Тәрбие құндылықтарына арналған



бет7/24
Дата03.05.2024
өлшемі1,07 Mb.
#201713
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
ТЖ 2023-2024 дайын doc

Жастар тәрбиесі (15-18 жас)
Ұсынылады:

  • жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс;

  • ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;

  • ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;

  • отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;

  • адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.



КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.


Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:
ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет