқушылардың бойындағы қабілеттері анықталады. Алған білім негіздерін өмірлік жағдайда тиімді қолдануға драмалық көріністердің пайдасы зор. Олай дейтінім қойылымдарда жақсы мен жаман қатар суреттеледі. Оны көзбен көріп өзі жасайды. Сол арқылы өзіндік қөзқарас қалыптасады, рухани адамгершілік тұрғыдан тәрбие алады.
Осы сөзімнің дәлелі ретінде 2011-2012 оқу жылында қалалық білім бөлімінің бастығы Қожаеваның ұйымдастыруымен болған іріктеу конкурсынан мен жасаған “Абылайхан”, “Алтын адам” қойылымдары үздік деп саналды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты болған іс –шарада “Баласағұн” мәдениет сарайында т.б. үздік деп саналған осы қойылымдар көрермен назарына ұсынылып , газет бетерінде көрініс тапты.
Өзім қызмет жасайтын № 11 орта мектептің сахнасында осы ұлы мерекеге арнап оқушылар мен мұғалімдерді қатыстыра отырып көрініс, қойылымдар дайындап көрерменге ұсындым. Солардың бір қатары:
“Томирис пен Кирдің шайқасы” атты қойылым көгілдір экраннан да көрініс тапты.
“Абылайхан”;
“Махамбет пен Жәңгір ханның айтысы”;
“Мұстафа Шоқай”;
“Желтоқсан жаңғырығы”;
“Алтын адам”;
Осы қойылымдардың бәрінде сонау сақ заманынан бергі әр кезеңдегі тәуелсіздік үшін күрескен ер журек қазақтың ұлы тұлғалары сахнада сомдалды. Әр түрлі кейіпкерлерді сомдаған оқушылар шынайы сезімде болды. Жақсылық пен жамандықты, өз отанын қорғаудың не екенін жүректерімен сезіне білді деп ойлаймын. Киімдерінің, қару-жарақтарының әр кезеңнің өзіне тән болуы көрермен және қонақтардың көңілінен шығып, сценариін жасаушы, қойылымдарды сахнада дайындаушы, киім үлгісін жасаушы ретінде өзім де оқушыларыммен қоса марапатталдым.
Шығармашылық жұмысымның қорытындысы ретінде бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталғандарға қоса мына тақырыптар бойынша сыныптан тыс қойылымдар дайындадым:
“Шахризаданың ғажайыптары”;
“Кеш қалмаңыз” бағдарламасы ізімен “Адам адамға дос, жолдас және бауыр”;
“ Туады ерлер ел үшін” (Ә. Молдағұлова туралы);
“Бауыржан Момышұлына 100 жыл”
Қалалық, облыстық семинарлар үшін сыныптан тыс “ Дебат сабақтары”:
“Ядролық апат зардаптары Хиросима Семей жерінде”
“Ерікті еңбек құқығы”.
“Тәуелсіз Қазақстан 20 жылда не ұтты, неден ұтылды?”
Қалалық, облыстық, республиқалық түрлі жарыстар үшін “Сүлеймен Сұлтан”, “Алдар көсе”, “Томиристің сарбаздарымен қазіргі заманға келуі” фантастикалық жобалар. Жолда жүру ережесіне байланысты түрлі өлеңді сықақ көріністер.
Драмалық үйірме оқушының қарым-қатынастық біліктілігін, рухани - адамгершілік құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді. Себебі сахналық қойылым көрермен назарына ұсынғанға дейін талай баспалдақтан өтеді, өзгелердің пікірін тыңдайды, өзіндік қорытынды шығарады. Ең бастысы сахна құдіретін түсінеді.
Оқушылардың ішкі жан дүниесін байытып, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуларына дағдыландырады.Оқушылардың өздері-ақ түрлі-күлкілі әңгіме, мақалалар жазып, сценарилер, фантастикалар құрастырулары әбден мүмкін. Сонда біздің Қазақстандық оқушылардың тарихи, әдеби шығармалар оқу жағынан әлем оқушыларынан қалыс қалмайтыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |