ІІ Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
Сынып сағат тақырыбы: Біздің сүйікті – Елбасы
Мақсаты:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясатының мектеп өміріндегі, бақытты балалық шақ пен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ашу, бастауыш сынып оқушыларына Елбасы жайлы ақпарат бере отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
(1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптарында шығарма конкурсын жариялайды).
Әнұран орындалады.
І Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
ІІ Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар.
Хормен: Құтты болсын,Президент күні!
І Жүргізуші: 1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Біздің сүйікті – Елбасы» атты тәрбие- шығарма сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Қазір біздің сынып оқушылары кішкене мәліметтер айта кеткенді жөн көріп отыр. Соған назар аударайық.
Видео-слайд жүріп тұрады.
Дарын Ракишев:
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
Берікбол Берікбай:
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Дакимова Малика: 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Дильназ Тойшыбекова:
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Бағдатова Аделя:
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.
І Жүргізуші:
Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.
ІІ Жүргізуші:
Тағы да видео -слайдқа назар аударайық.
Әр сынып үздік шығармаларын оқиды.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
(2А,2Ә,2Б,3А,3Ә,3Б сыныптар)
Айнұр Болат:
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
Мейырманқызы Диана:
1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.
Берікбол Елдос:
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.1992ж.
Абишев Бекзат:
4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
Нақыпбек Рауана:
12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. 1993ж.
Ғалымұлы Аян:
1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.
Сейфуллина Нұргүл:
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың
“ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998ж.
4 «Б» сынып оқушыларының биі орындалады.
Боранбаев Ерасыл:
10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.
Абжанов Бексұлтан:
10 қазан Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) қуру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды. 2000ж.
Дильназ: 12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті 2010 ж .
Аделя: Елбасы жолдауы: Қазақстан халқының әлауқатын арттыру.
Астана, Акорда, 27 қаңтар 2011 жыл .
І Жүргізуші: Ән
Ендігі сөз кезегі жас тілшілерге:
Видео- сұхбат.
4 «А» сынып- «Елбасының жастық шағы» атты сұхбатын тындайық!
4 «Ә» сынып – Елбасының білімге арналған қанатты сөздеріне тоқталып,сол ойларын видео арқылы жеткізу.
4 «Б» сынып – Жас бүлдіршіндердің лебізін елге жеткізу.
Ендігі сөз кезегі: Мектебіміздің директоры Гүлден Кенбайқызы Әби сол кісіге сөз беріледі.
І Жүргізуші: Осымен тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |