ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған. Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.
«Жақсыдан бақ қалады»
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»
«Тәрбие ошағы – мектеп»
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
«Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні. (Әндерді тыңдату.)
Ерланбек:
Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.
Асемхан:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Ү.Шын жүректен
- Балалар, сендер білесіңдер биылдан бастап 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрек шарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.
Айтжамал:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
ҮІ. Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |